Сенім телефоны
50-42-69
Мекенжайы: Естай көшесі, 93
504269
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 15.00 - 17.00 Бейсенбі: 15.00 - 17.00
Ата-аналарға кеңес

 

          ҚҰРМЕТТІ АТА – АНА!

    Балаңызды балалар бақшасына ұқыпты етіп киіндіріп, өз қолыңызбен тәрбиешіге тапсыруыңыз сұралады.

     Есіңізде болсын, Сіздің балаңызды тәрбиеші бейтаныс кісіге, кәмілеттік жасқа толмаған  балаға, ішімдік ішкен кісіге алдын ала ескертуіңіз, не болмаса арнаулы құжат болмаса беруге мүлдем болмайтыны.

     Балаңызды балабақшаға сағат 8.00.-ден қалдырмай әкелгеніңіз жөн, себебі басқа балалармен бірге ертеңгілік жаттығуды жасауға, ойын ойнауға,  ертеңгілік асқа дейін достарымен еркін жүздесуіне қолайлы.

      Егер Сіз балаңызды ертеңгілік жаттығу жасалып жатқан мезгілде келсеңіз, онда жаттығу біткенше тәрбиеші мен балаларды алаңдатпай баланы шешіндіріп шешіну бөлмесінде күте тұрғаныңыз абзал.

      Педагог Сізбен балаңыз туралы таңертең сағат 8.00 де және кешкі сағат 17.00-де кеңесуге әзір. Ал басқа уақытта педагог топ балаларымен жұмыс жасайды,сондықтан алаңдатпауларыңыз сұралады. Сізді алаңдататын не болмаса басқа да жағдайларды  балалардың көзінше айтпауларыңыз сұралады. Егермәселе шиеленіссе балабақша директорына  келуіңізге болады.

       Балабақшада ата-аналарға арналған кеңес пункті жұмыс жасайды, бала тәрбиесіне байланысты сұрақтарғажауап алуыңызға болады.

       Сізден сұрарымыз балалардың қалтасына өткір,  ұсақ заттар т.с.с заттардың болмауын қадағалаңыз!

       Есіңізде болсын балабақша  - аурухана емес, баламен бірге дәрі – дәрмек бермеулеріңіз сұралады.

       Сізден сұрайтынымыз ауырған баланы балабақшаға әкелмеңіз, үйден емдеңіз!

Ауырғандығы жөнінде сол бойда мына телефон арқылы хабарлаңыз:                     68-65-14

       Ауырған баланы  міндетті түрде балабақшаға қатысуға болады деген  анықтамамен әкелуіңіз сұралады.

        Есіңізге саламыз әрбір айдың 15 қалмай ата – аналар жарнасын төлеуіңіз сұралады.

 

                                                                                                                                                  БАЛАБАҚША ӘКІМШІЛІГІ