Ата-аналарға кеңес беру
"Балаларды табиғатты сүюге және қорғауға үйретіңіз"
Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру үшін қолданушыларға қоршаған орта туралы білім беріп табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін оятып, табиғат сақтау мен қорғауға тартып, балалардың ойлау қабілетін қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асыру керек, экология саласына арналған басылымдарды насихаттай табиғатты қорғауға, сақтай білуге тәрбиелеу тәрбиешілердің де басты борыштарының бірі екені анық. Бұл шаралар қолдаушылардың мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Табиғат сұлулығын сақтай білу, одан ләззат ала білу әр адамның мәдениеттілігінің басты көрсеткіші болуы тиіс.
Табиғат халық қазынасы дей келе, оның байлықтарын пайдалана отырып, қорғау бәрімізге қажет екенін мектеп жасына дейінгі балалар бойына сіңіре білейік. Бәріміздің міндетіміз – түсінікті қалыптастырып, мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты қорғау жұмыстарына белсенді салауаттылық пен араластыруға баулу. Табиғат ананы қорғау, аялау барша жұрт үшін тіршілік қамы, табиғи қажеттілікке жататындықтан, оқырмандарды табиғатты қорғауға тәрбиелеу баршамыздың борышымыз екенін ұмытпайық. Өміріміздің тіршілік етіп отырған табиғатты қорғау және оның сан алуан байлықтарын барынша ұқыпты пайдалану бүкіл адамзат алдында тұрған келелі де күрделі мәселелердің біріне айналды.
Жер бетінде бейбітшілікті сақтаудың өзі, тікелей табиғат қорғау мәселесімен өте тығыз байланысты. Сондықтан мемлекеттер арасындағы келіссөздердің бәрінде проблемалар еш уақытта күн тәртібінен түскен емес.
Қазір елімізде халық шаруашылығының әр салаларының тез дамуы нәтижесінде табиғатқа орны толмас зиян келіп отырғанда, балаларды тәрбиелеудің зор маңызы бар. Себебі, табиғатты ластаудың шегі бар деп айтуға болмайды. Ауа да, су да мол мөлшерде ластануда. Ал олар бұдан былай да осы дәрежеде ластана беретін болса, болашақ ұрпақтардың өмір сүруіне үлкен нұқсан келенін сөзсіз. Сондықтан да, табиғатты қорғау оқушылардың тек міндеті ғана емес, абыройлы борышы. Әркім өзін қоршаған табиғи ортаның құрылысын, оның ерекшеліктерін, оларды бұзбай сақтаудың жолдарын, табиғат аясындағы өзінің жауапкершілігін білуге міндетті деп есептеймін. Кішкентай ғана бүлдіршіннен, еңкейген қарияға дейін жас кәрінің табиғат анасымен қиянаттасуға бармай, сыйластықпен өмір сүру керек.
