Телефон доверия
+7 (718)2 60-84-45
Адрес: ул. Павлова 82/1
"Отбасы және мен" ата-аналар сайысы

Бүгін  біздің  балабақшада ,ересек«Бөбектер »тобында  сүйікті де белсенді ата - аналарының арасында «Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей  отбасылар сайысы  өтті.Отбасы адамзат  бесігін тербеткен  ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім  алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ . Топтан 10 ата-анаөзбаласымен  қатысты. Әр топ  жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын тапсырмаларды  орындады.Балалар мен ата - аналарға  адам денсаулығының  қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық  екенін түсіндіру. Балалар және ата - аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндірумақсаттарымен  осы  сайысты  өткізіп  отырмыз.Сайыстың  соны  марапаттау рәсімімен  аяқталды.