«Президенттік бастау»
30.11.16. Тақырыптық аясында «Бірінші Президент күніне» арналған спорттық ойын-сауық шаралары өткізілді. «Президенттік бастау» спортық ойын — сауық шарасына барлық педагогтар мен олардың тәрбиеленушілері қатысты. Жүгіру, секіру, ойын көліктерін жүргізу сияқты, өз командаларында балалар ең үздік ойындарын көрсетті. Жарыс барысында ересек балалар балақайларға жақсы көмекші бола білді. Әрқашанда — достық жеңеді! Барлығы мақтау қағаздарымен марапатталды.
