Сенім телефоны
8(7182)33-61-82 - балабақша, 8(7182)320560 - білім беру бөлімі, 8(7182)321937 - білім беру басқармасы
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Вс. Иванов көшесі, 62
8(7182)33-61-82 бухгалтерия 8(7182)62-13-96 вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 9.00-13.00 сағ. Жұма: 14.00-18.00 сағ.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Ата-аналарға кеңес

Баланың балабақшаға үйренуі Сіздің балаңыз балабақшаға алғаш барған кезде, ол үшін бірінші рет анасынан ажырап өзіне таныс емес үлкен адамдар мен бір топ балалардың арасына түсуі болып табылады. Бала үшін өзінің отбасында өзін ұстау ережелері қалыптасып қалған. Балабақшаға келген күннен бастап үйреншікті өмір сүру ортасы өзгереді. Бұл неден көрініс табады? - Баланың эмоционалды жағдайы, ұйқысы, тәбеті нашарлайды; - дене қызуы көтерілуі мүмкін; - бала бойында қалыптасып қалған жақсы қасиеттерінің жоғалуы мүмкін; - иммунитеттің төмендеуі, салмағының азаюы мүмкін. Бала ортаға бейімделгеннен кейін эмоционалды жағдайы қалпына келеді. Ортаға деңгейдегі бейімделуде алғашқы айларында бала тұмаумен ауыруы мүмкін, ал ортаға қиын бейімделсе баланың эмоционалды жағдайының қалпына келуі ұзаққа созылуы мүмкін. Осының барлығы баланың келесідей іс қимылдарынан байқалады: баланың тығылып қалуы, қабылдау бөлмесінде отыруы, анасын қайта - қайта шақыру. Баланың ортаға бейімделуі неге байланысты: Баланың жасына байланысты. 2 жасқа толғаннан кейін баланың ортаға бейімделуі оңай жүреді. Олардың ортаға деген қызығушылығы жоғары болады, назарларын басқаға аудару жеңілдірек, айтқан сөздерді нақты түсінеді және тыныштандыру оңай. Баланың жасы мен денсаулығының жағдайына байланысты; Баланың жекелеген ерекшелігіне байланысты; Биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты; Бейімделуге деген дайындығына байланысты (баланың басқа ортаға қаншалықты барып көргендігі, туысқандарына, демалысқа және де басқа жақтарға барып өзімен жасты балалармен қаншалықты араласып көргендігіне байланысты). Балаға басқа ортаға бейімделу кезінде қалай көмек беру керек? Кішкентай бала ата - анасымен тығыз байланыста болады. Бала қаншалықты кішкентай болса, соншалықты ата - анасымен байланыс ол үшін маңызды болып табылады. Сондықтан баланың қоғамға деген көзқарасын қалыптастыратын ата - анасы. Баламен өзіне тікелей қатысты мәселелерді ашық талқылайды білу керек. Қазіргі уақытта баланың өмірінде не болып жатыр, не болу мүмкін деген сұрақтардың жауабы екеуара таба білуіңіз қажет. Баламен оның күнделікті балабақшаға баруын және оның өмірін бақылауда ұстағаныңыз дұрыс. Бала анасының жанында бейтаныс адамдармен араласуды оларға сұрақ қоюды үйренеді. Осыдан кейін баланың бойында балабақшаға келіп өзімен жасты балалармен ойнауға, тәрбиешілермен сөйлесуге деген ынта болады. Баланың әлемді өз еркімен тануға деген құқығы бар! Балаға өз пікірін білдіруге мүмкіндік берсеңіз. Ата - ананың тек бағдар бере алады. Балаға сіздер не қаласаңыздар соны жасау міндетті емес. Өз ойларыңыздың дұрыс екендігін дәлелдеп, балаға соны жасатуға тырыспаңыздар. Жаңа ортаға, жаңа әлемге бала өзі бейімделеді. Ол оның бірінші тәжірибесі болады. Бала үшін жаңа адамдар, олардың жаңа тәртіптері бұл - стресс. Баланы қалай балабақшаға дайындау керек? Баланың балабақшаға баруы эпикризистік кезеңдерге: 1ж 3а, 1ж 6а, 1ж 9а, 2ж 3а, 2ж 6а, 2ж 9а, 3ж түспеуі керек. Балабақшадағы күн тәртібін алдын ала біліп, баланың үйдегі күн тәртібін соған ұқсас жасауға тырысу керек. Баланың балабақшаға үйренгендігін қалай білуге болады? Ол үшін келесілерді байқаймыз: - ұйқысының жақсаруы; - тәбетінің жақсы болуы; - эмоционалды жағдайының тұрақты болуы; - үйреншікті қылықтары мен білімдерінің қалпына келуі; - белсенділігінің артуы; - салмағының артуы; Жыл сайын балалар дәрігерлік тексерістен өтуі тиіс. Егер бала ауырып қалса, онда балабақшаға жазылғаннан кейін екі аптадан соң қабылдайды. Сонымен қатар балаға қажетті егулерін уақытында жасап тұрғаныңыз дұрыс. Барлық берілген кеңестерді орындайтын болса, баланың балабақшаға бейімделу кезеңін жеңілдетесіздер.

