Телефон доверия
8(7182)64-27-51 87051403594
Адрес: Айманов көш. 22
87182-64-27-51 87182-64-27-52
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Ата-аналар сіздер үшін

 

Мектепке дейінгі балалар тілінің даму ерекшеліктері.

Бала тілі ересек адамдардың сөйлеуі әсерінен қалыптасады және үлкен дәрежеде бала өмірінің алғашқы күнінен бастап сөйлеу тәжірибесінің жеткілікті болуына, қоршағандардың қалыпты сөйлеуіне және тәрбиелеу мен оқытуға тәуелді.

Сөйлеу туа пайда болған қабілет болып табылмайды, ол онтогенез үрдісінде баланың физикалық және ақыл-ой дамуымен қатар дамиды және оның жалпы дамуының көрсеткіші қызметін атқарады. Баламен ана тілін меңгеруі қатал заңдылықтармен өтеді және барлық балаларға жалпы бірқатар белгілермен сипатталады. Сөйлеу тілі патологиясын түсіну үшін қалыпты балаларда сөйлеу тілі дамуының барлық реттік жолын нақты елестету керек, осы үрдістің заңдылықтарын және шарттарын білу қажет, осыдан оның жақсы дамуы тәуелді.

Бұдан басқа, осы үрдісте бұл немесе басқа ауытқушылықтарды уақытында байқау үшін бала тілі дамуының әр кезеңін нақты елестету керек. Мысалы, 1 жыл 4 айдағы бала әлі сөйлемейді. Бұл қалыпты жағдай ма, жоқ па екенін шешу үшін педагог қалыпты дамыған кезде бірінші сөздер қай уақытта пайда болу керек екенін білу қажет.

Балалардың сөйлеу тілі дамуының заңдылықтарын білу сөйлеу тілі бұзылыстарын дұрыс тексеру үшін қажет. Осылайша, кейбір мамандар 3 жастағы балаларды дыбыстарды айту кезіндегі ауытқушылықтарды жою үшін логопедке жібереді. Ол дұрыс па? Жоқ. Өйткені сөйлеу тілінің қалыпты дамуында да осы жастағы балаларға кейбір дыбыстарды дұрыс емес айтуы тиісті болады. Физиологиялық тіл мүкістігі деп аталатын бұл көрініс толығымен заңға сыйымды және артикуляциялық аппараттың әлі толығымен қалыптаспауымен шартталады.

Онтогенез үрдісінде балалардың сөйлеу тілі дамуының заңдарын білу сөйлеу патологиясын алдын-алу бойынша барлық түзете-тәрбиелеу жұмысты дұрыс құру үшін қажет. Мысалы, сөйлемейтін балаларды (алалиясы бар балалар) оқыту кезінде осыны білу жөн: ең алдымен әр бір балада сөйлеуді түсінуі дамиды, содан кейін ғана ол белсенді сөйлеуді меңгереді. Осыдан, егер мұндай жағдайда белсенді сөйлеуді дамыта бастасақ, онда бұл жұмыс күткен нәтижені бермейді.

Зерттеушілер балалардың сөйлеу тілі даму кезеңдерінің әр түрлі санын бөледі, оларды әр қилы атайды, олардың әр алуан жас шекараларын көрсетеді. Мысалы, А.Н.Гвоздев баланың сөйлеу тілінде әр түрлі сөйлем мүшелерінің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің сан алуан түрлерінің пайда болу реттілігін бақылайды және осының негізінде бірқатар кезеңдерді бөледі.

Г.Л.Розенгард-Пупко бала тілінің дамуында 2 кезең ғана бөлді: дайындық (2 жасқа дейін) және сөйлеу тілінің өзіндік даму кезеңі.

А.Н.Леонтьев бала тілінің дамуында 4 кезеңді белгіледі:

І кезең – дайындық – 1 жасқа дейін;

ІІ кезең – тілді бастапқы меңгеру мектепке дейінгінің алдыңғы кезеңі – 3 жасқа дейін;

ІІІ кезең – мектепке дейінгі кезең – 7 жасқа дейін;

ІV кезең – мектептік – 17 жасқа дейін.

