Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87472570462 (педагог-психолог Постоялко Максим Николаевич)
Адрес: М. Горький к-сі, 33 ғимарат
тел.: 67-77-00 факс: 67-77-02
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 18-ден 19-ға дейін
Оцените работу нашего сайта
Голосовать
неудовлетворительно - 110
отлично - 88
удовлетворительно - 59
хорошо - 58
Всего проголосовало: 315
Смотреть результат
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Мәңгілік Ел

"«Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел - бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл - кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...»." Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен 2014 жылғы 15 желтоқсан

Біз, байырғы қазақ жерінде бір тағдыр және тарихи жад арқылы байланысқан, Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған Қазақстан азаматтары, көптеген ұрпақтың Тәуелсіздік туралы арманын іске асырып, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымызды, бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен тұтастықтың маңыздылығын сезініп, қоғам мен мемлекеттің жоғары мүдделерін негізге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында осы Мәңгілік Ел - патриоттық актісін қабылдаймыз Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді. Елбасының маңына топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан өттік және бүгінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның - қуатты әрі табысты мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз.Мәңгілік Ел. Мәңгілік Елдің – өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар - отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан. Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.