Ата – аналарға (заңды өкілге) арналған ақпарат
Мектепке дейінгі ұйымға қатыспайтын балалар үшін ата – аналарға (заңды өкілге) және балаларға арналған ақыл – кеңес беру пункті
Отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, ата-аналарға психолого-педагогикалық көмек көрсету, мектепке дейінгі мекемеге бармайтын балалардың тұлғасын жан-жақты дамуын қолдау мақсатында №29 с/б аясында кеңес беру пункті жұмыс жасайды.
Ата-аналар келесі мамандардың кеңесін ала алады:
- басшының;
- әдіскерлердің;
- медбикенің;
- психологтың;
- логопедтің;
- информатика мұғалімінің;
- ағылшын тілі мұғалімінің;
- қазақ тілі мұғалімінің;
- ән-күй жетекшісінің;
- дене шынықтыру нұсқаушысының;
- тәрбиешілердің.
Бізге келіңіздер! Сіздерге көмек көрсетуге өте қуанышты боламыз!
Ата – аналар (заңды өкіл) ақыл – кеңес беру пунктінің жеке ойын сеанстарына, балалардың ойындарына қатысып, педагогтерге сұрақтар бере алады. Ақыл – кеңес беру пунктінің педагогтері ата – аналар үшін арнайы білім жүйесін кеңейту және білім сауаттылығы бойынша жеке және топпен жұмыс жүргізеді.
Әр айдың 4 аптасы, Дүйсенбі, Сәрсенбі күндері сағат 14.00- ден 18.30- га дейін кеңес өткізіледі.