Бала тәрбиесі
Ата-ана мен балабақшаның ролі

Отанымыздың, қоғамымыздың келешектегі шын жанашыры да, арқасүйері де бүгінгі жас ұрпақ. Демек, оларды лайықты ізбасар етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін білім ордаларындағы білім, тәрбие жұмыстарын күшейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып, өсіру міндеті алда тұр. Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделі процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иілуге қандай икем болса, бала да тәрбиені қабылдауға сондай бейім. Соңғы жылдары жалпы білім беретін балабақша, мектеп пен жалпыға бірдей орта білім беру ісін дамыту, жаңарту проблемаларының ауқымдылығы соншалық, оған жас ұрпаққа білім беру саласында жүрген азаматтармен қатар, ұлт тәрбиесіне бей-жай қарамайтын әрбір адам өз үлесін қосуда. Жақсы ұрпақ тәрбиелегіміз келсе жұмысты балабақшадағы тәрбие үйде жалғасын табатындай етіп ұйымдастыра білгеніміз жөн. Бала тәрбиесі біржақты болса, нәтиже күткендегідей болмауы мүмкін. Сондықтан ата-аналардан өз міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарап ұрпақ тәрбиесін тек балабақшаға немесе мектепке ғана ысырып қоймағандарын қалар едік. Бұл үшін төмендегідей міндеттерді тағы бір еске салып қойсақ артық болмас. Ата- ана балабақша ұжымымен тығыз байланыста болып, өз баласының әрекетін бақылауда ұстап отыру; балаға отбасында қалыпты жағдайдың сақталуын, білім алуына қажетті материалды қамтамасыз ету; балабақша жарғысын орындау; баланың уақытынан кешікпей келуін, себепсіз қалмауын қадағалау. Қазіргі заманымыз жақсарып, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Дегенмен де әртүрлі діни көзқарастағы адамдардың үгіт-насихатына балалардың еріп кетпеуін назарда ұстаған жөн. Балабақша-ата­-ана ынтымақтаса жұмыс жүргізсе, балаға тиісті көңіл бөлініп, олармен санаса білсе, келешектің шын жанашыры, елдің арқасүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз. Жылауық балалар Жылау түрлі себептен туындауы мүмкін. Сіздің тобыңызда өзге балаларға қарағанда көп жылайтын балалар бар ма? Сіз олардың қай кезде жылайтынын бақыладыңыз ба? Жылайтын бала өзін қалай ұстайтынын байқаңыз:

  • Барша адаммдарға естірте жылайды, олардың араласуын талап етеді.
  • Өзімен өзі болуды қалайды, жылауының себебін айтпайды.
  • Жылауы ештеңеге көнбеушілікке ұласады.

Осы айтылған әрекет түрлері баланың мінезін жақсы түсінуге және оған көмекке келуге көмектеседі. Мынаны есте ұстау керек, жылау бала үшін эмоциясының қалыпты көрінісі. Тәрбиеші баланың неден әсерленгенін сұрап білуі керек:

  • Жылауының себебін анықтау.
  • Болған жағдайды өзгертуге тырысу.
  • Балаға оның сезімін түсінгеніңізді білдірту.

Психологтың кеңесі:

  1. Баланың жанына келіп отырып құшақтау.
  2. Баланың жылауына назар аудару.
  3. Балаға су беру, жуындыру.
  4. Жылау себептерін жою.
  5. Егер бала ұзақ жылап анасын шақырса, анасымен байланысқа шығып, баласымен сөйлесуге мүмкіндік жасау. Ата анасына ертерек келіп алуын ұсыну.
  6. Баланың жылауы тоқтамай, көнбеушілікке ұласса, психологтен кеңес алуды ұсыну.

Балабақша жағдайына бейімделу

Көпшілікке мәлім «балабақша жағдайына көнетін» және «балабақша жағдайын қабылдамайтын» балалар кездеседі. Баланың балабақшаға тез үйренуі үшін ата аналарға мынадай кеңес береміз:

  1. Баланы қысқа мерзімге балабақшаға беру.
  2. Топтағы бірнеше баламен және олардың ата аналарымен жақын танысып, оларды қонаққа шақыру
  3. Балалар мерекелерін ұйымдастыруға қатынасу.
  4. Әр кез балабақшада өткен күн жайында сұрап әңгімелесу.
  5. Кешкі мезгілде жағымды жағдай жайлы, достарымен болатын кездесу,жаңа ойыншықтар, ойындар туралы әңгімелесу.
  6. Балабақшаға барар жолда мейірімді, сабырлы болу.

