Телефон доверия
8(7182)652276 - ясли-сад, 8(7182)321937 - отдел образования, 8(7182)320560 - управление образования
Адрес: Павлова 106/1
8(718)2652276 - руководитель, 8(718)2653465 - бухгалтерия, 8(718)2202016 - вахта
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник, четверг - 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Медициналық бет
ОРВИ мен тұмаудың алдын алу. ОРВИ – мен күрес кезінде ауру адамның қоршағандарға жұқтыру қаупін есте сақтау керек. Егер жанұяда ауру пайда болса, оны жанұя мүшелерінен, әсіресе балалардан оқшалау қажет. Аурудың күтушісі жеке гигиена ережелерін мұқият орындауы тиіс. Аурудың бөлмесіне кіргенде, ауыз бен мұрынды жабатын маска тағу керек. Эпидемия кезінде халық көп жиналатын қоғамдық орындарға (үлкен дүкендер, кинотеатр және т.б.) бармаған жөн. Мектептерде, балабақшаларда және бөбектік ұжымдарда тұмаумен ауырғандарды уақытылы анықтау өте маңызды. Үлкен көмекті мұғалімдер, тәрбиешілер, ата-аналар көрсете алады. Карантин кезінде мекемелерде, әсіресе балабақшаларда, мектептерде дұрыс санитарлық-алдын алу ережелерін ұйымдастыру керек: балаларды құнарлы, құрамында витаминдері жеткілікті тағамдармен қамтамасыз ету, қосымша демалыс уақытын ұзарту керек. Бұл бала организмін нығайтуға, инфекцияға қарсы жалпы төзімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Респираторлы аурулардың алдын алуда салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары үлкен рөл атқарады. Алдын алу мақсатында майда туралған сарымсақты дәкеге орап, балалардың мойнына іліп қоюына болады, ал кішкентай балаларға бұл дәке қапшығын төсегінің маңына байлап немесе қасына сарымсақ салынған ыдыс қою керек. Фитонцидтер – бактерияларды, вирустарды өлтіріп, олардың өсіп-өнуін жоятын, өсімдіктер қатарындағы биологиялық белсенді заттар. Алдын алу үшін күніне 2 рет 10-15 минуттан пияз бен сарымсақты танау тесіктеріне кезек-кезек иіскету немесе олардың шырынын сыртқы мұрын жолдарына, ауызға жағу пайдалы. Сонымен бірге пияз бен сарымсақты жеуге болады немесе 2-3 рет минуттай күніне бірнеше рет шайнау керек. Бірақ бұл әрекеттерді ересектердің қадағалауыменғана жасау керек. Есіңізде болсын! Салауатты өмір сүру – аурудың алдын алудың, деніңіздің сау болуының кепілдігі.   Дені саудың – жаны сау   Баланың денсаулығын сақтау мен жан-жақты жетілуін қамтамасыз ету үшін сауықтыру-тәрбие шараларына жататын: дұрыс тамақтандыру, жақсы гигиеналық күтім, еркін дене қимылы сияқты бірқатар профилактикалық әрекеттер қолданылуы қажет. Баланың организмінің күшті өсу кезеңі мектепке дейінгі жасында болғандықтан дене шынықтыру дағдыларына, осынау тез икемделіп, тез жетілетін кезде тәрбиелеу өте тиімді және нәтиже береді. Қимылды дене тәрбиесінің бала организмінің бүкіл физиологиялық механизмін нығайта және жетілдіре отырып, ауыруға төтеп бере алатын қуатты құрал бола алады. Баланы тәрбиелеуде дене шынықтыру дағдыларына үйрету :
  1. Ұйықтау мен ояу кезіндегі дұрыс тәртіп.
  2. Тамақтану.
  3. Киімі.
  4. Табиғаттың табиғи күштерін – ауаны, күнді, суды пайдалануы.
  5. Балалардың қимыл белсенділігі жатады.
Қимыл кезінде бұлшық еттер қоректік заттар мен оттегін көп пайдаланады және бұлшықет ткані, қанмен неғұрлым мол қамтамасыз етіледі. Жаттығулар кезінде жылу өнімдері молаяды,осыған байланысты тері бездерінің қызметі күшейеді.Дені сау бала өте қимылдағыш болады,одан ләззат алады. Баланың табиғаты үнемі қозғалысты қажет етеді. Қимыл- әрекет дене мүшелерінің дұрыс өсіп қалыптасуына көмектеседі, яғни дұрыс қимыл дене мүшелердің жарасымды пішінін /көкірек клеткасын, омыртқа, аяқ және басқалары/ сымбаттылығын, әдемілігін жақсы қамтамасыз етеді.