Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: Ак. Сатпаев көшесі, 241 (87182)676300
(87182)676298
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 9.00 - 18.00 дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Инновациалық іс-әрекет

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда инновациалық технологияларды жеке тәжірибеден толықтырып тиімді қолдану»

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас   
ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың   
тағдыры ұстаздардың қолында» 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар бабалардың игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайларында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, айбат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады » -деген еді.

Біздің ұжым үшін заманауи мектепке дейінгі ұйым - бұл дамуға бағыт алған, жаңа педагогикалық тәсілдерді  іздеген, баланың тұлғалық дамуына бағытталған, ой-өрісі жаңашыл, жанұя мен қоғамның сұраныстарын қанағаттандыруда заманауи талаптарға бағдар алған білім ошағы.

2014-2016 оқу жылдарында Павлодар қаласының №6 сәбилер бақшасының  үш тобы жаңа мектепке дейінгі бағдарламаны аппробациалау Республикалық экспериментке қатысуда.

Үш топта алты педагог қызмет атқаруда. Эксперементалды топ педагогтары 100 % жоғары біліммен, сапалық көрсеткіші бойынша бірінші санатты - 83%, екінші санатты-17% құрайды. Атап өтетін жағдай эксперимент барысында екі педагог біліктілігін мерзімнен тыс бірінші санатқа қорғады.

 Қазіргі кезеңде Павлодар қаласының №6 сәбилер бақшасында оқыту үдерісін ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда, яғни оқыту және тәрбиелеу мақсатының, мазмұнының, әдістерінің, формалары мен құралдарының біртұтас және жүйелілік өзгеруін көздеп жұмыс атқаруда. Осындай мазмұнды әдістемелік жаңартудың негізінде дәстүрлі «үйретуші» балабақшасының орнына шығармашылық пен жасампаздыққа негізделген жаңа мектепке дейінгі мекеме модельі өмірге енгізуге ат салысуда.

Сондықтан да, педагогикалық ұжым балалардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен санасезімін, алғыр тұлғаны қалыптастыруда  ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде инновациялық технологияларды қолдануда.

Жаңа бағдарлама негізінде жұмыс жасау үшін экспериментке қатысушы педагогтар өз құзіреттілігін көтеру жұмыстарын жүргізді, соның ішінде:

1. Тәрбиешілерді жаңа технологиялармен дәстүрден тыс жұмыс түрлерімен таныстыру барысында «Педагогикалық шеберхана» отырыстары өтті: «И.Н. Мурашковска әдістемесі арқылы балалардың тілдерін дамыту», «Дьенеш блоктары арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту». 2014-2015 оқу жылында эксперементалды топ педагогтарының «Педагогикалық шеберханада» белсенділігі 66% құраса,2015-2016 оқу жылында бұл көрсеткіш 100 %-ға дейін өсті.

2.Өз тәжірибесін тарату мақсатымен педагогтар мастер-класс қала, облыс педагогтар қауымына өткізді. Облыстық мастер –класс: «Модульдік оқыту технологиясы арқылы балалардың тілдік құзіреттілігін дамыту»; «Дьенеш блоктарын қолдану»; Павлодар облысы бойынша біліктілікті арттыру «Өрлеу» ұлттық орталығының  тыңдаушыларына әр-түрлі  ашық сабақ көрсетілді. 2014-2015 оқу жылында эксперементалды топ педагогтарының  ашық сабақтары 21% құраса, 2015-2016 оқу жылында бұл көрсеткіш 79%-ға дейін өсті.

Сонымен қатар ата-аналарға екі оқу жылы ішінде 4- «Ашық есік күні», өткізілді.

3. Зерттеу мектебінің жұмыс барысында:«Мектепке дейінгі балалардың денсаулығын Н.Н.Ефименко әдістемесі арқылы дамыту», соның ішінде «Н.Н. Ефименкоконың әдістемесі»; «Пластикалық балет»; «Ояну гимнастикасы»; «Дене шынықтыру сабақтарында модульдік құралдарды қолдану»; және  «Де Бононың алты ойшыл қалпағы» атты екі семинар өтті.Бірінші эксперимент жылында эксперементалды топ педагогтарының зерттеу мектебінің жұмысына қатысуы  25% құраса, екінші эксперимент жылында бұл көрсеткіш 75 %-ға дейін өсті.

