Біздің кәсіподақ
Қош келдіңіздер!
Кәсіподақ мекемесі біздің балабақшаның ашылу кезеңінен,1988 жылдың маусымынан бастап жұмыс жасайды.
Кәсіподақ мекемесі жұмысының ұраны өте қарапайым, бірақ барлық сәттерін бейнелейді:
Кәсіподақ- ұжым,
Ұжым – бұл күш.
Бірге бәрін жасаймыз
Бірге біртұтас боламыз.
Кәсіподақ күші – көпшілдігінде, мүшелерінің ынтымақтастығында, кәсіподақ комитетінің белсенділігі мен ұстанымдылығында,яғни ол:
Қол ұшын созады! Әлеуметтік мәселелерді шешеді! Еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғайды! Жұмыс берушіге негізгі талаптар қоюды қалыптастырады! Еңбекақысының өсуіне әрекет жасайды! Аттестация кезінде шынайы көмек көрсетеді! Заңды түрде қолдау және қорғау! Не істеу керек екенін біледі! Кәсіподақ деген не? Осы сұраққа жауап беру үшін нормативті актілерге сүйену керек. Кәсіподақ туралы Заң келесі анықтамалар береді: Кәсіподақ –ортақ өндірістік, кәсіби мүдделерін және олардың әлеуметтік – еңбек құқықтары мен ынталарына өкілдік ету және қорғау мақсаттарында құрылған азаматтардың ерікті қоғам бірлестігі. Алғашқы кәсіподақ ұйымы – бір мекемеде, бір ұйымда, бір мекеменің ішінде жұмыс жасайтын тәуелсіз немесе меншікті еместігіне қарамастан сәйкес кәсіподақтың алғашқы кәсіподақ ұйымы туралы өздері қабылдаған жалпы ереже, жарлыққа байланысты әрекет ететін кәсіподақ мүшелерінің ерікті бірлестігі; Аумақтық кәсіподақ ұйымы – ҚР бір нысаны аумағындағы бір кәсіподақтың, немесе ҚР бірнеше аумағындағы, немесе қала және аудан аумағында әрекет ететін алғашқы кәсіподақ ұйымдарының ерікті бірлестігі. Кәсіподақ ұйымдарының екі негізгі атқаратын қызметін атап өтуге болады: · Жұмыс берушіге қатысты қызметкерлердің мүдделерін ұсыну; · Қызметкерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; Кәсіподақ бізге не береді?- Еңбек қатынастарының тұрақтылығы.
- Мекемелерді келісім және ұжымдық шарт негізінде басқаруға үйрету,
- Шығармашылық және кәсіби әлуетін қолдау және дамыту;
- Заңгерлердің кеңес беруі. Сотта қорғау. Келеңсіз жағдайларда құқықтық және еңбекті қорғау бойынша мамандардың кеңес беруі.
- Қызметкерлер және олардың балаларының демалуын ұйымдастыру.
- Мәдени шараларды ұйымдастыру және өткізу.
- Қызметкерлерге материалды көмек көрсету.

