Сенім телефоны
8(7182)550984
email: pav2school@bk.ru
Мекенжайы: Короленко, 9/1
8(7182)550984, 8(7182)559740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Жұма сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
Бір жылда3012644
Бір айда287480
Бір аптада65348
Кеше11629
Тәулік3662
Ата-аналар қауымдастығы алдында 2018-2019 оқу жылындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің мектептік ашық баяндамасы

Ата-аналар қауымдастығы алдында

2018-2019 оқу жылындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің мектептік

ашық баяндамасы

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, жергілікті атқару органдарының өкілдері! Бүгінгі мектептік ашық баяндама І тоқсан қорытындысы мен мектепте атқарылып жатқан оқу-тәрбие жұмыстарына негізделеді.

ХХІ ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы ғылым-техникалық әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі.

Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады.

Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Қазақстан  2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген[1,5].

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сүйеніп, қабылданған нормативтік құқықтық құжатқа мектеп жарғысы жатады. Өткен 2017-2018 оқу жылында мектеп жарғысына толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Жарғы мектеп ережесі мен оқушының мектеп формасы туралы білім беру саласындағы стратегиялық құжаттарға негізделген жаңа ережемен толықтырылды. Бұл ережелер ата-аналардың қамқоршылық кеңесі мен ұстаздар ұжымы, әкімшілік кеңесінде талқыланып, бекітілді.

Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Заманауи мектептердің мақсаты-жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау.

ҚР Конституциясы мен Елбасы Жолдауында көрсетілгендей, білім беру саласына соңғы кезде ерекше көңіл бөлініп отыр. Соның нәтижесінде, мектепте робототехника кабинеті, шахмат кабинеті, облыс әкімінің қолдауымен компьютерлік парк толықтырылды. Жаңа кабинеттерді ерекше қолдауды қажет ететін оқушылар контингенті де, қалыпты оқушылар контигенті де тең пайдаланады. Жергілікті бюджет есебінен 3 сыныпқа оқушы жиһаздары жаңартылды.

Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен болатын. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Біздің мектепте көптілділік курсынан физика, химия, информатика пәндерінен төрт мұғалім өтіп, бүгінгі күні оқушылармен тиімді жұмыс атқарып жүр.2018-2019 оқу жылынан бастап көптілді оқыту эксперимент ретінде енгізілді. 7а сыныбында химия, физика, информатика пәндері, 9а сыныбында «Информатика негіздері» факультативі қазақ және ағылшын тілінде өткізіледі.

 Елбасының өзі «Біз ағылшын тілін игеруге серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады»,- деп атап көрсеткен болатын.

Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстандық білім беру жүйесін жақсарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады.

 Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды  дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда[3,6]. 

Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп келеді. 2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім бағдарламасына 1,2,5,7 сыныптармен қатар 3,6,8 сыныптар көшті. 2020 оқу жылына дейін барлық сыныптарды толық жаңартылған бағдарламаға көшіру міндеті тұр. Қазақстанды цифрландыру саясатына орай, мектеп осы жылы электронды күнделік пен электронды журналға толық көшірілді. Ата-аналар өз балаларын кез келген жерде бақылай алатын дәрежеге жетті.

2018-2019 оқу жылының басында  мектепте –941 оқушы, қыз бала- 494, ұл бала- 447.  Тоқсан ішінде 13 оқушы келді, 17 оқушы шығып кетті.  Сонымен, 1 тоқсан соңында  – 937 оқушы, олардың ішінде 488 қыз бала және 449 ұл бала:

                                   Бастауыш буында – 448 оқушы \226 қыз бала

                                   Негізгі буында – 432 оқушы \221 қыз бала

                                   Жоғары буында – 57 оқушы \41 қыз бала.

Тоқсан соңында аттестациядан 2-11 сыныптар өтті. Аттестация қорытындысы бойынша үлгерім 99,6% (болды100%), өткен оқу жылымен салыстырғанда0,4%-ға төмен.

2018 жылғы қазанның 26 күні сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін мектепішілік олимпиада өтті (І ағым - 08.00-11.00-ге дейін, ІІ ағым – 11.00-13.00-ге дейін). Бастауыш мектепте оқитын оқушылардың саны – 448. Солардың ішінде олимпиадаға қатыспаған 1 сынып оқушылары – 102. Жалпы бастауыш мектебінде әр түрлі пәндер бойынша  322 оқушы, ал спорт жарыстарына 56 оқушы қатысты.  Кейбір балалар екі пәнге қатысқан. Қатысқан оқушылардың арасында жүлделі орындарға ие болған 138 бала. Солардың ішінде 3–орынға – 72, 2–орынға – 49, ал 1–орынға 17 оқушы ие болды. Орта буында 574 оқушы қатысып, 181 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Олимпиада барлық пәндерден жоспар бойынша өтті. Мұғалімдер 23.10.18 ж. күніне дейін олимпиада материалдарын, қатысатын балалар тізімін, эмблемаларын дайындап, бағалау жүйесін анықтады: сұрақ-жауап – 1 ұпай, тест сұрағының әрбір дұрыс жауабы – 1 ұпай, шығармашылық  тапсырма – 5 ұпай.

