Тақырыбы: БАЛАБАҚШАДАҒЫ ЛОГОПЕД МАМАНЫНЫҢ АТА-АНАЛАРҒА БЕРЕТІН КЕҢЕСІ.
Балалардың дұрыс сөйлеуін тәрбиелеуде ата- аналардың отбасының рөлі өте үлкен. Логопед ата- аналарға отбасындағы қызметті дұрыс ұйымдастыруға көмек береді. Ата- ана логопед маманы берген тапсырмаларды күнделікті қайталап отыру қажет. Бес жастағы және одан жоғары жас аралығындағы балалармен сабақты айна алдында өткізген дұрыс. Себебі, балалар артикуляциялық аппарат мүшелерінің қозғалысының дұрыстығын бақылай алады. Түзету жұмысының басталу кезінде сөйлем мүшелерінің қимыл қозғалысын дамыту. Дағдыланған тез рет қайталату қажет . Ата-аналар баланың артикулярлық аппараттарын бала дұрыс айтпайтын дыбыстарды дұрыс айтуды дайындауға көмектеседі. Басты дыбыстар тобына арналған жаттығулар жинағы және де ысқырық ыздың дыбыстардың дифференсациялануы, қатаң , ұяң және мұрын жолды үнді дыбыстар (р,л) мектепке даярлық топтарының балаларына өте қажет . Баламен үйде жұмыс жасағанда ата –ана мына ережелерді есте сақтауы қажет:
— Жасайтын жаттығу туралы логопедтің түсіндіру ойын түрінде әңгімелеуі:
— Айнаның алдында баланың жаттығуды жасауы;
— Жаттығуды қалай жасағанын тексеріп, қателерін түзетіп отыруы;
— Жаттығуларды орындауға баланы күштеп жұмылдырмау;
— Қолдың ұсақ маторикасына арналған ойындар ойнату ( кубик, фазыл, конструктор, және т.б.):
— Жылдам сөйлеуге жол бермеу ( өйткені бала жас кензінде ойын, көргенін тез жеткізуге тырысады. Оның ақыры тұтығуға әкеліп соғуы мүмкін):
Жаттығуларды әдетте айнаның алдында отырып жасайды. Балаларға қызықты болуы үшін ойын түрінде өткізу тиімді. Бала барлық жаттығуларды бірден істей алмауы мүмкін. Бұл оның алдыңғы жұмыстан бас тартудан әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ата- аналар баланың назарын істей алмаған нәрсесіне аудармай оны жігерлендіріп, бұдан гөрі оңайырақ өтіліп қойған материалдарды көрсетіп, бұны да кезінде орындау оңай болмаған дегені дұрыс. Келесі жаттығуларға тек алдыңғы жаттығу ұғындырылып болған соң көшкен дұрыс. Дыбысты дұрыс айтуды тәрбиелеудегі барлық жұмысты ата аналар тәрбиешілермен және логопедпен ақылдасады. Олармен барлық қиын жағдайлар туғанда ақылдасып кеңес алып тұрады.
- 1. Әр іс әрекет кезінде өз балаңызбен сөйлесіңіз, мысалы, тамақ жасау кезінде, үй жинап жүргенде, киіндіріп-шешіндіргенде, ойнағанда, серуенге шыққанда және т.б. не істеп жатқаныңызды, не көргеніңізді, бала не істегенін, басқа адамдар не істеп жатқандарын және баланың не көріп отырғанын айтып отырыңыз.
- 2. Асықпай сөйлесіңіз, қалыпты темпте, интонациямен.
- 3. Құрастырылған сөздерді, сөйлемдерді дұрысқолданып айтыңыз. Сіздің сөйлеміңіз баланың сөйлемінен 1 – 3 сөзге ұзын болу керек. Егер де сіздің балаңыз өз ойын әлі тек бір сөздік сөйлемдермен ғана білдірсе, онда сіздің сөйлемшеңіз екі үш сөзден тұру керек.
- 4. Ашық сұрақтарды қойыңыз. Бұл балаңыздың жауап бергенде бірнеше сөздерді қолдануға итермелейді. Мысалы: «Ол ойнып отыр ма?» дегеннің орнына «Ол не істеп отыр?». Егер де бала жауабында қиналса, сұрақты қоя отырып «немесе» деген сөзді қолданыңыз. Мысалы: «Бала секіріп тұр ма немесе жүгіріп бара ма?».
- 5. Баланың сөйлеуіне және сұрақтарға жауап беруіне мүмкіндік үшін, уақытты кішкене созып тұрыңыз.
- 6. Сізді қоршаған дыбыстар мен дауылдарды таңдаңыз. Балаға айтыңыз: «Тыңдашы, ит қалай үретінін, ал бұл желдің дауылы» және т.б. Ал сосын сұраңыз «Бұл не?» Бұл иттің үруі, желдің дауылы, ұшақтың дыбысы, жапытақтардың сылбыры, өзеннің сылдырлап ағуы және т.б.
- 7. Қысқа әңгіме, оқиғаны айтыңыз. Сосын балаға бұл оқиғаны сізге немесе басқа кісіге айтып беруіне көмектесіңіз. Қиналған кездеріңде, бағыттайтын сұрақтарды қойыңыз.
- 8. Егерт де бала сөйлегенде бірнеше ғана сөздерді қолданса, оның сөздік қорын байыту үшін жаңа сөздермен таңыстырыңыз. 5-6 сөз таңдаңыз (дене бөліктері, ойыншықтар, азық-түліктер) және оларды балаға атаңыз. Оған сөздерді қайталауға мүмкіндік беріңіз. Бала оларды үздік дыбыстайды деп күтпеңіз. Баланы жандандырып, сөздерді жаттатқыздыра беріңіз. Бала сөздерді дыбыстаған кейін, 5-6 сөзді енгіздіріңіз. Бала оны қоршап жатқан көп заттардың аттарын меңгергенше дейін, осылай сөздерді қосып отырыңыз. Күн сайын жаттықтырыңыз.
- 9. Егер де бала бір сөз ғана айтса, оған қысқа сөйлемшелерді жаттатқыздырыңыз. Балаңыз білетін сөздерді қолдаңыңыз. Түс, көлем, әрекетті қосыңыз. Мысалы: егер де бала «доп» десе, кейін оны «улкен доп», «Арманның добы», «дөңгелек доп» деуге үйретіңіз.
- 10. Жаттығулардың көбін ойын түрінде өткізіңіз. Баламен жұмыс оның сөзді еліктеуін, байланыс тілдің элементтерінің қалыптасуын, естің және зейіннің дамуын белсендіреді.
