Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)608115
Адрес: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Кеңес беру пункті

Ата – аналарға (заңды өкілге) арналған ақпарат

Мектепке дейінгі ұйымға қатыспайтын балалар үшін ата – аналарға (заңды өкілге) және балаларға арналған ақыл – кеңес беру пункті

Отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, ата-аналарға психолого-педагогикалық көмек көрсету, мектепке дейінгі мекемеге бармайтын балалардың тұлғасын жан-жақты дамуын қолдау мақсатында №29 с/б аясында кеңес беру пункті жұмыс жасайды.

Ата-аналар келесі мамандардың кеңесін ала алады:

  • басшының;
  • әдіскерлердің;
  • медбикенің;
  • психологтың;
  • логопедтің;
  • информатика мұғалімінің;
  • ағылшын тілі мұғалімінің;
  • қазақ тілі мұғалімінің;
  • ән-күй жетекшісінің;
  • дене шынықтыру нұсқаушысының;
  • тәрбиешілердің.

Бізге келіңіздер! Сіздерге көмек көрсетуге өте қуанышты боламыз!

Ата – аналар (заңды өкіл) ақыл – кеңес беру пунктінің жеке ойын сеанстарына, балалардың ойындарына қатысып, педагогтерге сұрақтар бере алады. Ақыл – кеңес беру пунктінің педагогтері ата – аналар үшін арнайы білім жүйесін кеңейту және білім сауаттылығы бойынша жеке және топпен жұмыс жүргізеді.

Әр айдың 4 аптасы, Дүйсенбі, Сәрсенбі күндері сағат 14.00- ден 18.30- га дейін кеңес өткізіледі.