Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп психологінің беті

 

 

 

 

Жас жеткіншекке жадынама

«Егер де сен қандай да бір қиын жағдайға душар болсаң»

 

Егер де сен қандайда бір қиын жағдайға душар болсаң, есіңде болсын шешілмейтін жағдайлар болады. Шешілетін жолдар әрқашанда бар, тек қана соны таба білу керек. Егер біздің ұсынып отырған кеңестерімізді пайдалаңсаң, сен сол қиын жағдайдан, өзіңе үлкен шығын келтірмей, шыға аласың.

1 кеңес. Қиын жағдайға түсіп қалсаң үрейге  немесе күйзеліске түспе. Жағдайыңа өзің анық талдау жасауға тырыс.

2 кеңес.Осы қалыптасқан жағдайды кім жасады соны анықта.  Егер өзің болсаң, барлық жауапкершілікті өзіңе ал. Жақсылап ойлан? Тағы да қай жерден? Қандай қауіп болуы мүмкін.

3 кеңес. Осы қалыптасқан жағдай туралы кімге ашық айта аласаң, соны ойла.

4 кеңес. Өзіңнің қиын жағдайыңмен жалғыз қалмауға тырыс. Өйткені айналаңа өтірік айтуға мәжбүр боласың. Өтірік – бұл сен үшін тағы да қиын жағдай.

5 кеңес. Өзіңнің құпияңа сақ бол. Нақты көмек бере алмайтын, бірақ саған жаны ашитын жолдасыңа өзіңнің жағдайыңның шешуін жүктеме. Саған одан жеңілдік болмайды.

6 кеңес. Саған нақты көмек көрсете алатын, өмірлік тәжірибесі мол жасы үлкен адамнан көмек сұра. Егер ол сенің  ата-анаң немесе туысқаның болса тіпті жақсы.

7 кеңес. Ата-ана алдындағы үрейіңді бас. Өз қолыңмен жасағаныңды мойныңмен көтере білу керек. Есіңде болсын бұлттан кейін, күн жарқырап шығады.

8 кеңес. Жағдайыңды өзің ғана түзейсің, оған сену керек, ешқашанда қорықпа.  Қорқыныш – сенің көмекшің және досың емес. Қорқыныш – жалғыз адамдардың жолдасы. Ал сен жалғыз емессің! Егер сен көмек сұрасаң, саған әрқашанда көмек көрсетіледі.

 

Жадыда сақтау қабілетінің бірнеше заңдылықтары.

 

1. Есте сақтаудың қиындылығы көлемі жағынан пропорционалды емес дамиды. Қысқа дәйек сөздері жаттағанша, үлкен бөлікті оқу тиімді.

2. Жұмыс барысында бірдей есте сақталғанның саны көбірек болса, түсінгеннің дәрежесі ауқымды болады.

3. Реттеліп жаттаған құрамадан тиімді. Үзіліс жасап оқу қатарынан оқығаннан жақсы, аздап оқығаны жақсы.

4. Көбірек қайталап оқығаннан жадында қалдырғанды еске түсіруге көп уақыт жұмсаған тиімді. 

5. Егер екі материалмен жұмыс жасасаңыз - үлкен және кіші, үлкенінен бастаған жөн.

6. Адам түсінде есіне сақтамайды - бірақ ұмытпайды.

 

Жұмыс істеу қабілетін жақсартуға жағдай жасау.

 

1. Ақыл-ой еңбегі мен  дене еңбегін алмастыру.

2. Гимнастикалық жаттығу жасағанда баспен тұру, секіріп айналу жаттығуларына көп көңіл бөлу керек. Өйткені осы жаттығулар негізінде ми клеткаларына қан көп келеді.

3. Көзді қорғау керек, 20-30 минут сайын  үзіліс жасап отыру керек.

4. Теледидар хабарларын көруді қысқарту қажет!

     Психологиялық бейімделу мәселелері

 

Адаптация термині түрлі ғылым саласында қолданылады және соған орай оның талдауы әрқилы.Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық статусқа ие болу,қандай да бір қоғамдағы рөлдік функцияларды игеру процесі. Әлеуметтік-психологиялық адаптация процесінде тұлға өмір мен іс-әрекеттің ішкі және сыртқы жағдайлары арасында үйлесімге қол жеткізуге ұмтылады. Толық бейімделу барысында адамның психикалық іс-әрекеттің орта шарттарына адекваттылығы жүзеге асады.Қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында,күрделі экономикалық және саяси өзгерістер жастар ғана емес,жалпы адам психикасына елеулі әсер ететіні белгілі. Осыған байланысты адамның бейімделуін зерттеу адам мен оны қоршаған орта қатынасының динамикасын көбеюімен,сондай-ақ психология ғылымының негізгі зерттеу обьектісі-тұлға,оның қалыптасуы мен дамуы мәселесінің маңыздылығымен байланысты ерекше ауқымды орын алып отыр.

 Қазіргі таңда қыркүйек пен қараша айларында, 1, 5, 10 сыныптар арасында бейімделу кезеңдері өтіп жатыр. Сонымен қатар сабаққа кіру,оқушылармен әңгіме жүргізу,психодиагностикалық жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға жеке кеңестер берілді. Бейімделу кезеңінде «5» сыныптар61 оқушы құрайды.

«5» сынып оқушыларымен  психодиагностика өткізілді.  Ес,зейін,ойлау қабілеттері,  « Мотивация» « Социометрия» «Темперамент(Айзинк) әдістемесі бойынша. Психокорекция түзету жұмыстары. «Джунглияда жауған жаңбыр» «Біздің топтың жүрегі» «Мен және мені қоршап т ұрған орта» «Бір –біріңе жақында»

“Бесінші сынып дегеніміз не?”, “Біз және біздің дағдымыз”, “Біз және біздің кемшіліктеріміз бен жетістіктеріміз”, “Біз және біздің сынып” атты тренингтер, сауалнамалар жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша оқушылардың бейімделу деңгейлері, жоғары деңгейді көрсетті.

