Телефон доверия
8(7182)545302
Адрес: Нұрсұлтан Назарбаев данғылы,87/1
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
15.00-18.00 сейсенбі, бейсенбі күні
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
"СҮЙІСПЕНШІЛІК - ӨМІР НЕГІЗІ" ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ САБАҚ
12-02-2020 19:32

"Өзін - өзі тану" рухани-адамгершілік білім бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның өмірі мен қызметіне арналған "Сүйіспеншілік өмір негізі" атты жалпы республикалық ашық сабақты Салтанат Жилкайдаровна мен Асемгуль Сагынтайқызы ұйымдастырып, мектепалды А тобымен өткізді.    С.Ж.Жаканова балаларға презентация арқылы Сара Алпысқызы туралы мәлімет беріп, жақсы көру, құрмет тұту ұғымдарының мәніне түсінік берді. Балалар топқа бөлініп, қызыл түстен «Асыл жүректі ана» сөзі  жазылған пазлдардан жүрек құрастырса, сары  түстен «Мейірімі күндей шуақты ана» сөзі жазылған күн сәулесін құрастырды және жасыл түстен «Гүлдей жайнап жүріңіз» атты әдемі гүл құрастырды.Ашық көрсетілім соңында Сара Алпысқызы туралы тақпақтар айтып, ән шырқады. ҰОҚ қатысқан әріптестері мен ата – аналар балаларға ризашылықтарын білдірді.