4. Тәрбиешілердің белсенділігін және ынта ықыластарын арттырып, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасау мақсатында шығармашылық топпен бірлесе экспериментке қатысушы педагогтар «Модульдік оқыту технологиясы арқылы балалардың тілдік құзіріеттілігін дамыту» семинар өткізді. Бұл семинарда тірек сызба, тірек суреттер, Пропп карталарын, графикалық сұлба, пиктограммаларды қолдану әдіс- тәсілдері көрсеті. Бұл жұмыстар тәрбиешілердің шығармашылық әлеуетінің дамуына, жаңашыл педагогты табуға көмектесті.

Мектепке дейінгі  кезеңде ойын жетекші іс-әрекет болып табылады. Ойын балалардың ой-өрісін, танымдық іс-әрекетін кеңейтіп, практикалық іс-әрекетте қажет белгілі бір қабілеттер мен дағдыларды қалыптастырады. Эксперименнттің бірінші жылында балалардың назарлары, есте сақтауы, сөйлеуі, ойлауы, көз алдына елестетуі ауытқымалы болса, инновациялық технологияларды қолдану барысында балалардың қиялы, шығармашылық идеялары, заңдылықтарды орнату, оңтайлы шешімді табу қабілеттері дамығаны байқалды. Соныменқатар балалардың мінез-құлықтары, эстетикалық және дүниетанымдық позициялары қалыптастырылып, қоғам нормалары мен құндылықтарына үйреніп ортаның жағдайларына бейімделеді. Бұл эксперименталды топ балаларымен жүргізілген мониторингпен  анықталды.

Білім мазмұнын қалыптастырудың  жаңа жолдарын іздестіру  нәтижесінде балаларды мектепке даярлауды оңтайландыруға әкелетін оқыту мазмұны мен әдістерінің үйлесімділігін қарастырып, оқытудың тиімділігін күшейтүге мақсат пен бағдар ала, педагогикалық ұжым мына ойын технологияларын өз тәжірибесінен ұсынады.Сонымен, сіздерді педагогикалық соқпаққа шақырамыз!

Бүрме театры.Бұл әдіс білім беру жүйесінің ортасына бала тұлғасын қояды.Демек бала бірде әртіс, бірде режисер, бірде автор.

 Бұл әдіс баланың даму жағдайына жайлы,  және де бүлдіршіннің табиғи шығармашыл қасиетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, баланың жан-жақты, еркін және шығармашылықпен дамуын мақсат еттетін әдіс. Бір ертегіні мазмұндауда балаға бірнеше рөлде болуға мүмкіншілік береді. Және ертегі кейіпкерлері мен заттардың дыбыстарын, әуендерін, шуларын және олардың сөздерін дыбыстайды. Көрініс «Төлдер айтысы».

Және бұрмені бірнеше ертегі, әңгімелерге қолдануға болады.

Ал, егерде бір көз артық қалған кезде ертегісіне тағыда кейіпкерлерді еңгізіліп, ертегіні өзгертіп балалардың қиял мен шығармашылығын дамытуға мүмкіншілік береді. Және бір тор көзі бірде басында, бірде бұрменің соңында, бірде ортасында қалуға мүмкін. Сонда, бала өз шығармашылығын салып тұпнұсқаны өзгерте алады.

Театрдің бір түрі «Мәсі театры» Бұл әдістің ерекшелігі тілдік-коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуға және оларды үш тілге – қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне үйретуге мүмкіндіктер жасайды. Бала кейіпкерлердің әрекетін аяқ қимылымен көрсетсе, құбылыстарын қолымен суреттер арқылы көрсетеді, қарым-қатынас жасауға үйренеді және балалардың шығармашылық пен интеллектуалдық дамуына әсер етеді. Көрініс «Мақта қыз бен мысық».

Осы екі әдісті біріктіріп жаңа ертегі шығаруға болады.Мысалы, екі ертегіні «Төлдер айтысы», «Мақта қыз бен мысық» ұштастырған көрініс.Көрініс.

