Менің Отаным - Қазақстан!
Бүгін біздің балабақшамызда "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні" мерекесі аталып өтті. Аталмыш мерекеге балабақшаның барлық топтарының балалары қатысты. Іс-шара салтанатты түрде, патриоттық сезімде өтті. Мерекеге қатысушылар Республикамыздың Әнұранын орындап, Отан туралы өлеңдер оқып, ән салып, би биледі.
