Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Оқушыларға арналған кеңестер

ҰБТ -ке қатысу! Психологиялық кенес!

Аффирмация - (өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады).

  • Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.

  • Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.

  • Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.

  • Болып жатқан істің барлығы - менің игілігім үшін жасалуда.

  • Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтты мүмкіндіктер қалыптасып келеді.

  • Мен қандай болсам, өзімді сол қалыпымда жақсы көрем.

  • Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.

  • Менің өміріме сәттіліктің, атақ - данқтың келуін қуана қабылдаймын.

  • Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.

 

Жас жеткіншекке жадынама

«Егер де сен қандай да бір қиын жағдайға душар болсаң»

 

Егер де сен қандайда бір қиын жағдайға душар болсаң, есіңде болсын шешілмейтін жағдайлар болады. Шешілетін жолдар әрқашанда бар, тек қана соны таба білу керек. Егер біздің ұсынып отырған кеңестерімізді пайдалаңсаң, сен сол қиын жағдайдан, өзіңе үлкен шығын келтірмей, шыға аласың.

1 кеңес. Қиын жағдайға түсіп қалсаң үрейге  немесе күйзеліске түспе. Жағдайыңа өзің анық талдау жасауға тырыс.

2 кеңес.Осы қалыптасқан жағдайды кім жасады соны анықта.  Егер өзің болсаң, барлық жауапкершілікті өзіңе ал. Жақсылап ойлан? Тағы да қай жерден? Қандай қауіп болуы мүмкін.

3 кеңес. Осы қалыптасқан жағдай туралы кімге ашық айта аласаң, соны ойла.

4 кеңес. Өзіңнің қиын жағдайыңмен жалғыз қалмауға тырыс. Өйткені айналаңа өтірік айтуға мәжбүр боласың. Өтірік – бұл сен үшін тағы да қиын жағдай.

5 кеңес. Өзіңнің құпияңа сақ бол. Нақты көмек бере алмайтын, бірақ саған жаны ашитын жолдасыңа өзіңнің жағдайыңның шешуін жүктеме. Саған одан жеңілдік болмайды.

6 кеңес. Саған нақты көмек көрсете алатын, өмірлік тәжірибесі мол жасы үлкен адамнан көмек сұра. Егер ол сенің  ата-анаң немесе туысқаның болса тіпті жақсы.

7 кеңес. Ата-ана алдындағы үрейіңді бас. Өз қолыңмен жасағаныңды мойныңмен көтере білу керек. Есіңде болсын бұлттан кейін, күн жарқырап шығады.

8 кеңес. Жағдайыңды өзің ғана түзейсің, оған сену керек, ешқашанда қорықпа.  Қорқыныш – сенің көмекшің және досың емес. Қорқыныш – жалғыз адамдардың жолдасы. Ал сен жалғыз емессің! Егер сен көмек сұрасаң, саған әрқашанда көмек көрсетіледі.

 

Жадыда сақтау қабілетінің бірнеше заңдылықтары.

 

1. Есте сақтаудың қиындылығы көлемі жағынан пропорционалды емес дамиды. Қысқа дәйек сөздері жаттағанша, үлкен бөлікті оқу тиімді.

2. Жұмыс барысында бірдей есте сақталғанның саны көбірек болса, түсінгеннің дәрежесі ауқымды болады.

3. Реттеліп жаттаған құрамадан тиімді. Үзіліс жасап оқу қатарынан оқығаннан жақсы, аздап оқығаны жақсы.

4. Көбірек қайталап оқығаннан жадында қалдырғанды еске түсіруге көп уақыт жұмсаған тиімді. 

5. Егер екі материалмен жұмыс жасасаңыз - үлкен және кіші, үлкенінен бастаған жөн.

6. Адам түсінде есіне сақтамайды - бірақ ұмытпайды.