"Артық білім кітапта, Ерінбей, оқып көруге" - дегендей, қазір барлық жер - жерде "KITAP FEST" іс - шарасын өткізу дәстүрге айналды.
бұл күнді атап өту идеясы 1995 жылы ЮНЕСКО - ның халықаралық конференциясында пайда болды. Бүкіл әлемнің 100 - ден астам елінде осы мереке атап өтіледі.
28 ақпан күні № 1 сәбилер бақшасының ұйымдастыруымен №86 және №111 балабақша бүлдіршіндерін қаттыруымен "KITAP FEST - 2020" іс-шарасы өткзілді. Мереке барысын "Кітап сақтаушы" кейіпкері өткізді.
Шара барысында әр топтың балалары Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына айланысты өлеңдер оқып, Сүйікті ертегілерінің кейіпкерінің бейнесін салды.
"Кітап патшалығы" көрмесі ұйымдастырылды және "Ертегіні құрастырып, атауын тап" тапсырмасы берілді. Іс - шара соңында балалар кітаптармен алмасып, тәтті таратылды және мереке көңілді флешмобқа ұласты.
Расында, кітап - рухани қазына, сарқылмас байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі және оқу - тәрбие құралы. Сондықтан, барлық білім - кітапта! Ктапты жыртпай, шимайламай, күтіп ұстау керек екені жас бүлдіршіндер санасына құйылып, кітапқұмарлыққа, білімпаздыққа бағыт берілді.