«Домбра театры»балалар ертегіні, әнгімені мазмұндау барысында кейіпкердің көңіл-күйін домбыраның үнімен білдіреді. Талдау барысында жағымды жағымсыз кейіпкерлерді, әрекеттерді домбыраның ұны білдіргенін балалар анықтайды. Және ол туралы балалар сахналау алдында келіседі.Балаларды ұлттық мәдени шеңберінде тәрбиелеу мен оқытуда әлеуметтік-психологиялық маңыздылығы бар әдіс. Көрініс «Қарлығаш пен дәуіт».

Дамытушы ойын «Қамшы»  Бұл әдіс коммуникативтік оқыту қарым- қатынас жағдайларын құруға мүмкіндік береді. Бірінші нұсқасы қамшы бір баладан келесі балаға жылжып отырады, сол арқылы балалар ертегі немесе әнгімені мазмұндайды.Көрініс «Шалқан».

Екінші нұсқасы алты қамшы\кейіпкер санына байланысты қамшы саны болады\ алты  баланың қолында әр-бір бала ертегіні немесе әнгімені  қолына қамшы ұстап отырып қамшының қайысын сипай мазмұндайды.

«Ұршық театры» Кіші топ педагогтардың негізгі міндеті: балалардың жасына сай әдіс -тәсілдерді қолайлы таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау болып табылады. Осы мақсатқа жетүде «Ұршық театры » педагогтармен ұйымдастырылған. Ұршықты иіре ертегені айтып, кейіпкер ауысқанда  ұршық келесі адамға көшеді. Ал кейіпкердің белгісі сақина айтып болған баланың қолында қалада. Бұл бір нұсқасы.

Екінші нұсқа. Өлең, тақпақ жаттағанда. Әрбір өлең  жолы бір белгіге дейін иіріп айтылады.Сонда, бұл ойынмен кішкентай балалардың қол моторикасы да дамиды, ұршықты ермек қылып баланы жаттауға қызықтыру және мұқият болуға, зейін сақтауға үйрету болып табылады.

Үшінші ңұсқа. Алты ұршық- алты түсте. Балаларды тұсті ажыратуға үйретіп, тапсырманы курделендіруге болады. Мысалы, жұмбақтың жауабының түсі қай үршікке сәйкес сол үршіктің иесі жуап береді.

Төртінші нұсқа. Кішкентай балалармен сөз ұйқасымен сөзді қазақ тілінде айтқызып, содан кейін жауабын дұрыс айқанан кейін, сөздің аудармасын орыс, ағылшын тілінде айту. Мысалы, тәрбиеші «ла-ла-ла», балалар «мынау бала» -деп, сонан кейін бала –ребенок-children.- деп жауап береді.

Баланың қолының дамуы оның тілі мен ойының дамуымен тығыз байланыста тұр. Ғалымдар, бала миының, психикасының әрекетін зерттеп, қол функцияларының үлкен стимуляциялық маңызын анықтады. Балалардың тіл дамыту деңгейі қол саусақтарының жіңішке қимылдарының қалыптасу дәрежесінен тура тәуелділікте тұрғаны дәлелденді. Егер саусақтардың қимылдарының дамуы артта қалса, онда тіл дамуы да  қалып қояды. Сондықтан балабақша педагогтары өз тәжірибесінен таратқан дамытушы ойындар мен әдістерінде қол моторикасын, сенсориканы дамытуды барлық жұмыстармен ұштастыруда. Осы сөзді дәлелдейтін бесінші нұсқа . Көрініс «Бауырсақ».

Асық театры. Қазақтың сөзі бар «асығың оңынан болсын» деген. Лақтырған асықтың қыры сәтті, сәттсіз түскені болады. Осы жағдайды қолдана, ертегі әлде әнгімелерді мазмұндауға ынғайлы. Егер кейіпкер жағымды болса онда сәтті түскен асықтың карточкасымен белгіленеді, ал егерде кейіпкер немесе жағдай сәтсіз болса онда сәтсіз түскен асықтың карточкасымен белгіленеді . Мысалы «Ертостік» ертегісін асықтар белгілеп мазмұндауға болады. Слайд.