Жеңімпаздар қатарынан жасөспірімдер олимпиадасы мен қалалық пән олимпиадасына қатысатын оқушылар іріктелініп алынды.

        Қараша айында жасөспірімдер арасында өтетін олимпиадаға қатысуға 8 оқушы өтінім берді (математика, химия, физика, география, биология).

       Желтоқсан айында өтетін дәстүрлі қалалық пән олимпиадасына 13 оқушы қатысады.

Өткен оқу жылымен салыстырғанда гимназиялық сыныптар саны азайды: 12 гимназиялық сыныптан білім сапасының төмен болуына байланысты 7 сынып қалыпты сыныпқа ауыстырылды: 2а,3а, 4а4ә, 5а, 7а, 8а. Сонымен қатар, өткен жылы 8а сыныбында информатика тереңдетіліп оқытылса, жыл соңында білім сапасының 44% болуына байланысты биылғы жылы тоқтатылды. 8а сыныбында география, 7а сыныбында ағылшын тілі тереңдетіп оқытуды жалғастырады.

        Дарын – бұл табиғаттың берген сыйы болса, оқушы бойындағы жылт еткен сәулені сөндіріп алмай, әрі қарай шыңдау – ұстаздың кәсіби біліктілігіне байланысты. «Дарынды оқушы – ұлт болашағы» десек, әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Біздің мектепте де мектепішілік олимпиадалық резерв командасының құрамы бекітілді.  «Павлодар дарыны» БУҚБДДО жанынан ұйымдастырылған 8-11 сынып оқушыларына «Алтын сын», 5-7 сынып оқушыларына арналған «Жас ғалым» мектебіне біздің мектептен 20 оқушы математика, орыс тілі, қазақ тілі, Қазақ-стан тарихы, информатика, биология, химия, география, ағылшын тілінен қатысады.

         І тоқсан барысында оқушылар белсенділік танытып, көптеген шара-ларға қатысты.

        ХІ Президенттік олимпиаданың  аймақтық кезеңіне 11 сынып оқушы-лары А.Дүйсенбек пен Т.К.Траиспаев қатысты.

        Республикалық «Ақбота» интеллектуалдық марафонына мектеп бойынша 72 оқушы қатысты.

        1-7 сынып оқушылары арасында Республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңіне 5 оқушы қатысып,  2 «Ә» сынып оқушысы М.Қасен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  1-7 сынып оқушылары арасында Республикалық зерттеу жұмыстары мен шығар-машылық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде 2 «Ә» сынып оқушысы М.Қасен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, дайындаған мұғалімі  Б.Ю. Сағындықова. 

         Бастауыш сынып оқушыларына арналған қалалық «Бастау» математи-калық турниріне 2-4 сынып оқушылары қатысып, командалық ІІ орынға ие болса, жеке сайыста 2 «А» сынып оқушысы Р.Бельгибаев ІІІ орынды иеленді, мұғалімдері: А.М.Жапарова, А.В.Естаева, С.Қ.Намазбаева.

        VІ қалалық М.Мақатаев оқуларында 9 «Ә» сынып оқушысы Д.Жұмажан мен М.Жұмабаев оқуларында 7 «А» сынып оқушысы Ж.Мағамет  ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, дайындаған мұғалімдер:  Ж.Ш.Қалымова, Г.Қ.Сапина.

Мектепте 61 ұстаз қызмет етеді. Оның 56-сы жоғары білімді, 5-і орта арнаулы білімді. Жоғары санатты ұстаздар-34, І санатты-12, ІІ санатты-5, санатсыз -10 мұғалім. Білім беру Заңындағы мұғалімдерді аттестаттау бойынша енгізілген жаңа ережеге сай 2017-2018 оқу жылында 7 мұғалім педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, 2018-2019 оқу жылында 7 мұғалім педагог-зерттеуші, 1 мұғалім педагог-модераторға, жалпы саны 16 мұғалім біліктілікті арттыру тестінен өтті. 7 модульді ықпалдастыру бойынша үш деңгейлі курстан 14 мұғалім өтіп, жемісті еңбек етуде.

