№ 10 сәбилер бақшасы
Бақытты балалар мекені
2016 жылдың 9 желтоқсан күні оқушылар сарайында Облыстық форумда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Болашағымыз - бірлікте»атты іс-шарада ұзақ жылдар бойы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ішінен үздік көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін «Бақытты балалар мекені»дипломға ие болдық.
Павлодар қаласы, Ткачев көшесі 15/1 Усолка мөлтек ауданында орналасқан. Жобалық қуаты -330 орын. 2007 жылдың қараша айының 19 күні ашылды.
Мерекелік лентаны Павлодар қаласының әкімі – Бәкір Саматұлы Демеуов және қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы – Клавдия Шаймарданқызы Арынғазина кесті.
Біздің балабақшамыздың жағдайымен танысу үшін 2007 жылы
Елбасы Н ұ р с ұ л т а н Ә б і ш ұ л ы Н а з а р б а е в
балабақшада ресми сапармен қонақта болды.
2010 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қызметтік сапармен келіп балабақшамыздың жағдайымен танысты.
2009-2010 оқу жылында сәуір айында Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің білім беру басқармасы бастығының орынбасары Сафронов Г.Н. және Благовещенко ауданындағы қазақ мектебінің директоры Малсымбаев С.Ш. қонақта болды.
Балалардың тәрбиеленіп дұрыс дамуына барлық жағдайлар қарастырылған.
Балабақшамызда 14 топ жұмыс жасау барысында, әртүрлі кабинеттеріміз де бар.
Олар: ән-күй залы, спорттық зал, хореграфия залы , интербелсенді тақтасы бар компьютерлік кабинет, өзін-өзі тану, логопед кабинеті, ағылшын тілі кабинеті, психолог кабинеті, бейнелеу кабинеті, бассейн, құрғақ бассейн сонымен қоса мұражайымыз да бар.
Балалардың тәрбиеленіп дұрыс дамуына барлық жағдайлар қарастырылған.
№10 сәбилер балабақшасының негізгі жағдайы – балалардың интеллектуалдық логикалық дамуын қамтамасыздандыру болып табылады. Оқыту–тәрбиелеу үрдісін жетілдіру, оның тиімділігі мен сапасын жоғарлату үшін, сәбилер балабақшасында денсаулық сақтау қеңістігі құрылды.Мақсаты: Баланың тұлғалық дамуы мен оның құзіреттілігін дамытуға көмекші болу.
Дамыту кеңістігі төменде көрсетілген компоненттерді қамтиды: балалардың дене бітімдерін, танымдық тілді, эстетикалық көркемдікті, әлеуметтік – жеке тұлғаны дамыту.
Балабақшада балалар ағылшын тілімен танысып тілдерін жаңғыртады, компьютер арқылы әртүрлі бағдарламаларды игеріп логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіреді, бейнелеу өнері, ән-күй және хореография сабақтары арқылы шығармашылық деңгейлерін көтереді. Балалардың дамуына қосымша үйірмелер жұмыс жасауды. Олар: көркем гимнастика, би, «Жас домбырашылар», «Тоғыз құмалақ», «Сиқырлы қылқалам».
