Павлодар қ. 2013 жылғы 15 мамыр
1. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы Павлодар қаласы, Қамзин көшесі 80/1 мекенжайында орналасқан Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының туберкулез жұқтырған балаларға арналған санаторлық үлгідегі №111 сәбилер бақшасы» МҚКК-да бір көз әдісі арқылы ғимаратты күрделі жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алулар жұмыстарын жүргізді.
2. Сатып алуларға арналған бөлінген сомма 24 067710,00 ( жиырма төрт миллион алпыс жеті мың жеті жүз он) теңгені (НДС-ты есепке алғанда жалпы соммасы) құрайды.
3. Осы әдістің дәлелді қолданылуы: 2013 жылғы 14 мамырдағы №14 бұйрық.
4. Мердігердің біліктілік талаптарына сәйкестігі: «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 1 тармағына сәйкес келеді.
5. Осы шарттың бағасы мен шарт жасасатын Мердігердің атауы мен мекенжайы: ПК «Ерболат+Д». Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Майқаин поселкесі.
6. Сарапшыларды тарту, оларға қорытындыларды ұсыну туралы ақпарат: жоқ
7. Бір көз әдісі арқылы осы сатып алулар нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырушының (Тапсырыс берушінің) ШЕШІМІ:
1) Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Майқаин поселкесі ПК «Ерболат+Д» Мердігерінен жұмысты сатып алу;
2) Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының туберкулез жұқтырған балаларға арналған санаторлық үлгідегі №111 сәбилер бақшасы» МҚКК ұйымдастырушысы (Тапсырыс берушісі) 2013 жылғы 24 мамырға дейін ПК «Ерболат+Д» -мен мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасасын және осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің интернет-ресурсына жіберсін.
Павлодар әкімдігі, Павлодар қаласының білім беру
бөлімінің «Павлодар қаласының туберкулез жұқтырған
балаларға арналған санаторлық үлгідегі №111 сәбилер бақшасы»
МҚКК басшысы Н.П.Хитрова