Осы кезеңдердің сипатталуына тоқталайық.

Осымен,І кезең – дайындық (туғаннан бастап 1 жасқа дейін) кезеңі.

Бұл кезең неге осылай аталады? Өйткені осы уақытта сөйлеу тілін меңгеруге дайындығы болады.

Балада туғаннан бастапдауыс реакциялары пайда болады: айқай және жылау. Олар адам сөйлеуіндегі дыбыстардан өте алыс екені рас. Бірақ айқай да, жылау да сөйлеу аппаратының үш бөліміндегі жіңішке және түрлі қозғалыстардың дамуына көмектеседі.

2 жұмадан кейін балаланың сөйлеп тұрған адамның дауысына назар аудара бастауын байқауға болады. Ол жылауын қояды, оған қарап сөйлегенде тыңдап жатады. Бірінші айдың аяғында баланы әуенді әнмен (бесік жырымен) тыныштандыруға болады. Әрі қарай ол сөйлеп тұрған адамның жағына қарай қарауға немесе сол адамды көзбен бақылай бастайды. Жақында сәби интонацияға назар аудара бастайды: нәзік дауысқа мәз болады, ал қатты дауысқа жылайды.

2 айға қарай гуілдеу және 3 айдың басына қарай былдырлау пайда болады. Былдырлау – бұл белгілі бір артикуляциясы бар дыбыстардың бірігуі.

Бала 5 айдан бастап дыбыстарды естиді, қоршаған адамдардағы еріннің артикуляциялық қозғалыстарын көріп, еліктеуге тырысады. Белгілі бір қимылдардың көп рет қайталануы қозғалыс дағдысының бекітілуіне әкеледі.

6 айдан бастап бала жеке буындарды еліктеу арқылы айтады (ма-ма-ма, па-па-па және т.б.).

Әрі қарай бала еліктеу арқылы сөйлеу тілінің барлық элементтерін ақырындап иеленеді: фонемдерді ғана емес, үнді, қарқынды, ырғақты, әуенді интонацияны.

Екінші жарты жылдықта бала белгілі бір дыбыс тіркестерін қабылдап, оларды затпен немесе әрекетпен байланыстырады. Бірақ осы уақытта ол әлі де әсер етудің барлық кешеніне назар аударады: жағдайға, интонацияға, сөзге. Осының барлығы уақытша байланыстың пайда болуына көмектеседі (сөздерді есте сақтау және оларға реакция).

7-9 айдағы бала әр түрлі дыбыстардың бірлесулерін ересектердің артынан қайталай бастайды.

10-11 айда сөздердің өзіне реакция пайда болады (жағдайға немесе сөйлеушінің интонациясына тәуелді емес).

Осы уақытта аса үлкен мағынаны баланың тілі қалыптасып жатқан орта иеленеді (қоршағандардың дұрыс сөйлеуі, ересектерге еліктеу және т.б.).

1 жасқа қарай алғашқы сөздер пайда болады.

ІІ кезең – мектепке дейінгінің алдыңғы (1 жылдан 3 жасқа дейін) кезеңі.

Балада алғашқы сөздердің пайда болуынан дайындық кезеңі аяқталады да, белсенді сөйлеу тілінің қалыптасу кезеңі басталады. Осы уақытта балада қоршағандардың артикуляциясына ерекше зейіні пайда болады. Ол сөйлеушінің артынан өте көп және ынтамен қайталайды, өзі де сөздерді айтады. Осы кезде бала дыбыстарды шатастырады, оларды орындарымен алмастырады, бұрмалайды, түсіріп тастайды.

