Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлайды: "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысының жобасы (ПИ-29923) 2019 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданды.
Жоғарыда көрсетілген жоба шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету "Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап алынып тасталады. Тиісінше осы өзгерістер күшіне енгеннен кейін азаматтардың тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы талап етуге болмайды