Телефон доверия
8(7182)533200
Адрес: Академик Сәтбаев көшесі, 13
8(7182)533200 - басшы 530759 - әдіскер 653285 - бухгалтер 533092 - медбике
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
09.00-18.00. Түскі үзіліс/Обеденный перерыв -13.00-14.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
"Заң мен тәртіп"
28-05-2026 15:23

«Заң және тәртіп» кешенді жоспарын іске асыру мақсатында балабақшамызда киберқауіпсіздік тақырыбында іс шара өткізілді. Қазіргі заманда балалар ерте жастан гаджеттер мен интернет кеңістігімен таныса бастайды. Сондықтан цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету дағдыларын кішкентай кезден қалыптастыру өте маңызды.

Іс шара барысында ата аналарға цифрлық қауіпсіздіктің маңызды ережелері еске салынды:
- балаларға қауіпсіз әрі сапалы контент таңдау
- гаджеттерді пайдалану уақытын бақылау
- интернеттегі қарым қатынас ережелерін түсіндіру
- ата аналық бақылау функцияларын пайдалану
- бала контент көріп отырған кезде жанында болу

Тек отбасы мен педагогтердің бірлескен жұмысы арқылы балалар үшін цифрлық әлемді қауіпсіз, пайдалы әрі жайлы ете аламыз.