Оқушының өз бойындағы жақсы қасиеттерді дамыта отырып, өмірлік тәжірибелерде ұштастыра білуі мектеп қабырғасынан басталады. Оқушының тұлға ретінде жеке-дара дамуында мектеп ұстаздарының алар орны ерекше, соған орай көптеген жұмыстар жүргізіледі. Мектеп тәрбие жұмысының тақырыбы: «Жеке тұлғаның әлеуметтенуі арқылы бәсекеге қабілетті, құзыретті тұлға тәрбиелеу» болғандықтан, мектеп оқушылардың шығармашылығын және ақпараттық құзыреттілігін дамыту нәтижелілігін қамтамасыз етеді. Тәрбие жұмысы мектептің білім алушыларының  өзіндік қалыптасуы мен тұлғалық бекуіне сай жағдайлар жасайды, азаматтық жетілуі мен мәдени өсуіне, шығармашылық тұрғыда қалыптасуына ықпал етеді. Себебі бала өмір сүру үрдісінде тек дене бітімі мен психикалық тұрғыда дамымайды, сонымен қоса әлеуметтік тұрғыда жетіледі. Оның барлық тұрғыда дамуы қоршаған социумы мен мектеп жасындағы әлеуметтік қарым – қатынаста ғана көрінбейді, сонымен қоса «үлкен өмірге аяқ басқандағы» жалпы қоғаммен қарым-қатынасынан байқалады. Осы қарым – қатынастың сапасы – тәрбие жүйесінің нәтижесі. Мектептің тәрбие жұмысы 6 бағытта іске асырылады. Тәрбие жұмысының ең басты бағыты Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие, ұлттық тәрбие, отбасы тәрбиесі бағыты;Рухани-адамгершілік тәрбие бағыты;Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты; Көркем-эстетикалық  тәрбие бағыты;   Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты;

Ата-аналардың қамқоршылық кеңесі, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы жолға қойылған.Өзін-өзі басқарудың құндылығы сонда осы ұйым арқылы оқушылар мектеп өміріне, мектептің ішкі саясатына, әкімшілік жұмыстарына, мектепішілік оқу және тәрбие үдерістеріне әсер ете отырып шешім қабылдауға ықпал етеді.

Аталған бағыттар бойынша мектепте жылдық жоспардың негізінде, І тоқсанда оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымымен, ата-аналар комитетімен, сынып жетекшілермен бірлесе әрекет етіп, оқушының жас ерекшелігіне сай іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Мектеп психологтарымен бастауыш, орта, жоғары сынып ата-аналарымен ата-аналар жиналысы өткізіліп, сауалнамалар алынды. Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы ата-аналар комитеттерімен бірлесе өтті.

Мектепте оқушылардың бос уақытын қамту бойынша 43 үйірме, 14 қосымша білім беру сабағы, 16 секция бар. Денсаулықты нығайту кеңістігінде тоғызқұмалақ, шахмат, үстел тениисі, баскетбол, волейбол, футбол, шаңғы, тағы басқа 16 спорттық секция жұмыс істейді. Бұдан бөлек хореография мен вокал, хор үйірмелері де оқушылардың қажетіне игеріліп отыр. Бұл мектепішілік үйірмелерде биылғы оқу жылында 826 бала қатысады. Балалар мен жасөспірімдер аула клубтарына да оқушылар жақсы қатысады. Тәуелсіз Қазақстанның даму жағдайында өлкетанудың маңыздылығы жастардың Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм мәселесімен тығыз байланысты.Осыған орай, туризмді дамыту мақсатында мектепішілік жоспар бойынша арнайы іс-шаралар ұйымдастырылған. Қаланың көшелері, атаулары, мәдени ошақтары, облыс аумағындағы киелі жерлер зерттелінді. Биылғы оқу жылында Қазақстанның киелі жерлерін оқып-тану, зерттеу міндеті тұр.

Қосымша білім беру жағдайында балалар өздерінің шығармашылық әлеуеттерін, қазіргі қоғамға бейімделу дағдыларын дамыта алады және бос уақытты толыққанды ұйымдастыру мүмкіндігін алады. Қосымша білім беру міндеттерін іске асыра отырып, мектеп бір жағынан білім беру стандартын игеру, ал екінші жағынан – білім беруді жаңғыртудың 5 маңызды ұстанымы ретінде жарияланған білім беруді ізгілендірудің негізі болып табылатын тұлғаның еркін дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі арасындағы қарама-қайшылықты шешеді. Балаларға қосымша білім беру мәселесінің өзектілігі бүгінгі таңда сөзсіз, өйткені ол балаларға білім берудің мәнін жаңаша түсінумен тікелей байланысты. Балаларға қосымша білім беру жүйесі қазіргі жағдайларда білім беру кеңістігінің аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады, оны мұқият ойластырылған және тексерілген талаптар негізінде ұйымдастыру дарынды балаларды қолдаумен және дамытумен қамтамасыз ете отырып, балалық шақ дағдарысын енсеруге көмектесуі мүмкін.

Қосымша білім беруді дамыту стратегиясы елдегі қосымша білім берудің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің және өзінөзі дамытудың негізгі міндеттерін шешуге бағытталған және Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы 6 Заңдарымен, Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен және т.б. анықталған Қазақстанның тәрбие беру саясатының негізгі ұстанымдарын дамытады. Стратегия атқарушы биліктің мемлекеттік органдарының, қоғамның, бизнес-қауымдастықтардың балаларға қосымша білім беруге және тәрбиелеуге деген назарларын күшейтуге, сабақтан тыс уақытты тиімді ұйымдастыруға, балалар мен жастар ортасындағы жат құбылыстарға қарсылық көрсетуге, балалар құқығының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.