
Дидактикалық ойындар балалардың сенсорлық қабылдауын қамтиды, бір жағынан олар ойнаушылар әрекетінің жас ерекшелігін, адамгершілік уәждерін, екінші жағынан – еріктілік қағидасын, өзі таңдау құқығын, жеке даралығын көрсетуді ескереді. Күнделікті өмірде бала әртүрлі пішінді бояуларды кездестіреді – бұл оның жақсы көретін ойыншықтарымен қоршаған ортадағы заттар. Көркем туындыларды – сурет, мүсіндерді көреді және ән тыңдайды, бірақ осы білімді игеру үлкендердің көмегінсіз, табиғи түрде жүргізіледі. Осы жерде көмекке сенсорлық тәрбие келеді, дәйекті және жоспарлы түрде балаларды адамның сенсорлы мәдениетімен таныстырады. Әр жастың сенсорлық тәрбие алдында өзіндік міндеттері бар. Ерте жастан-ақ түс,пішін, мөлшер туралы ой елестері көбейе түседі. Осы ой елестерінің әр түрлі болуы өте маңызды. Бұл баланы түрлі сапалы түс спектрларымен, геометриялық пішіндермен, шеңбер, сопақ, шаршы, тіктөртбұрыш,үшбұрыш, дөңгелек, текше, кірпіштермен таныстыру керектігін білдіреді.Танымдық және сөздік шеберлігін дамыту, көру, сезу, қозғалу, салыстыру арқылы түсті, пішінді, өлшемді анықтау. Түсіну және де сөйлегенде көлем мен пішін атауларын қолдану. Орта мектеп жасына дейінгі уақыт аралығында балаларда сенсорлық кезеңдер қалыптасады – сөйлегенде түс , геометриялық фигуралар, бірнеше заттар арасындағы көлем арақатынасы туралы тұрақты, бекітілген ойлар пайда болады.Үлгі-нұсқаның қалыптасуымен бірге балаларға заттарды тексеру тәсілін үйрету керек: оларды түс, үлгі-нұсқа айналасындағы пішіндер бойынша топтастыруға, одан да қиын іс-әрекеттерді орындауға үйрету қажет. Басты міндеттердің қатарына балалардың аналитикалық қабылдауын дамытуда міндетті түрде түстерді сәйкестендірудегі, заттардың пішіндерін жіктеудегі, жеке көлемдерді ерекшелеудегі икемділігі жатқызылады.Мектепке дейінгі ересек жас аралығындасауаттылықты меңгеруде фонематикалық есту, дәлірек айтатын болса әр түрлі сөйлеу дыбыстары мен әріптердің пішінделуін әрқилы қабылдау үлкен рөл атқарады. Сенсорлық дамудың төмен деңгейде болуы, баланың мектепте ойдағыдай оқу мүмкіндігін өте төменгі сатыға түсіріп тастайды.
