Телефон доверия
+7 (718)2 60-84-45
Адрес: ул. Павлова 82/1
"Күзгі саябаққа саяхат"

 

«Бөбектер»ересек  тобының  балалары тәрбиешілерімен  бірге Камзин көшесінде орналасқан Гагарин саябағына барды. Саябақ  ішіндегі  орналасқан орталықтар атауларын үйрету, адамдар демалатын орындарын, балалар  ойың аланың таныту, тазалықты сақтауға үйрету, қоршаған ортаны бақылау арқылы табиғатты қорғауға, аяулауға үйрету.  Балалардың табиғатқа деген қамқорлық сезімін одан әрі ояту. Табиғатты сүйе білуге,  оны  ластамауға, өзінің екінші үйіндей сезінуге үйретуді жалғастыру. Көшеде өз-өзінді  дұрыс  үстауға, жол ережесін  бұзбауға  тәрбиелеу. Осы мақсаттармен  апарып  отырмыз. Өз ойларымен тәрбиешімен бөлісті. Сонымен қатар, саябақта қыдырып, ондағы орталықтарымен, түрлі ағаштармен, жапырақтармен  таныс  болды. Бұл саяхат балалар үшін қызықты да көңілді  саяхаттардың бірі болды.