Дидактикалық дамытушы ойын «Оюлар үні».Бұл ойында төрт сандықта төрт ою түрлері бөлінген. Қазақтың әрбір ойюы бір мағына білдіреді, осы мағлуматты негізге ала еретегі немесе әңгіме мазмұндап тіпті тақпақ жаттауға да болады. Мысалы: ертегі «Қарлығаш пен дәуіт» , өлең Мұқағали Мақатаев «Отан». Слайд.

Секіртпе театры.Кейіпкелерді балалар секіртіп жылжытып, секіртпе құыршақтардың қимыл келтіріп сөздерін айтады. Бұл әдістің жеңіл нұсқауыда болуы мүмкін. Мысалы конус пішінде матадан тілген денелер болса. Әртүрлі шығармалардың кейіпкерлерінің бас бейнелері ауыстырылып отырады. Мысалы«Алдар Косемен Шығайбай» ертегісін осы әдіспен қойылған «Алдар Көсе мен бай». Слайд.

Тірек суретпен ұштастырған фетрдағы бейне.Бұл әдісте де саусақтардың ұсақ моторикасын дамытуға көп көңіл бөлеміз. Себебі баланың физикалық және жүйке-психикалық жағымды дамуының көрсеткіштерінің бірі қол іскерліктері болып саналады. Бұл ойында бірнеше білім салаларын кіріктіріп міндеттерін бір мезгілде шешуге болады.Интегралды, біріккен әдіс. В.А.Сухомлинский былай деген: «Балалардың шығармашылық қабілеттерінің және дарынының бастауы – олардың саусақтарының ұшында. Саусақтан, бейнелі түрде айтқанда жіңішке бұлақтар шығып, шығармашылық ойлар бұлағын қоректендіреді. Бала қолының қозғалысында батылдық пен өнертапқыштық неғұрлым көп болса, соғұрлым еңбек құралымен қарым-қатынас жіңішке болып, осы қарым-қатынасқа қажетті қозғалыстар неғұрлым күрделі болса, бала қолының табиғатпен, қоғамдық еңбекпен, баланың рухани өмірімен қарым-қатынасы соғұрлым тереңдей түседі.» Көрініс. «Көктем сәні»

Осы «Көктем сәні» ертегісін «Диірмен тарту» дидактикалық ойынмен қоюға болады. Кейіпкерлер пластикалық бутылкалар істелінген. Диірмен айналып тұрады диірмен үстінде садақ. Садақ қай кейіпкерге көрсетсе сөл кейіпкердің сөйле кезегі келгені. Көрініс. «Көктем сәні»

«Штурвал». дидактикалық ойын.  Бұл ойын мнемотехника технологиясына негізделген. Балаларды жалықтырмау мақсатымен бүлдіршіндерді әр-түрлі әдіспен үйретүге, ойын арқылы қайталау.Ойын тілді дамытуға, тілдерді үйретуге, қоршаған ортамен таныстыруға көмектеседі. Балалардың белсенді танымдық іс-әрекеттеріне сүйене отырып, ойын балаларға сөздік пен үйренетін тілдің құрылымына белсенді араласу мүмкіндігін ұсынады, балалардың ақпараттық тәжірибелері мен білімдерін жинақтауға жағдай жасайды. Ойыншыға затты немесе әріпті табуды ұсынады, жауабы дұрыс болмаған жағдайда щтурвал кері жүреді,ойыншыға тыңдап отырған балалалар көмектеседі, дұрыс орындаған жағдайда штурвал алға жүріп ойыншыға жаңа тапсырма береді. Көрініс. «Бауырсақ»

 Осындай педагог өз тәжірибесін таратуға және өздігінен жаңашыл әдіс-тәсілдерді ұсынуға, мына кезеңдер себеп болды:

1. Аналитикалық, яғни дайындық кезені;2. Болжамдық және практикалық зерделеу – негізгі кезен;3. Тәжірибе барысында ұтымды пайдалануға ұсыныстар- қорытындылау кезені.

 Бірінші кезенде: бұл кезеңде, тәрбиешілердің жаңа технологиялар бойынша білімдерін зерттеу, мәселе туындау себептерін табу және бағыттарды анықтау, балалардың тұлғалық даму аспектілерін анықтау, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруына кедергі ететін қиындық туғызатын мәселені зерттеу болды. Осы бірінші кезенде  педагогтарға қиындық тұдырған уақыттын тапшылығы болды. Ал жағымды жағдайлардың бірі  «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы дайындаған әдістемелік құралдарын көмегі.

