Салауатты өмір салты
жазғы кезеңдегі сауықтыру шараларының әдістемесі.
Күн сәулесі ваннасын тәрбиеші өткізеді.
Әдістемесі: күн сәулесі ваннасы ашық жерлерде қабылданады.Ағзаға күн сәуле лері тікелей әсер етеді. Күн сәулесі ваннасын +18 °С температурада өткізген дұрыс. +12° С ден төмен +27°С тан жоғары температурада күн сәулесі ванна сын жүргізуге болмайды. Денені жалаңаштауға ауа райы қолайсыз болса, онда төменгі температураға тұрақты кейбір бөліктерін ғана (білезіктер , қолдың білектері , сирақ жіліншіліктері , қолдарын , ақтарын) сәулелендіреді.
- Күн сәулесі ваннасының алдында апта бойы жарық - ауа (ауа) ваннасы курсы жүргізіледі.
- Күн сәулесі ваннасы тамақтанғаннан кейін 1,5 сағаттан кейін немесе тамақтанар алдында 30 мин кейін басталад
Күн сәулесі ваннасын өткізу реті.
- даярлық жарық - ауа ваннасы 10 - 20 мин;
- күн сәулесі ваннасы 5 - 15 мин (кестеден қарау)
- қорытынды жарық - ауа ваннасы 20 - 30 мин
- күн сәулесі ваннасын қабылданғаннан кейін су процедулаларын өткізген жөн: жуынып - шайынып , су құю , аяқтарды жуу.
- күн сәулесі ваннасына арналған киім : бас киім , күнқағары бар қалпақ , мақта қағаздан жеңіл қалпақ (тұрақты)
