Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)608115
Адрес: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Информатика мұғалімінің парағы

its

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде даму стратегиясы бойынша қоғам алдында тұрған міндеттердің бірі — тұрғындардың компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыру.

Қазіргі таңда бала дүниеге келгеннен өз айналасынан түрлі техникалық құрылғыларды көреді, олар баланы өте қызықтырады. Қоғамда ақпараттар легі үнемі өзгеріп отырады, осы ақпараттарды өңдеуге жаңадан құрылғылар ойлап шығарылады.Практикалық тапсырмаларды орындауда компьютердің көмегі мол. Бүгінгі таң балаларының «Ертеңі» — ақпараттық қоғам. Және де бала ақпараттық қоғамға психологиялық түрде дайын болу керек. Компьютерлік сауаттылық — заман талабы. Техникалық құралға дұрыс қарауға тәрбиелеу жауакпкершілігі ең алдымен ата – аналарға жүктеледі. Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық технологияларды пайдалану, қоғамдағы өзгерістің жемісті болуына септігін тигізеді.

Баланың компьютерді өз белсенділігінде пайдалануы, оның психикалық дамуына жан – жақты әсер етеді. Дамыйды: қабылдау, зейін, еске сақтау, ойлау қабілеті. Компьютерлік ойын жағдайында бала өз әрекетін жоспарлай алады және оның нәтижесіне таңдана алады. Баланың қимыл – қозғалыс әрекеті күрделенеді: перне тақталарды басу, тышқанды қозғалту арқылы мектеп жасындағы балалар қолмен қимылдайды және сонымен бірге экрандағы суреттердің өзгеруін бақылап отырады. Нақты осы жағдай баланың психикалық дамуына мықты әсер етеді.

Сәби және ересек топтардағы балаларға ақпараттық ортада білім, дағды және білікті меңгерту мақсатында, 4 – 7 жастағы балаларға информатиканы оқытуға жағдай жасау; интеллектуальдық қабілеттерін, ақыл ой, қиял, логикалық ойлауларын дамыту, оқу процесінде заманауи тұрғыдағы ақпараттық технологияларды пайдалануды қалыптастыру.

Баланың жаратылысында қалыптасқан негізгі ойлау қабілетінің дамуымен және басқа да дамулар сияқты оның күрделі құрылымға бейімделуі және ішкі , психикалық қалыптасуға бейім келуі- оның негізгі қабілеттерінің бірі. Аталмыш қабілетті айтарлықтай дамыту жалпы психикалық белсенділікті анықтайды.

Компьютерлік ойын интеллектуальдық тапсырмаларды түсінетін мақсаттылықты қамтамасыз ете отырып, баланың ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасайды. Шығатын нәтиже көрінісін білгендіктен, тапсырманы шешуде бала мақсатты түрде тапсырма шартын сараптап отырады. Компьютерлік ойындарды пайдалану , жоғарыдағы қабілеттерін дамытады.

Бала шығармашылығын бақылау түрінің әр алуандығы , баланың білімпаздығын, ойлау қабілеті төзімділігін, интеллектуальдық қабілетін қалыптастырады.

Жұмыс барысында «Балаларға арналған компьютер», «Сатр-ойындар», «Білгіш қоян (балаларға)», «Білгіш қоян (мектепке барамыз)», «Білгіш қоян (бастауыш мектеп)» бағдарламалары қолданылады.

Сабақ құрылымын жасауда сәбилердің және ересектердің жас, дене, психикалық ерекшеліктері есепке алынады. Сыныптағы компьютер санына байланысты топта 10 бала, ұзақтығы 25-30 минут, оның ішінде 7 минут компьютермен жүмыс.

Бағдарламаны оқу нәтижесінде балалар білетін болады: ақпараттық қоғамға психологиялық түрде дайын, зияткерлік олимпиадаларға, конкурстарға қатысып, өз жобаларын қорғай алады.

«Информатиканың сиқырлы әлемі» бағдарламасы негізінде өткізілген сабақтар тәжірбиесі: педагогтың информатика сабағы бойынша мектеп жасына дейінгі балалрдың алғашқы компьютермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігі бар екенін, сондай-ақ әр баланың дамуы және денсаулығына зиян келтірмей қарапайым ойын түрінде өткізуге болатынын көрсетті. Сондықтан, біздің ойымызша, бағдарламаны балалардың алғаш компьютермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру тәсілі деп қарастыруға болады