Сенім телефоны
8(7182)64-27-51 87051403594
Мекенжайы: Айманов көш. 22
87182-64-27-51 87182-64-27-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға арналған ойындар

Мектепке дейінгі жастағы баланың ең басты іс-әрекетінің ойын болғандықтан, ойын арқылы баланы оқыту қажет. Сол себепті логопедиялық сабақтарда дидактикалық, рөлдік ойындар өте қажет.  Олардың мақсаты – ережені сақтап білуді, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін, кеңістіктік және уақыттық ұғымдарды, қабылдауды, есте сақтау қабілетін дамыту.

Ойын түрі сабақты қызықты етіп, жалпы логопедиялық сабақтың тиімділігін біршама жоғарылатады.

Ал енді мектепке дейінгі жастағы баланы оқыту үрдісінде қолданылатын дидактикалық ойындардың қысқаша баяндамасы:

1-ші ойын  – «Мен білемін».

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын бекіту, байқығыштық пен зейінді дамыту.

Мазмұны: педагог допты қолдана отырып, келесі мәтінді айтады, бұл кезде допты еденге ырғақпен соғу.

– Мен ұлдардың бес атын білемін:

Арман – бір

Аділет – екі

Қуаныш – үш

Асхат – төрт

Нариман – бес

Әрі қарай келесі ойыншыға доп беріледі. Ол келесі бес затты атайды. Бұл кез-келген заттар болуы мүмкін (ойыншықтар, гүлдер, ағаштар, аңдар).

2-ші ойын – «Күн мен түн».

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, қажет ұғымды іздеуде зейінді ұмтылдыра білу.

Мазмұны: педагог сөз айтады, балалар оған мағынасы қарама-қармсы сөз айтады: «Күн-түн, тәтті – ащы және т.б.».

3-ші ойын – «Қонаққа барамыз».

Балалар үй иелері және қонақтар болып бөлінеді. «Үй иелері» қонақтарды «сиқырлы сөздерді» айтып қарсы алу қажет. Қонақтар сыпайы жауап қайтарады.

4-ші ойын – «Сөз құра».

Балалар мұғаліммен айтылған буындардан сөз құрайды. Буындар түрлі-түсті әдемі болуы мүмкін. Мысалы: гүлшоғырына жиналатын шар немесе гүлдер түрінде.

5-ші ойын – «Екі шеңбер».

Балалар екі шеңберге тұрады – сыртқы (үлкен) және ішкі (3-4 адамнан). Үлкен шеңбердегі балалар тұрады, ал ішкісіндегілер көшбасшы мұғаліммен бірге жүріп, былай дейді: «Біз шеңбер бойымен жүреміз,өзімізбен бірге аламыз – тәтті...». Үлкен шеңбердегі балалар тезарада қандай да бір тәтті затты ойлау қажет, мысалы: қант. Қай бала бірінші атаса, ішкі шеңберге кіреді. Ойын жалғасады («жұмсақ», «сұйық», «ащы», «қатты» және т.б.). Үлкен шеңберде қалып қойған соңғы бала кез-келген тапсырма орындайды (жаза ретінде).

6-шы ойын – «Мен циркте болдым».

Ойын үшін әріптер мен буындар жазылған карточкалар керек. Оны екеулеп немесе топпен де ойнауға болады. Ойыншыларға әріп жазулы карточка таратылады немесе барлық карточкалар үстелде жатады. Ал ойыншылар кезек-кезек жақындап алады. Бірінші ойыншы әріппен немесе буынмен карточканы алады да айтады: «Мен циркте болып, ...», осы карточкада көрсетілген әріпке басталатын бір нәрсе ойлау керек. Тек қана зат есімдер ғана емес, сонымен бірге, мысалы, «с» әрпінен сайқымазақ, секіріп жүрген гимнаст, сары шымылдық және т.б. Ал егер сіз буындар қолданатын болсаңыз, онда бұл буын міндетті түрде сөздің басында ғана тұруы қажет емес. Нұсқаулар: «мен теңізде болдым», «Мен орманда бодлым», «Мен театрда болдым» және т.б.

7-ші ойын – «Шыңжыр».

Бірнеше дауыссыз әріптерді таңдап, оларды қағазға жазыңыз. Осы екі әріпті өзіне қосатын сөз ойлап табу керек. Әріптерді орындарымен ауыстыруға, балаларға басқа дауыссыз дыбыстарды қосуға болады. Мысалы: «С» және «Л» (сақал, сал, салмақ, сәлем, лас, асыл).

8-ші ойын – «Мен қандай әріппен дос».

Бұл ойын әріптерді есте сақтап, сөйлеу тілін дамытуға ғана емес, сонымен бірге танымдық сипатқа да ие. Әр бір ойыншыда жануардың суреті болу керек (әр түрлі болуы мүмкін). Мысалы: анасында – сиыр, әкесінде – түйе, баласында – кірпі. Анасы айтады: «Менің сиырым «м» әрпімен дос, өйткені онда мүйізі бар». Әкесі: «Менің түйем «ө» әрпімен дос, өйткені онда өркеш бар». Бала: «Менің кірпім «и» әрпімен дос, өйткені онда инелері бар».