Табиғат бұрышындағы еңбек
Логопед тобының тәрбиеленушілері тәрбиешілер Т. К. Алпыспаева, Т. В. Константинованың басшылығымен табиғат бұрышында 4-14 ақпан аралығында тәжірибелік-эксперименталды қызметпен айналысып, пияз өсірді. Отырғызар алдында пиязды мұқият қарап, оның қандай бөліктерінен тұратыны, түптердіңне үшін қажет екендігі туралы әңгімелесті. Содан кейін отырғызуға кірісті. Балалар өте ынталы жұмыс істеді. Екі апта бойы балалар пияздыбаптап, суарып, алғашқы қауырсындарды қалай беретіндігін байқады. Балалар өздерінің атқарған жұмыстарына таңқалып, өте қуанды.