Баланың алғашқы сөздері жалпылама-мағыналық сипатын иеленеді. Бір сөзбен немесе дыбыстық тіркеспен ол затты да, өтінішті де, сезімді де белгілеуі мүмкін. Баланы тек белгілі бір жағдайда ғана түсінуге болады. Сондықтан осындай сөйлеу тілі жағдайлық деп аталады. Жағдайлық сөйлеу тілін ым-ишарамен, мимикамен жетелейді.

1,5 жастан бастап сөз жалпылама сипатына иеленеді. Ересекпен сөз арқылы түсіндіруін ұғу, білімдерді меңгеру, жаңа сөздерді есте сақтау мүмкіндігі пайда болады.

Енді біз дыбыстардың пайда болу заңдылықтарына үңілейік. Ең алдымен балаларда жабысыңқы-жарылғыш (еріндік (п, п', б, б'), тілалды (т, т', д, д')) және жабысыңқы-өткізгіш (еріндік (м, м'), тілалды (н, н', л, л')) дыбыстар пайда болады. Еріндік дыбыстардың алдымен пайда болу себебі 1-ден 2 жасқа дейін балаларда еріндер ең белсенді және қозғалмалы болып келеді. 2 жасында [п], [п'], [б], [б'], [т], [т'], [д], [д'], 2,5 жасында [м], [м'], [н], [н'], [ң] дыбыстары шықса, ал [л], [л'] дыбыстары 3,5 жасқа қарай ғана пайда болады. Осы артикуляцияның бірінші түрі болып саналады.

Артикуляцияныңекінші түрі балада саңылаудың (артикуляция мүшелерінің белсенділігі) пайда болуына негізделеді. Саңылаулы (фрикативті) [ф], [ф'], [в], [в'] (еріндік-тістік) дыбыстары 1 жыл 8 айдан 1 жыл 10 айға дейінгі аралықта пайда болады. Ал [с], [с'], [з], [з'] (тілалды) дыбыстары 2 жыл 2 айда шығады. 2,5 жасқа қарай  [j] (тілортасы), 2 жыл 6 және 2 жыл 7 айларында [х], [х'], [һ] (тіларты), 2 жастың аяғына қарай [к], [к'], [г], [г'], [қ], [ғ] дыбыстары пайда болады. 3 жасқа қарай балаларда барлық дерлік дыбыстары қалыптасады. Бірақ олар басқа дыбыстармен алмасуы мүмкін.

Артикуляцияныңүшінші түріаффрикаттар. Ол 2-жастың аяғына қарай пайда болып, жабысыңқы мен саңылаудың тез ауысуынан шығады. Бірінші аффрикат [ц] ([т] мен [с] дыбыстарының қосындысы) 2 жыл 4 және 2 жыл 6 айларында, 4 айдан кейін екінші аффрикат [ч] ([т] және [щ] дыбыстарының қосындысы), яғни 2 жыл 8 және 2 жыл 10 айларында пайда болады.

Жұмсақ дыбыстарды айту қосымша тіл арқасындағы ортаңғы бөлігінің таңдайға көтерілуін талап етеді. Артикуляцияның бұндай түрі палладализация (Palladio-таңдай) деп аталады. 2 жасында баланың тілі физиология жағынан қарағанда ауыз қуысының түбінде жатады. Ал 3 жасқа қарай тіл көтеріле бастайды. Сондықтан да алдымен қатты, кейін жұмсақ дыбыстар пайда болады. 2,5 жаста тіл астына түседі, яғни тіл арқасының ортаңғы бөлігі автоматты түрде көтеріліп, басқарылуы мүмкін. Сондықтан бала дыбыстардың қатты да, жұмсақ та түрлерін айта алады. 2 жыл 8 және 2 жыл 10 айларында балада жұмсақ және қатты дыбыстардың дифференциациясы қалыптасады. 

Артикуляцияның ең ауыр және соңғы, төртінші түрі келесі кезеңде көрсетіледі..

2 және 3 жаста балада сөздік қордың жиналуы байқалады.

Әр түрлі зерттеушілер балалардың сөздік қоры туралы әр алуан сандық мағлұматтарды көрсетіп кеткенін белгілеген жөн.

