«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ БІЛГІШІ» атты сайыс
Балабақшаның жылдық жұмыс жоспарына сәйкес
тәрбиеші көмекшілердің арасында қазақ тіл біліміне арналған сайыс өткізілді.
Сайыс мазмұнында әр-түрлі бағыттағы тапсырмалар қарастырылды. Жалпы саны алтау болды:
1. «Өзін-өзі таныстыру»- әңгімелеу
2. «Бір күннің ас мәзірі» - жазу, аудару, сурет салу
3. «Бала тілі –бал» - сұхбаттасу
4. «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» - жазу, аудару
5. Блиц-турнир – сұрақтарға жедел жауап беру
6. Үй тапсырмасы- «Шығармашылық көркем өңері» - әндету, қойылым
Ат салысқан алты күтушінің тіл қабілеттерінің деңгейі әр түрлі ( мәселен, үшеуі орыс ұлтты, өзгелері қазақтар) болғандықтан, сайыс тапсырмалары екі деңгейде әзірленді. Осыған қарамастан естияр «Б» күтушісі Елена Владимировна Бородихина қазақ ұлт қызметкерлерден қалмай, жақсы білім көрсете алды: сөздерді айту мен өздігінен баяндау білу қабілеті, орыс тілде ұсынылған ас мәзірін аударуы, баламен сұхбаттасуы, әндетуі көрермендер мен қазылар алқа мүшелердің көңілінен шықты.
Сайыс нәтижесі:
1 орын Бородихина Елена Владимировна (ересек «Б»)
Әділжанова Алмагүл (даярлық «А»)
2 орын Дудник Раиса Владимировна (естиярлар «Б»)
Ахметова Гауһар Қайролла қызы (2 сәбилер «А)
3 орын Забелина Наталья Федоровна ( 1 сәбилер )
Сарсембекова Жамал Теміртас қызы ( даярлық «