Сенім телефоны
(87182)676300
Мекенжайы: Ак. Сатпаев көшесі, 241 (87182)676300
(87182)676298
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 9.00 - 18.00 дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Еңбектеуге, өрмелеуге арналған ойындар
«Балапандар». Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әрбір топта – отырған тауық және оның балапандары бар. Таңдап алынған үш лашын құстар балапандарға алақандармен тигізуі қажет, содан кейін ойыннан қуып шығылады. Отырған тауық өз балапандарын қорғайды. Шабуыл кезінде балапандарын қорғаған тауықтың қолы лашынға тисе, ой ойыннан шығып қалады. «Киік». Балалар қолдарынан ұстап, шеңберге тұрады. Жүргізуші балалардың арасымен келіп, былай дейді: Желаяқ киік шабады, Жолменен киік шабады. Бір, екі, үш, төрт, бес, Оны қалай ұстаймыз? Оны қалай ұстаймыз? Дөңгелекті жауып, қолдарын жібереді. Егер «киік» ұсталса, ойыншылар ауысады. «Мысық пен тышқан». Барлық балалар айнала шеңберге тұрып, «тышқан» мен «мысық» таңдайды. «Тышқандар» «мысықтан» қашады, дөңгелек ішінде жүругеде болады. «Мысықты» балалар дөңгелек ішіне жібермейді. «Тасбақа». Ойыншылар залда еден үстінде тасбақа болып жорғалайды. Тәрбиешінің дабылы бойынша қолдарын, аяқтарын ішінің астына жасырады. «Кесіртке». Ойыншылар кесірткенің қалпын жасайды. Екі жіптің ортасымен, қолдарымен тіреп жорғалайды. «Жыландар». Балалар сәл ілгері еңкейіп, бір - бірінен ұстап тұрады. Берілген дабыл бойынша кедергілердің үстімен өрмелейді. Барынша «тізбекті» үзбеуге тырысады. «Айгөлек». Ойыншылар екі командаға бөлінеді, бір - біріне қарама - қарсы 20 - 30 қадам жерде қолдарынан ұстап тұрады. Бірінші команда ойынды бастайды: Айгөлек, Айгөлек Айдың беті аппақ қардай дөңгелек. Таудан биік, көлден жүйрік, Бастаймыз біз, жүгірмек. Кәне, бізге кім керек? Келесі команда бұл сұраққа қажетті адамның атын атайды. Жүгірген ойыншы екінші команданың тізбегін ашуы қажет. Егер ашқан жағдайда, онда өзіне қажет адамды таңдайды, егер аша алмаса онда сол қалыпта қалады. «Темірбай». Ойыншылар ортаға Темірбайды алып шеңбер жасайды да, былай дейді: Бес күн Темірбайда Қызықты, тату ойнаймыз, Өзенге барып шомылып, Тентек болып шылпылдап, Әдемі болып сәндендік. Тамақ және су ішпей Кешке орманда жүгірдік. Бір - бірімізге қарадықта, Осылай жасадық. Соңғы сөздерінен кейін жүргізуші қимылдар жасайды. Барлығы соны қайталайды. Одан әрі басқа жүргізуші тағайындайды. «Құрылысшылар». Залда текшелер шашылып жатыр. Тәрбиешінің дабылы бойынша ойыншылар жылдамдыққа үй тұрғызады.