

Мектепке дейінгі балалардың жазғы демалыс кезіндегі таза ауада болуы бала ағзасын нығайтады және шынықтырып, жан-жақты дамуына жағымды әсер етеді. Үлкендердің басты міндеті - өсіп келе жатқан балалар ағзасынының қажеттілігін, шығармашылық қиялдарын және дене даму қозғалысын қанағаттандыру. Танымдық және сауықтыру, ойын түріндегі іс-шаралар жүйесін жоспарлау балалардың психологиялық, қажетті физикалық деңгейін қамтамасыз етуге көмектеседі. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жазғы сауықтыру кезеңіне дайындық өзіне жүктелген қызметтік міндеттеріне сәйкес барлық қызметкерлердің қатысуымен жүзеге асады. Тәрбиеленушілердің күн тәртібін олардың жас ерекшеліктеріне сай әрбір мектепке дейінгі мекеме құрастырады. Балалардың жиі ашық таза ауада болуын қарастырады. Жазғы уақыттағы сауықтыру шаралар формалары:
- таңғы гимнастика (дәстүрлі, дәстүрлі емес);
- денсаулықты жақсартатын жүгіріс;
- жай жүру;
- дене тәрбиесінің әр түрі бойынша сабақтар;
- қозғалыс ойындары;
- туризм, экскурсия;
- динамикалық кідірістер;
- бассейндегі сабақтар;
- спорт түрінің элементтері және спорттық жаттығулар;
- ұйқыдан кейінгі гимнастика;
- Шынығуға арналған шаралар;
- күн тәртібінде жекелей жұмыс;