Егер де бала анасынан ұстап, оны жібермеген жағдайда тәрбиеші баланы қалай жұбатады? Психологтің ұсынысы:

  1. Баланың көңілін ашық, жылтыр заттар өзіне аударады, мысалы. Сабын көпіршіктері, шарлар.
  2. Топтағы ойыншықтарға назарын аударту.
  3. Саусаққа киетін ойыншықтарды алып баламен сөйлесу.
  4. Доппен ойын ұйымдастырып, жаңадан келген баланы шақыру.

Психологтар мынаны ұсынбайды:

  1. Баланы анасынан күшпен айыру.
  2. Тамақты еріксіз ішкізу.

3. Баланың көз жасына көңіл аудармау.

Ата-аналарға арналған анкета «Отбасындағы тәрбие стиліңіз қандай?»

Құрметті ата-ана! Үш нұсқаның біреуін таңдаңыз. 1. Балам еркелеп,күнде жеп жүрген тамағынан бас тартады Сіз: а) басқа тамақ бересіз; б) стол басынан кетуін талап етесіз в) тамағын жемегенше стол басынан тұрғызбайсыз. 2. Балаңыз аулада ойнап жүреді,бір кезлде сүйікті ойыншығын жоғалтып үйге келеді,Сіз: а) балаңызбен бірге жоғалған ойыншық үшін көңіліңіз түседі; в) балаңызды жұбатасыз 3. Балаңыз ұйықтаудың орнына,телевизор алдынан шықпады,Сіз: а) сөзсіз тв сөндіресіз; б) ұйықтау үшін не қажет екенін сұрайсыз в) балаңыздың тыңдамағаны үшін ұяласыз. 4. Балаңыз ойнаған ойыншығын тастап,жинамай кетеді,Сіз: а) қолы жетпейтін жерге қоясыз «шамалы қиналсын» деген оймен»; б) жинасуға көмектесесіз в) оны жазалайсыз. 5. Балаңызды балабақшадан алып кетуге бардыңыз,оны тез киіндіріп,почтаға соғуыңыз керек,бірақ балаңыз әртүрлі сылтаумен сөзге айналдырып сіздің мазаңызды алады: а) ұрсасыз; б) оның осындай тәртібі үшін жыныңыздың келіп тұрғанын айтасыз ; в) көңіл бөлмей, тез киіндіруге тырысасыз.

Сәби: "Балабақшаға барғым келмейді..."

Сәби: Сонымен, сіздің кішкентай ғана қазынаңыз таң атпастан балабақшаға бару керек. Бастапқыда үйренуі қиын болды, уақыт өте келе бәрі де қалпына келе бастады. Бірнеше рет барып, ойынын, өзін ұстауын тамашаладыңыз. Ойдағыдай еді... Алайда, ол бүгін балабақшаға барудан да, киінуден де бас тартты. Себебін сұрадыңыз, жауап – "барғым келмейді, болды". Әдетінше көз жастар моншақтап аға бастады. Дәл осындай тығырықтан шығу үшін психолог кеңесін оқып алғаныңыз жөн. Ең, ең бастысы – күш көрсетуден аулақ болу керек, мәселенің байбына барып, жұмсақ сөйлесіңіз. Ал мамандар кеңесі төмендегідей: – Балабақшада сәбиіңізге қысым көрсетілмейтіндігіне көз жеткізіңіз. Әріп жаттауға, сандарды тануға мәжбүрлей ма екен? Өзіңізде оны қыстамаңыз. – Балабақшаға ұзақ уақыт барған бала өзі дәретханаға барып, рұқсат сұрай алатын жағдайда болуы керек. Баланы таңертең киіндіргенде киімде артық түймелер мен батырмалардың болмауын қадағалаңыз. Бұл сәбидің ығырын шығарады. – Баланы алғаш рет балабақшаға алып келгенде құрдастарымен дұрыс ойнауына мән беріңіз. Өзгені ұрмауын, ойыншықпен бөлісуін, адам талғамауын айтып, ақыл-кеңестеріңізді аямаңыз. – Тәрбиешінің лауазымын жоғары етіп көрсетіңіз, оның тілін алуға үйретіңіз. Ол үшін тәрбиешінің жеткілікті түрде сауатты екендігіне көз жеткізіңіз. Баланың өзін жақсы сезінуі тәрбиешіге жіне тобындағы балаларға байланысты. – Ойын-сауықтарды да ұмытпаңыз. Себебі, бала онда тек қана оқуды үйренбейді, бірінші кезекте балалармен бірге көңіл көтеріп, жағымды әсерлер алады, танымын кеңейтеді. Осының бәрі сәбиді қанағаттандыратын болса, балабақшаға қуана-қуана барған болар еді