Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сыныптан тыс жұмыстар
"Ұлы даланың жеті қырын білесің бе?" интеллектуалды сайысына 5 сынып оқушылары қатысып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шықты. Аң стилі мен Алтын адамға байланысты презентацияны жоғары дəрежеде қорғады. Ұлы даланың жеті қыры бойынша Викториналық сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Мақал-мəтелдердің жалғасын дəл тапты. 7 бөлімнен тұратын сайыстың барлық кезеңінде биіктен көрінді.
 
 
"Жігерлі Жас Ұлан" волейбол турнирінің "Жас Ұланның жеті қанаты" атты жобасының аясындағы сайысында мектебіміз 2 дәрежелі дипломға ие болды. Жаттықтырушысы Айтжанов Серик Болатович.
Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Болашаққа бағдар "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер" музейі және "JEBE" қоғамдық бірлестігі бірлесіп мектебімізде "Асық paty" ойынын ұйымдастырды. Сайысқа 3 және 4 сыныптар қатысып, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Екі топ "Буқар жырау атындағы әдебиет және өнер" музейінің сертификаттарына ие болды. 
    
Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысы Жеңістің 74 жылдығына арналған мерекелік бағдарлама болып өтті. Мерекелік шара барысында ҚР Мемелекеттік Гимні орындалыпмектеп ұжымын құттықтаумен басталды. Сахнада "Болашақ" триосының орындауында "Ел бағы" әні, Нуралинов Азреттің орындауында "Мен қазақ" әні және Қазкенова Ақерке нің орындауында "Туған жер" әні шырқалды. Мектептің "Сырлы саз" хорының орындауында "Сарбазым", "Сапқа тұр" әндері орындалып, оқушылар мерекеге белсенді атсалысты. Соғыстан қайтып оралмаған жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Шараға байланысты бейне материалдар көрсетілді.
Қазақстан Республикасын мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған "Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін" атты 4-5 сыныптар арсында билер фестивалі 30 сәуір күні  өткізілді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Өлкетану» бойынша қалалық бірыңғай сабақ мектебімізде өткізілді.
Аталмыш сабаққа Павлодар қаласының құрметті азаматы, тарихшы және өлкетанушы - Соколкин Эрнест Дмитриевич арнайы қонақ болып шақырылды.
Сабақтың мақсаты: Жас жеткіншектердің туған қала, оның көрікті жерлерімен таныстыру, табиғатына, әсем көшелеріне, биік үйлеріне, мәдени орындарына, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Қазақстан Республикасын мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған "Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін" тақырыбындағы ұлттық билер фестивалі өткізілді. Фестивальге 8-9 сыныптар қатысты. Қазақ, орыс, украин, өзбек және тағы басқа ұлттардың билері биленді.
  
