Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бухар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник с 16.00 до 18.00 часов Четверг с 14.00 до 16.00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Страничка школьного психолога

 

 

Ахметжанова С.М. -  І санатты

мектеп психологі
 

 

 

Жас жеткіншекке жадынама

«Егер де сен қандай да бір қиын жағдайға душар болсаң»

 

Егер де сен қандайда бір қиын жағдайға душар болсаң, есіңде болсын шешілмейтін жағдайлар болады. Шешілетін жолдар әрқашанда бар, тек қана соны таба білу керек. Егер біздің ұсынып отырған кеңестерімізді пайдалаңсаң, сен сол қиын жағдайдан, өзіңе үлкен шығын келтірмей, шыға аласың.

1 кеңес. Қиын жағдайға түсіп қалсаң үрейге  немесе күйзеліске түспе. Жағдайыңа өзің анық талдау жасауға тырыс.

2 кеңес.Осы қалыптасқан жағдайды кім жасады соны анықта.  Егер өзің болсаң, барлық жауапкершілікті өзіңе ал. Жақсылап ойлан? Тағы да қай жерден? Қандай қауіп болуы мүмкін.

3 кеңес. Осы қалыптасқан жағдай туралы кімге ашық айта аласаң, соны ойла.

4 кеңес. Өзіңнің қиын жағдайыңмен жалғыз қалмауға тырыс. Өйткені айналаңа өтірік айтуға мәжбүр боласың. Өтірік – бұл сен үшін тағы да қиын жағдай.

5 кеңес. Өзіңнің құпияңа сақ бол. Нақты көмек бере алмайтын, бірақ саған жаны ашитын жолдасыңа өзіңнің жағдайыңның шешуін жүктеме. Саған одан жеңілдік болмайды.

6 кеңес. Саған нақты көмек көрсете алатын, өмірлік тәжірибесі мол жасы үлкен адамнан көмек сұра. Егер ол сенің  ата-анаң немесе туысқаның болса тіпті жақсы.

7 кеңес. Ата-ана алдындағы үрейіңді бас. Өз қолыңмен жасағаныңды мойныңмен көтере білу керек. Есіңде болсын бұлттан кейін, күн жарқырап шығады.

8 кеңес. Жағдайыңды өзің ғана түзейсің, оған сену керек, ешқашанда қорықпа.  Қорқыныш – сенің көмекшің және досың емес. Қорқыныш – жалғыз адамдардың жолдасы. Ал сен жалғыз емессің! Егер сен көмек сұрасаң, саған әрқашанда көмек көрсетіледі.

 

Жадыда сақтау қабілетінің бірнеше заңдылықтары.

 

1. Есте сақтаудың қиындылығы көлемі жағынан пропорционалды емес дамиды. Қысқа дәйек сөздері жаттағанша, үлкен бөлікті оқу тиімді.

2. Жұмыс барысында бірдей есте сақталғанның саны көбірек болса, түсінгеннің дәрежесі ауқымды болады.

3. Реттеліп жаттаған құрамадан тиімді. Үзіліс жасап оқу қатарынан оқығаннан жақсы, аздап оқығаны жақсы.

4. Көбірек қайталап оқығаннан жадында қалдырғанды еске түсіруге көп уақыт жұмсаған тиімді. 

5. Егер екі материалмен жұмыс жасасаңыз - үлкен және кіші, үлкенінен бастаған жөн.

6. Адам түсінде есіне сақтамайды - бірақ ұмытпайды.

 

Жұмыс істеу қабілетін жақсартуға жағдай жасау.

 

1. Ақыл-ой еңбегі мен  дене еңбегін алмастыру.

2. Гимнастикалық жаттығу жасағанда баспен тұру, секіріп айналу жаттығуларына көп көңіл бөлу керек. Өйткені осы жаттығулар негізінде ми клеткаларына қан көп келеді.

3. Көзді қорғау керек, 20-30 минут сайын  үзіліс жасап отыру керек.

4. Теледидар хабарларын көруді қысқарту қажет!