Балабақшада қауіпсіздік мәселелеріне арналған "Абайлаңыз, балалар" апталығы өтті. Педагогтар "Балалардың қауіпсіздігі — жалпы жауапкершілік" тақырыбында педагогикалық сағат өткізді, онда мектепке дейінгі ұйымда болу кезінде тәрбиеленушілердің қауіпсіздігіне қамқорлық жасаудың маңыздылығын талқылады. Апта аясында балалар қауіпсіз мінез-құлық ережелерін жақсы түсінуге көмектесетін рөлдік ойындарға қатысты. Сондай-ақ, балалар педагогтермен бірге жол қозғалысы ережелері тақырыбында мультфильм жасап, оқу процесін қызықты әрі интерактивті етті. Іс-шаралар барысында балалар қауіпті жағдайларды тануды және оларға дұрыс жауап беруді үйренді. "Абайлаңыз, балалар" апталығы балалардың өз қауіпсіздігі мен басқалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті.