Осы кезеңде балалардағы сөдік қордың қарқынды дамуы туралы кең таралған мағлұматтарды келтірейік: 1 жыл 6 айға қарай – 10-15 сөз; 1 жылдың аяғына қарай – 300 сөз (6 ай ішінде 300-ге жуық сөз); 3 жасқа қарай 1000-ға жуық сөз (яғни бір жыл ішінде 700-ге жуық сөз).

Сөздің мағынасы нақтылана бастайды.

3 жасқа қарай балада сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы қалыптаса бастайды.

Ең алдымен бала өз тілегін, өтінішін бір сөзбен айтады. Кейін арасында байланысы жоқ қарапайым сөз тіркестерін қолданады. Одан әрі сөздер арасындағы байланыс элементтері және сөйлемдегі сөздердің бағынуы біртіндеп пайда болады.

2 жасқа қарай балалар зат есімнің жекеше және көпше түрлерінің, етістіктер шақтарының формаларын қолдану дағдыларын меңгере бастайды, кейбір септік жалғауларын қолданады.

Осы кезде ересектердің сөйлеуін түсінуі дыбыстау мүмкіншілігінен біршама асып түседі.

ІІІ кезең – мектепке дейінгі (3-тен 7 жасқа дейін) кезең.

Осы кезеңде артикуляция түрлерін қарастырайық, яғни дыбыстардың пайда болу кезектілігін байқайық.

Бірінші, екінші және үшінші артикуляция түрлерін алдыңғы кезеңнен көрсек, енді төртінші кезеңге көшейік. Артикуляцияның төртінші түрідіріл (вибрация). Ол тіл арқасындағы ортаңғы бөлігінің және тіл ұшы бұлшықеттерінің қалыптасуында ғана ([р], [р'] дыбыстарын дұрыс айту), яғни 4 жаста пайда болады (қалыпты дамыған балада 2 ай ерте немесе кеш дамиды).

Мектепке дейінгі кезеңде балалардың көбінде дұрыс емес дыбыстауы әлі де белгіленеді. Ысқырық, ызың, үнді дыбыстарды айту кезінде, сирек жұмсарту, қатаңды ұяңға айналдыру, йотация кемістіктерін байқауға болады.

4-тен 5 жасқа дейін бала барлық дыбыстарды меңгеру және олармен дұрыс қолдану қажет. Егер де бала дыбыстарды бұрмаласа, онда оған арнайы көмек керек, яғни арнайы түзету. Дыбыстардың бұрмалануы әр жаста дизонтогенездің белгісі болып келеді. 

3 және 7 жас аралығында балада өзінің дыбысталуын есту арқылы бақылау дағдысы, кейбір мүмкін болған жағдайда оны түзету білігі аса дамиды, басқаша айтқанда, фонематикалық қабылдауы қалыптасады.

Бұл кезеңде сөздік қордың тез ұлғаюы жалғасады. Балаланың белсенді сөздік қоры 4-6 жасқа қарай 3000-4000 сөзге жетеді. Сөздің мағынасы одан әрі нақтыланады және біршама байытылады. Бірақ балалар жиі сөздерді қате түсінеді немесе қолданады. Осымен қатар мұндай көрініс «тілді сезуді» куәландырады. Бұл балада сөйлеу арқылы қарым-қатынасы тәжірибесінің өсуін білдіреді және оның негізінде тілді сезінуі, жаңа сөздерді шығару қабілеті қалыптасады.  

К.Д.Ушинский тілді сезінуге ерекше мағына берді. Оның сөзінен баланың сөздегі екпін орнын, грамматикалық айналымды, сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілін еске түсіретінін көруге болады.

 Сөздік қордың дамуымен қатар сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы да дамиды. Мектепке дейінгі кезеңде балалар байланыстырып сөйлеуді меңгереді. 3 жастан кейін баланың сөйлеуіндегі мағынасының біршама күрделенуі болады, оның көлемі ұлғаяды. Бұл сөйлем құрылымының күрделенуіне әкеледі. А.Н.Гвоздевтің анықтауы бойынша 3 жасқа қарай балада барлық негізгі грамматикалық категориялар қалыптасқан болады.