5-сынып оқушыларын зерттеу барысында келесі аспектілерге көңіл бөлу керек.

1.баланың танымдық іс-әрекектінде еөрінетін психологиялық ерекшіліктері

-когнитивті үрдістердің даму деңгейі мен феноменінің педагогикалық талаппен байланысы;

-танымдық іс-әрекеттерінің жеке ерекшеліктері;

-ақыл-ойының қабілеттілігі,ақыл-ой әрекетінің өсуі

2.Жеке-мотивациялық өрісінің ерекшеліктері

-мазасыздық

3.Оқушының әлемге көзқарасы қарым-қатынасы жүйесінің ерекшеліктері

-оқушының сыныптастарымен эмоционалды қарым-қатынас;

Мектептегі маңызды іс-әрекеттерге қатынасын(ерекше ескеретін нәрсе,ол бала біріншіден,қарым-қатынаста өзінің жеке позициясын,сондай-ақ осы қарым-қатынастардың эмоционавлдық жағдайын қабылдауы қалай екенін ескеру қажет)

10- сынып оқушыларынан «Интеллектуалдық кәсіптік қабілеттілік» тесті және «А.Климовтың дифференциалды-диагностикалық» сауалнамасы жүргізілінді. Мақсат- оқушылардың пәндер бойынша логикалық  деңгейлерін және пән аралық байланыстарын анықтау. Оқушылардан социометрия сауалнамасы жүргізілді,  агрессия « Басса Дарки» темпераментттері анықталды.

            Оқушылардың жоғарғы буынға бейімделуі және пәнге деген қызығушылықтары жоғары деңгейде. Сынып жетекшілерімен қарым-қатынастары жақсы. Бірақ кейбір оқушылардың пән мұғалімдерімен қарым-қатынасы орта деңгейде. Оқушылар математика, химия, ағылшын пәндерінен қосымша сабақтар болса екен деп тілейді.

               Зерттеу жұмыстары жүргізілінді.

Мақсаты- есте сақтау қабілетінің төмен екендігі

 және сыныптағы  оқушылармен қарым қатынасын байқау.

Жүргізілген әдістемелер;

Зерттеу барысында Кери Йирасектің мектептік жетілу тестінің көмегімен оқушылардың мектепке бейімделуі деңгейі   анықталды.  Тест қорытындысы бойынша оқушылардың   бейімделуі деңгейі орташа.

     Есте сақтауды дамытуға арналған ойындар жүргізілінді; «Менің ісімді қайтала» мақсаты- есту қабілетін дамыту, «Тыңда және орында» мақсаты-зейінді және ойды дамыту.  1-сыныптарды   зерттеу барысында жаттаудың түрлі әдістері қолданылды: көру арқылы есте сақтау, және қол қимылы арқылы есте сақтау. Үш әдістің ішінен  қолайлы болған әдіс- қол қимылы арқылы есте сақтау әдісі. Бұл әдіс жаттаудың мағынасына қарай қолды қимылдатып отырамыз.

Жұмыс жасау барысында түрлі суреттер салынды:

Жоғалған қанаттарды тап

Аңдардың құйрықтарын сал  

Осындай жеке жұмыстар басқада сынып оқушыларымен жүргізілді

Бастауыш сыныптарының 2 « В» сыныбының ата-аналарына сауалнамалар жүргізіліп,ұсыныстар ұсынылды.

  Түлектерге ақ тілек!  

Ақ арманның қанатын қаққанда,

Сәттілік нұрын шашсын жолдарыңда.

Жан-жағыңа әрдайым бақыт тұнып,

Бастарына қонсыншы бақыт күліп.

Үлкен арман қай кезде де жол табар,

Кезің келді намыс жүгін арқалар.

Қадамдарын сәтті болсын әрдайым,

Әр қайсысың ойдағыдай бал алып,

Тек жеңіспен жарқырасын маңдайын!

 

ҰБТ -ке қатысу! Психологиялық кенес!

Аффирмация - (өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады).

  • Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.
  • Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.
  • Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.
  • Болып жатқан істің барлығы - менің игілігім үшін жасалуда.
  • Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтты мүмкіндіктер қалыптасып келеді.
  • Мен қандай болсам, өзімді сол қалыпымда жақсы көрем.
  • Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.
  • Менің өміріме сәттіліктің, атақ - данқтың келуін қуана қабылдаймын.
  • Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.                                                                Мектеп түлектерінен сауалнама алынып, психологиялық кеңес беру арқылы оқушылармен диагностикалық зерттеулер жүргізілді.                                              

 

13 қараша күні 8 « Ә» сыныбымен  « Тұлғаның креативтілігін дамыту» атты тренинг өткізілді.

 

  

      

    13 қараша күні мектеп психологтері Әлеуметтік волонтерлық орталығымен бірлесе отырып 8 «Ә» сыныбымен  «Тұлғаның креативтілігін дамыту» атты тренинг өткізілді. Оқушылар белсене қатыса  отырып, ойларын ашық айта білді.

  

  

ҰБТ-ға дайындық кезінде психологиялық кеңес беру

 

7 "Б" сынып оқушыларымен түзету дамыту жұмыстарын өткізу

9 "А" сынып оқушыларымен "Болашақта менің таңдайтын мамандығым" жөнінде әңгіме жүргізу

 

1 "А" сынып оқушыларымен психологиялық ойындар өткізу барысында