Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)608115
Адрес: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
 
 
 
«Таңбасыз ел болмайды, Найзасыз ер болмайды», - дейді қазақ халқы.

Кез келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға қойылады. Мысалы, Қазақстан Президентінің жарлықтарында Елтаңба белгісі болады.

Сонымен қатар, Елтаңба мемлекеттік мөрлерде, ордендер мен алқаларда бейнеленеді. Қазақстан Елтаңбасын ақша белгілерінен де табуға болады.

Елтаңбаның авторлары – халқымыздың танымал ұлдары Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.

Қазақстанның Елтаңбасы дөңгелек пішінді және Тудың түсіндей көгілдір түсті. Оның ортасында күн сәулесі шашып тұрғандай әсерде шаңырақтың суреті бейнеленген. Ежелгі бабаларымыз нышан ретінде шаңырақты құрметтеген.

Шаңырақ бейнесі Қазақстанда өмер сүріп жатқан халықтың Отаны бір, Қазақстан біздің ортақ үйіміз деген мағынаны білдіреді. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған.

Шаңырақты уықтардың ұстап тұратыны сияқты, мемлекеттің болашағы бірлік пен татулықтан тұрады. Күн сәулесі – өмір мен жылулықтың көзі, барлық халықтардың достығын білдіреді.

Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Оның қанаты көпұлтты Қазақстан халқының мықты әрі жан-жақты көркею мен қайсарлықтың ұғымын берген. Олардың екі жағынан орналасуы өз елін қорғау мен берілгендікті білдіреді. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді.

Мемлекеттік елтаңба бейнесінің тағы бір бөлігі бар, ол – бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыз – бейбітшілік, достық пен мәңгіліктің белгісі. Жұлдыз күн мен ай сияқты қазақтарда киелі деп есептеледі. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.