4 жастағы балалар сөйлеуінде жай және күрделі сөйлемдерді қолданады. Осы жаста дыбыстаудың аса таралған формасы – жай, жайылма сөйлем (Мен қуыршаққа әдемі көйлек кигіздім. Мен жігітпін).

5 жастағы балалар салалас және сабақтас сөйлемдердің құрылымымен салыстырмалы оңай қолданады.

Осы жастан бастап балалардың сөйлеуі қысқа әңгімені еске түсіреді. Әңгімелесу кезінде олардың сұраққа жауабы сөйлемдердің көп және одан да көп сандарын өзіне қосады.

Балалар 5 жасында қосымша сұрақсыз 40-50 сөйлемдердің ертегінің (әңгіменің) мазмұнын құрастырады. Ол сөйлеу тілінің ең қиын түрінің бірі монологиялық сөйлеу тілін меңгерудегі табыстар туралы куәландырады.

Бұл кезеңде фонематикалық қабылдауы біршама жақсарады: алдымен бала дауыссыз және дауысты дыбыстарды, кейін жұмсақ және қатты дауыссыз дыбыстарды, соңында үнді, ызың және ысқырық дыбыстарды ажырата бастайды.

4 жасқа қарай қалыпты дамыған бала барлық дыбыстарды ажырату керек, яғни фонематикалық қабылдауы қалыптасқан болуы қажет.

Осы уақытқа қарай дұрыс дыбысталудың қалыптасуы да аяқталады және бала өте таза сөйлеуді.

Мектепке дейінгі кезеңнің аралығында контекстік сөйлеу (жалпыланған, көрнекілік тіректен айырылған) біртіндеп қалыптасады. Контекстік сөйлеу ең алдымен баламен ертегі, әңгіме айтқан кезде, кейін оның жеке тәжірибесінде болған қандай да бір жағдайды, оның өзіндік уайымын, әсерін бейнелеу кезде пайда болады.

ІV кезең – мектептік (7-ден 17 жасқа дейін) кезең.

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, осы кезеңде балалардағы сөйлеу тілі дамуының негізгі ерекшелігі – бұл оның саналы меңгерілуі. Балалар дыбыстық анализді меңгереді, дыбыстаудың грамматикалық ережелер құрылысын игереді.

Осы кезде басты роль сөйлеу тілінің жаңа түріне, яғни жазбаша сөйлеу тіліне жатады.

Сонымен, мектептік жаста баланың сөйлеу тілінің мақсатталған қайта құрылуы болады – қабылдаудан және дыбыстарды айырудан тілдің барлық құралдарын саналы қолдануға дейін.

Әрине, жоғарыда көрсетілген кезеңдер қатаң және нақты шекараны иеленбейді. Олардың әр қайсысы келесі кезеңге қалыпты түрде өтеді. Балалардың сөйлеу тілінің даму үрдісі уақытында және дұрыс өту үшін белгілі бір жағдайлар қажет. Сонымен, бала:

  • Психикалық және соматикалық жағынан сау болу керек;
  • Қалыпты ақыл-ой қабілеттерін иемдену қажет;
  • Естуі және көруі қалыпты болу керек;
  • Жеткілікті психикалық белсенділікке ие болу керек;
  • Сөйлеу арқылы қарым-қатынасты қажетсіну керек;
  • Толыққанды сөйлеу ортасын иелену қажет. 

Баланың сөйлеу тілінің қалыпты (уақытында және дұрыс) дамуы оған үнемі жаңа ұғымдарды меңгеруге, білім қоры мен қоршаған орта туралы елесті кеңейтуге мүмкіндік береді. Осылайша, сөйлеу тілі, оның дамуы ойлаудың дамуымен өте тығыз байланысты.