 Екінші кезенде әдістемелік іс-әрекетті ұйымдастыру жұмысын жоспарлау және ұжым алдына қойылған міндеттерді шешуге сонымен қатар бағытталған мақсаттарды жүзеге асыруға айқындалды.Жұмыс барысында келесі принциптер қарастырылды:1. Ғылымилығы / жоспардың нақтылығы мен шынайылығы 2.  Мақсатқа бағыттылығы.Мақсат,міндетінің жүзеге асу бағыты 3.Перспективалық /болашақ мақсат, міндет қойылымы 4.Мектепке дейінгі мекеме мен педагогикалық ұжымының  өзіндік ерекшеліктерін алу, тәрбиешілердің тікелей кәсіби деңгейін арттыруына бағытталған жұмыстар; кәсіптік өсу жолдары;. 

Үшінші кезенде - ол өткізілген шараларға талдау жасап, оңтайлы жағдайларын ашу, тәжірибе жалпылау,тәжірибеге ендіру. Бұл кезендегі балаларға жағымды жағымсыз жағдайларға тоқталсақ. Жағымды жағдайлардың бірі - ол балалар ойнай жүріп білім алғаны. Ал, қиындықтың бірі бастапқысында балалардың  шығармашылықты таныта білмегені, театралданған іс-әрекетте өздеріне рөл ала алмағаны, ролмен бөлісе алмағаны, қойылымдарды басқара алмағаны болды.

 Екі  эксперимент жыл нәтижесі төмендегідей болды:

1.Инновациялық технологилар кенңінен қолданылып, білім беру үдерісі іскерлікпен балабақша  тәжірибиесінен жаңа әдіс-тәсілдермен оңтайланды.Осыған төмендегі мәлімет дәлел. 2014-2015 оқу жылында эксперементалды топ педагогтарының тарабынан тұындаған жаңа ойындармен тәсілдер 38% құраса, 2015-2016 оқу жылында бұл көрсеткіш 62 %-ға дейін өсті.

2.Педагогикалық технологиярды қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасалып балабақша  әртүрлі конкурстарға қатысып жүлдегерлі болды. 2014-2015 оқу жылындаәр-түрлі сайыстарда қалалық пен облыстық 6, республикалық пен халықаралық 18 жүлделі болса, 2015-2016 оқу жылықалалық пен облыстық-2, республикалық  пен халықаралықта 33 жүлделі болды.Сапалық өсуі 35%-дан 65%-ға өсті.

3. Педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелеуде Павлодар қаласының №6 сәбилер бақшасының 7 педагогы тәжірибелерін жалпылады, оның ішінде эсперимнетке қатысушы 4 педагог. Бұл  жалпы балабақша педагогтар санынан 57%-ды құрайды.

4.Эксперименттік топ  балаларының білім көрсеткіштері бақылау топ балаларының білім көрсеткіштерімен салыстырығанда 15-20%-ға дейн биік. Білім пайыздарының өсуіне бірнеше себеп болды: а) оқу іс-әрекетінде педагогтардың жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану барысында балалар білімді қызығұшылықпен игеріп тиімді қолдана алатындығы; б) білім беру салаларының кіріктілуі негізінде тақарыпты қайталаумен мен бекітуге уақыттын көбеюі; в) жаңа бағдарламаның қолайлығы.

Жалпы  біздің балабақша тәрбиешілері, педагогтары үшін Республикалық эксперимент игі әсерін тигізді - жаңа технологиярды меңгеру барысында тәрбиешілер, педагогтар интеллектуалдық, кәсіптік, рухани, адамгершілік жағынан  өзі-өзін дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға бейімделіп, педагогикалық жұмыс мәртебесі көтеріліп инновация жолымен жұмыс атқаруға беймделді. Сонымен қатар педагогтардың инновациялық әдістемелік қызметке қарай өрлеуі мен педагогикалық шығармашылық еңбекке мотивацияланды.