Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мұражай

Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолыбілім жүйесі. Павлодар қаласының білім ордасына айналған №2 мектеп 1965 жылы құрылды. 2011-2012 жылдар ішінде білім шаңырағы қазақ деген ұлтымыздың қасиетті қара шаңырағына айналды. 50 жыл жұмысында осы оқу орнын 6 412 оқушы бітірді. Түлектердің 18-і үздік, 8-і медальмен бітірді.
Бүгінгі күнде мектепте 938 оқушы оқиды: қазақ тілінде оқитын 34 сынып-жиынтық, гимназия сыныптары - 11, терендетіп оқыту – 3 сынып, экперимент - 2 сынып. 2017-2018 оқу жылы 1,5 параллель гимназиялық сыныптар ашылды, ағылшын тілі мен информатиканы тереңдетіп оқыту, сонымен қатар ағылшын тілін ерте оқыту енгізілді.

Хотиненко Владимир Иванович - 1952 жылы 20 қаңтарда Алтай өлкесінің Славгород қаласында  туды, ССССР.Ресей кинорежиссёрі, әртіс, сценарист, педагог. Ресей Федерациясының халық әртісі. Павлодар және Славгород мектептерінде оқыды (Қазақ ССР). Мектепті бітірген соң Павлодар трактор зауытының суретші-конструкторы болып жұмыс істеді. Виталий Ерёминның жетекшілігімен «Гринабель» жастар ұйымына қатысуы оның мектептік жылдарында Владимирдің өмірлік қалыптасуы мен мінез-құлқының шынығуына үлкен әсерін тигізді. 1967жылы Свердлов архитектура институтын үздікпен бітірді, содан кейін СССР ІІМ ішкі істер әскерінде қызмет етті.1978 – 1982 жылдарында «Гонка с преследованием»«Дым Отечества»«Казачья застава», «Вот такая музыка» Свердлов киностудиясының фильмдерінде суретші-қоюшы.1981 жылы Сценаристер және режиссерлер жоғары курстарын бітірді (Н. Михалковтың шеберханасы). Никита Михалковтың «Несколько дней из жизни И. И. Обломова», «Пять вечеров», «Родня» фильмдерінде режиссёрдің ассистенті болып жұмыс істеді. Хотиненконың режиссёрлік дебюті «Один и без оружия» филмі болды, оны Павел Фаттахутдиновпен бірге 1984 жылы түсірді. Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінде (ВГИК) режиссура кафедрасының меңгерушісі. Ойын киносының Сценаристер және режиссёрлер жоғары курстарында режиссурадан сабақ береді. Мәскеу теледидар және радио хабарларын тарату институтында  Режиссура Факультетінің Шеберханасын басқарады («Останкино). 2010 жылдың 26 тамыздан бастап – Мәдениет бойынша Партриарх кеңесінің мүшесі (Орыс православие шіркеуі). 2017 жылдың наурызында Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасының құрамына кірді. Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі жанында 2016 жылдан бастап Қоғамдық кеңестің мүшесі. Мектебіміздің 1969 жылғы түлегі.

Султанова Раиса Ахметовна – 1972 жылдан бастап тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

Зарецкая Нина Семеновна  1968 жылдан бастап математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

1965 - 1975 жылдар арасындағы мектеп түлектері

Бастауыш сынып мұғалімдері

1974 жылдан бастап Чешева Алевтина Яковлевна мектеп медбикесі болып жұмыс атқарды.

Коволева Люда 1973 - 1978 жылдары пионервожатый болып жұмыс істеді.

Алтын ұя мектебімізде 1976 жылы мамыр айында музей ашылды. Музейдің негізін қалаушы - Волченко Григорий Григорьевич.

1975 - 1979 жылдар арасындағы мектеп түлектері

 

Чава Александр Владимирович мектепті 1982 жылы аяқтады. Сынып жетекшісі Соколова Л.И. Мектептен кейін А.С. Попов атындағы ВВМУРЭ оқыды. Мәскеуде құпиялы орталықта жұмыс істеді.

Голубничая Галина Викторовна 1982 жылдың түлегі. Мектепті жақсы аяқтап, химико-механикалық техникумға оқуға түсті. Кейін ПХЗ-да экономист болып жұмыс атқарды.

Фадеева Лариса Александровна 1988 жылдан бастап математика мұғалімі болып жұмыс істеді. 

Мусина Калима Кайруллиновна 1985 жылдан бастап неміс тілі мұғалімі болып жұмыс істеді.

Мектеп мақтанышы!

 1983 - 1989 жылдар арасындағы мектеп түлектері

1999 жылдың түлектері

Мектеп әкімшілігі

2012 жылы қазақ тілі кабинеті ашылды

2014 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің кабинеті ашылды

2016 жылы шахмат кабинеті ашылды

2017 жылы робототехника кабинеті ашылды

Мектеп түлектері