Көзге арналған жаттығулар
Көзді түйістіру. Көзден 15 – 20 см ара қашықтықта тұрған затқа 20 – 30 сек. көз тоқтатып қарау. Одан кейін көзден 1,5 – 2 м ара қашықтықтағы затқа көз аудару. Саусақ қимылдарын бақылау.Сұқ саусақтың қимылдарын бақылау: жоғары, төмен, биік, аласа. Мұрынның ұшына саусақты тигізу. Қолды созып, сұқ саусақты шошайтып, қалған саусақтарды жұму. Шынтақтан қолды иіп, саусақты мұрынға тигізу. Көзді сұқ саусаққа тоқтату. Дөңгелектен көзді алмастан қарау. Стандартты жазуға арналған қағазға диаметрі 2 см дөңгелек сызып, оны үш түстің біреуімен бояу қажет: қара, көк, жасыл. Хатка – йога бойынша «ыңғайлы қалыпта» боялған дөңгелек 1,2 - 1,5 м қашықтықта болатындай жерде отырады. Салынған дөңгелекке көз алмай, жыпылықтатпай, көзге көп салмақ түсірмей қарау. Алғашқы тратака уақыты 10 секундтай, одан кейін уақытты 1 минутқа дейін жеткіземіз. Қозғалыстағы заттарға көзді түйістіру. Хатка – йога бойынша «ыңғайлы қалыпта» отыру. Оң қолымен тізесіне қойып, сұқ саусағын шошайтып, қалған саусақтарын жұмады. Қолымен айналдыра қимыл жасап, көзін алмастан сұқ саусақты бақылау. Жаттығу кезінде басын қозғамайды, тек көзімен бақылап отырады. Заттың құбылуын бақылау. Хатка - йога бойынша «ыңғайлы қалыпта» отыру. Көзді алмастан 20 – 25 секундтай жанып тұрған май шамның жалынына қарау; май шам 1 - 1,5 м ара қашықтықта тұрады. Көзбен шеңбер жасау. Көзбен 6 - 8 рет екі жаққа айналдыра айналдыра қимылдар жасау. Көзді жұму.3 – 5 секундке көзді тас жұмып одан кейін 3 - 5 секундке ашу (8 рет) қайталау. Бір нүктеге көзді түйістіру. Қолымен көзді жауып, сосын ашыпқабырғадағы бір нүктеге көзді тоқтату ( 1,5 - 2 м ара қашықтықта). Көзді жыпылықтату.Көзімен тез - тез жыпылықтату (10 - 15 секунд). Сегіздік. Көзімен сегіздікті қарап шығу. Кірпікке массаж. Көзді жұмып 1 минут аралығында айналдыра қимылдар жасап кірпікке массаж жасау. Көз қысу. Кезектестіріп көз қысу (8 - 9 рет). Қозғалыстағы заттарды бақылау. 2 - 2,5 м қашықтықтағы заттың қозғалысын бақылау. Көзді айналдыру. Көзді қолмен кезектестіріп жауып, айналдыра қимылдар жасау. Дәл осылай екінші көзбен қайталау керек. Дөңгелек заттың ішіне қарау. d=5 см.дөңгелектен оң және сол көзбен кезектестіріп қарау.
