15 мамыр күні #102 бақшада өзге ұлт балаларымен мемлекеттік тілді меңгеру үшін арналған "Тілтаным" бағдарламасын жүзеге асыру аясында қалалық есеп беру іс-шарасы өткізілді. Іс-шарада "Тілтаным" вариативтік компонентін жүргізетін #15,#19,#102,#93, Smart kid бақшалары қатысты. Іс-шара бағдарламасында балабақша балалары өз білімдерін келесі бөлімдер арқылы көрсете білді:
1) "Ұйқас өлеңдер"
2) "Сөздік ойындар"
3) "Көңілді əуендер"
4) "Ертегі елінде"
#93 с/б, Smart kid с/б ұйқас өлеңдерді айтты,Smart kid "Балабақша", #93 с/б "Дастарқан" əндерін орындады, #102 с/б "Хан мен батыр" ертегісімен, #19 с/б "Мақта қыз бен мысық" жəне "Дос іздеген бота" ертегісімен, #15 с/б "Шалқан" ертегісімен көрермендерді таңқалдырды. Барлық балалар мемлекеттік тілде білімдерін, өз шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорлары мол екенін көрсетті.
Дөңгелек үстелде "Тілтаным" бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын тəрбиешілермен қатар қазақ тілі мұғалімдері де өз жетістіктерімен,жұмыс барысы кезінде туындаған қиындықтармен бөлісіп, келесі мақсаттарды анықтады: өзге ұлт өкілдері педагогтарымен жəне ата-аналармен терең жұмыс жүргізу.
