Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+7 (718)2 60-84-45
Адрес: ул. Павлова 82/1
Гипербелсенді балалардың ата-аналары мен педагогтарға ұсыныс

Гипербелсенді балалардың ата-аналары мен педагогтарға ұсыныс

 

АТА-АНАЛАРҒА ҰСЫНЫС

·         Тәрбиеде нақтылық пен бірізділікті ұстаныңыз

·         Баламен қарым-қатынаста сенім мен түсіністік қалыптастырыңыз

·         Балаға қатты ережелер жүктемей, оның жүріс-тұрысын қадағалаңыз

·         Баланың әрекеттеріне ол күтпеген әдістермен жауап беріңіз (қалжыңдау, оның қылықтарын қайталау, оны суретке түсіру, бөлмеде жалғыз қалдыру)

·         Өз қалауыңызды дәл сондай сөздермен, сөздерді өзгертпей бірнеше рет қайталаңыз

·         Бала өз қылықтары үшін міндетті түрде кешірім сұрау керек деген қағидадан аулақ болыңыз

·         Бала не айтқысы келсе де соңына дейін тыңдаңыз

 

Отбасындағы микроклиматты өзгеру:

·         Балаға көп көңіл бөліңіз

·         Бос уақытты барлық отбасы мүшелерімен өткізіңіз

·         Бала бар жерде ұрсысудан аулақ болыңыз

·         Күн тәртібіне және бала сабақққа дайындалуға арнайы орын қажет

·         Балаға және барлық отбасы мүшелеріне нақты күн тәртібін жасап қойыңыз

·         Балаға тапсырманы, көңілін басқа жаққа аудармай, қалай орындауға болатынын жиі көрсетіп отырыңыз

·         Бала сабақ оқып отырған сәтінде көңілін аудартатын факторларды азайтыңыз

·         Балаға теледидар алдында ұзақ отыруға, компьютермен жұмыс жасауға шектеу қойыңыз

·         Көп адамдар жиналған ортадан аулақ болуға тырысыңыз

·         Шектен тыс шаршау, гипербелсенділіктің өсуі мен өз эмоцияларын реттеудің төмендеуіне әкелетінін ұмытпаңыз

 

ПЕДАГОГТАРҒА ҰСЫНЫСТАР

·         Зейін ауытқушылығы бар және гипербелсенді балалардың психологиялық ерекшелігі жайлы оқыңыз

·         Баламен жеке жұмыс жасаңыз. Ол әрқашан тәрбиешінің көз алдында болу қажет.

·         Күн тәртібінің сәттері, мүмкіндігінше, әрқашан орындалу қажет.

·         Сабақ құрылымы бірізділікті құрылу керек.

·         Сабақ барысына сергіту сәттерін қосыңыздар.

·         Сабақ барысында балалардың әрекеті еркін болу керек және мәжбүрленген болмағаны дұрыс. Мүмкіндігінше, гипербелсенді бала сабақ үстінде тұрып, жүруіне рұқсат етіңіз.

·         Гипербелсенді бала қиналған сәтінде өзінің қалауы бойынша көмек беріңіз.

·         Гипербелсенді баланың күш қуатын тиімді істерге бағыттаңыз: ойыншықтарды тарату, ыдыстарды таратуға көмектесу.

·         Түбегейлі оң немесе теріс көзқараспен қараудан аулақ болыңыз. Ол оқу мен жүріс-тұрыстың реттелу қабілетін төмендетеді

·         Жетістікке деген жағымды мотивация жасаңыз:

·         Бағалау жүйесінің белгісін енгізу

·         Баланы жиі мақтаңыз

·         Балаға деген тым жоғары не болмаса төмен талаптар қоймаіңыз

·         Тапсырманы баланың қабілетіне сай беріңіз

·         Гипербелсенді бала өзінің мықты жақтарын көрсете алатын жағдай тудырыңыз

·         Сабақ барысында мәселелі оқыту, ойын, жарыс элементтерін қосыңыз

Баланың жағымсыз қылықтарын елемеңіз және жағымды жақтарын мадақтап отырыңыз