Телефон доверия
61-41-17
Адрес: 140011 Павлодар қаласы, Камзин көшесі, 80/1
61-41-17 - басшы 61-41-16 - вахта 61-41-15 - бухгалтерия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
9.00 13.00 дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі ұйымның жас әдіскер мектебі» ЖОБАСЫ. Тақырыбы: «Мектепке дейінгі баланы кешенді қолдау»
27-04-2023 09:49
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі ұйымның жас әдіскер мектебі» ЖОБАСЫ. Тақырыбы: «Мектепке дейінгі баланы кешенді қолдау»

26 сәуірде «Павлодар қаласының № 111 сәбилер бақшасы»КМҚК базасында   «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі ұйымның жас әдіскер мектебі»  жобасы аясында «Мектепке дейінгі баланы кешенді қолдау»семинары өтті, оның мақсаты: білім беру процесінің сапасын арттыруға ықпал ететін мектепке дейінгі ұйымда қолдауқызметін ұйымдастыру туралы педагогтердің түсініктерін кеңейту, тәрбие мен оқытудың неғұрлым тиімді әдістемелерін, әдістері мен нысандарын практикаға енгізу.

     Семинар Павлодар қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының жас әдіскерлеріне арналған.

Семинар барысында мектеп жасына дейінгі баланы кешенді қолдау туралы мәселесікөтерілді. Балабақша басшысы Н.К.Крухмалева «Білім берудегі қолдау»технологиясы мультидисциплинарлық тәсіл негізінде ерекше ғылыми – практикалық сала ретінде дамып, өзінің әдіснамасы мен ұйымдастырушылық формасын алатынын айтты. Қолдауқызметі Қазақстанның білім беру жүйесінің қажетті және органикалық құрылымына айналуда: қолдау қызметтерінсіз білім берудіңміндеттерін шешу, тұлғаға бағдарланған оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету, балалардың толыққанды дамуына жағдай жасау, олардың психологиялық және соматикалық денсаулығын қамтамасыз ету қиын. Педагогтарға  «Павлодар қаласының № 111 сәбилер бақшасы» КМҚК қолдау қызметі мамандарының түзету-дамыту қызметінің кешенді моделі ұсынылды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қолдау қызметі мамандарының өзара іс – қимыл тәжірибесімен, педагог-психолог И.А. Солоненко, жүзу бойынша нұсқаушысы         В.В. Гумарова,  балабақша логопеді  Ж.Б. Бейсенова бөлісті.