Телефон доверия
+7 (718)2 60-84-45
Адрес: ул. Павлова 82/1
"Мемлекеттік рәміздер және оның сипаттамасы"
   

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің Сипаттамасы

Гимн — бұл дыбыстық рәміз, әлеуметтік-саяси бірігуде және еліміздегі азаматтарды этномәдени біртұрпаттылықта айтарлықтай мағына береді. «Гимн» терминінің өзі гректің «gimneo» сөзінен алғанда «салтанатты ән» дегенді білдіреді.

Кез-келген халықтың тарихында музыкалық шығармалар бар, ол тарихтың белгілі бір уақытында халықтың гимні болған. Осындай ән қазақ халқында да бар. Ол Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ халқының ауыр тауқыметін көрсетуге арналған «Елім-ай» әні, оны ХVІІІ ғасырдың атақты батыры, ақын-сазгер Қожаберген жырау Толыбайұлы жазған.

Қазақстан Ресей империясының құрамында болған кезде қазақтардың бірыңғай Гимні болмады. Қазақтарды ұлт-азаттық көтерілістерге қарсы қайсар ерлікке рухтандыратын ақындар мен жыраулардың жеке әндері ғана болды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы — азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа Гимнін әзірлеу қажеттігі туындады.

Соған байланысты 1992 жылы республика Гимн мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт атақты ақын: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаевалар жеңіске жетті. Қазақстан Гимнінің әнін алғаш жазған авторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди.

2006 жылы жаңа Мемлекеттік Гимн қабылданды.

Жаңа Гимннің негізі өткен ғасырдың екінші жартысының елуінші жылдарындағы бақытты өмірді жырлаған, халыққа танымал патриоттық ән — «Менің Қазақстаным». Бұл ән — жалынды жастықтың Гимні, халық жанының нағыз поэмасы болып танылған.

2006 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Мемлекеттік нышандар туралы» Жарлыққа түзетулер енгізілді. Еліміздің жаңа Гимні болып атақты ән — «Менің Қазақстаным» («Мой Казахстан») болды. Әуенін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімеденов жазған ән ондаған жылдар халық арасында кеңінен таралды. Қазақстан Гимнінің сөзін уақыт өлшемімен үндестірген бірлескен автор — еліміздің Президенті.

Парламент палаталарының депутаттары бірауыздан осы идеяны қолдады. Бұдан кейін жаңа Гимн 2006 жылғы 7 қаңтардағы "Конституциялық заң күшіне ие «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Елбасы қол қойған № 112-ІІІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының конституциялық заңмен бекітілді. 2006 жылдың 10 қаңтары — ресми жариялау күні — тарихқа еліміздің жаңа Гимнінің туған күні ретінде жазылып отыр.

Музыкалық-поэзиялық нышанның алғашқы ресми орындалуы «Ақ Орда» Президент сарайында Астанада еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ресми инаугурациясы кезінде болды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің авторлары болып: Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев табылады