День языков народа Казахстана
1998 жылдың 20 қаңтарынан Қазақстан Республикасының президенті жарлығымен туған тілге, өз еліне деген махаббат пен құрметті дамытуда және әр түрлі ұлттардың тілдерін, салт-дәстүрлерін білуді кеңейту мақсатымен елімізде Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі қабылданды.Мереке қыркүйектің үшінші жексенбісінде тойланады. Қазақстан халықтарының тілдері мерекесін тойлау аясында біздің бақшамызда барлық жас аралық топтарда ойын-сауық өтті. Балалар ән айтты, украин, қазақ билерін билеп, 3 тілде тақпақтар оқыды. Ересек «А» тобында «Тіл – халықтың жаны» мерекелік іс шарасы өтті. Ата-аналар балаларымен бірге Қазақстанда тұратын әр түрлі халықтардың костюмдерін, тағамдарын, салт-дәстүрлерін таныстырды.