"День языков" 22.09.16
№85 Сәбилер балабақшасында 22-қыркүйек «Тілдер күні» аттты үш тілде ертеңгілік ұйымдастырылды. Мерекелік шараны өткізу арқылы балаларды отансүйгіштікке баули отырып, үш тілді меңгерудің маңыздылығы түсіндірілді. Топ балалары арасында түрлі ұлттық ойындарды ұйымдастыру арқылы олардың бойына рухани ұлтжандылықты қалыптастыру көзделді. Үш тілде өлең шумақтары айтылып мерекелік шара жоғары деңгейде өтті. Бұл іс шараны өткізуде қазақ тілі мен ағылшын тілі мұғалімдері өз белсенділіктерін көрсетті. 