Сәуірдің 27 күні мектебімізде кезекті сайлау өтті. "ҮЗДІК ҚЫРАНБАСШЫ" үміткерлеріне бастауыш сыныптың үздік оқушылары мен жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар қатысты. ҮЗДІК ҚЫРАНБАСШЫ" болып 3 "а" сынып оқушысы Бекей Иманали сайланды.
"Жас Ұланның жеті қанаты" атты облыстық жобасының аясындағы "Өз еліме арнау" сайысының бас жүлдесіне мектеп командасы ие болып, кубокты иеленді. "Үздік балалар рөлі" номинациясы бойынша Алтынбекова Тина және Жумажан Данияр дипломдармен марапатталды.
Сәуірдің 22 мен 26 аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы болып өтті. Апталықта мұғалімдер ашық сабақтарын және тәрбие сағатарын  көрсетті. 6 «А» және 6 «Б» сыныптар арасында сайыс сабақ ұйымдастырылды. Сабаққа жауапты мұғалімдер – Жәменкенова Г.Ш., Құсманова С.К. Сабақтың тақырыбы: «Абайды оқы, ерінбе!» (ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған сайыс сабақ). Сабақтың мақсаты:
  • Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығы туралы білгендерін ортаға салу;
  • Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту;
  • Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының асыл мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу, сөз өнеріне, саз өнеріне деген сүйіспеншілікті ояту;
Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Тапсырмалар ақынның өмірімен және шығармашылығымен байланысты болды. Сайыс сабақ соңында екі сынып та жақсы нәтиже көрсетіп, бірінші орынды бөліп алды.
Сабақ барысында жаңа технологиялармен түрлендіріп, кеңінен қолданды. Сабақтары өте қызықты да тартымды болып өтті.
Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде мектебімізде жоғарғы сыныптарда "Қазақстан - халықтар достығының мекені", ал 3-4 сыныптарда "Тіл мерейі - ел мерейі" деген тақырыпта сынып сағаттары өткізілді.
"W - Беймәлім әлем" атты оқушылардың шығармашылық сурет көрмесі өткізілді. Мақсаты: жақсылықты көру арқылы түпкі сананы тазарту, кез келген нәрседен жақсылықты көре білуге үйрену. Оқушылар бойындағы шығармашылықты және жалпы адамзаттық құндылықтарды дамыту. Жақсылық жасауға тәрбиелеу. Көрмені өткізу барысында оқушылар ұйымшылдықпен қатысты.  
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Оқитын ұлт" акциясы шеңберінде  Әбділдә Тәжібаевтың шығармалары бойынша "Ұлттың ұлы қазынасы" атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Аталмыш кеш 7 "а" сыныбының оқушыларымен өткізілді. Оқушылар Әбділдә Тәжібаевтың шығармаларын мәнерлеп оқып, жан- жақты талдады. Кешке қонақ болып №4 қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі - Кенжигалиева Ботагөз Қабдылсайытқызы шақырылды. Мақсаты: оқу мәдениетін дамыту мен қолдау, тарихи және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынас, ұлттық әдебиеттерге деген оқырмандар қызығушылығын арттыру.
13 сәуір күні біздің мектепте сенбілік өткізілді. Сенбілікке оқушылар және мектептің барлық қызметкерлері қатысты. Сенбілікті өткізу үшін аумақты тазарту үшін іс-шаралар жоспары құрылды. Әр сыныпқа жауапты мұғалімдермен белгілі бір участік бекітілді, сенбілік жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Біздің мектептегі сенбілік – бұл аумақты тазарту және көріктендіру ғана емес, сонымен қатар бұл мұғалімдер мен оқушылардың ұжымдарын ұйымшыл етуге тамаша мүмкіндік.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қоғамдық денсаулықты сақтау ұлттық орталығы"  ШЖҚ  РМК Дүниежүзілік денсаулық күні  аясында, мектебімізде жаппай таңғы жаттығу жасалды.
Наурыз мейрамы – көктемгі күн мен түннің теңесу күні, қазақстан халқы үшін, ол достықтың, құндылықтың және махаббаттың, қуаныштың нышаны   болады және болып қалады. «Наурыз» сөзі «көктемнің келгенін» білдіреді. Ал көктем – ол жастық, махаббат және сұлулық. Мектебімізде наурыз мейрамын мерекелеу шеңберінде 9-10 сыныптар арасында «Наурыз  аруы» атты сұлулық сайысы өтті, бірақ тек қана сұлуларды анықтау, ғана емес, өткізу мақсаты кеңірек болды.  Сұлулық адамның ішкі әдемілігінсіз ол бос кеуде деп саналады, сондықтан қатысушылар қазақ халқының салт дәстүрлеріне деген құрметтерін, өздерінің шығармашылықты мүмкіндіктерін көрсетулері керек болды.  Қыздар өздерінің үй жұмыстарын көрсетті – олар өз қолдарымен жасаған ұлттық тағамдар болды. Тек қана әдемі жасау емес, сонымен қатар тағам туралы айтып берулері керек. Зал қатты толқыды: өздерінің өкілдеріне қолдау көрсету үшін, олар плакаттарды, қыздардың аттарын жазып көтерді. «Наурыз  аруы»  сайысының жеңімпазы болып 9 "а" сынып оқушысы Турнияз Жансая  атанды. 
5 "ә" сыныбында "БАУРСАК fest " сайысы өтті. Мақсаты: оқушылар ыстық бауырсақтан дәм татқызып, өз өнерлерін көрсету арқылы көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, жағымды ахуал қалыптастыру.  Аталмыш сынып сағатында сынып  белсенділері қатысты. Сайыс соңында Қалақова Нурай қатысып 1 орын алды. Көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлай білген оқушылар ыстық бауырсақтан дәм татып, жақсы көңіл күйде болды. 
     
Елінің оңы болады,- демекші, қазақ халқы ертеден ер баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Олар-болаттай берік, бір-біріне серік болатындай батыл бола білген. Сонымен қоса, елдікке ұмтылған ерлеріміз жұртым деп жұтылып, елім деп ерік – жігерін аямаған. Қазіргі таңдағы өскелен ұрпағымыздың бойындағы осы бір ерік-жігерлікті, батырлықты, шешендікті, алғырлықты байқау, оны паш ету мақсатында 6 - 7 сыныптар арасында «Жігіт сұлтаны» атты сайысы өтті. Сайысқа 7 сыныптан, өнерімен тамсандырған, бірінен бірі озатын сайыпқыран жігіттер қатысты. 6  бөлімнен тұратын сайыстың көркін қыздырып, көрермендердің көңілінен шығу үшін оқушыларымыз бар өнерлерін ортаға салып, түрлі сынақтардан өтті.«Жігіттің сұлтаны» – талантты да сымбатты және күшті, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт болуы шарт. Өзге жігіттерден дараланып, барлық шартқа сай негіздерді көрсете білген, қазылар алқасының көңілінен шыққан 6 "б" - сынып оқушысы Рахметолла Айсұлан «Жігіт сұлтаны» атағына иеленді. Өзге қатысушылар да кейінгі жүлделі орындарды бөлісіп, номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген басты мәселелердің бірі – ұлттық код, ұлттық ерекшелік, ұлттық құндылықтар екендігі белгілі. Бүгінгі күні  ұлттық болмысымыз бен төлтума мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды сақтап, жаһандану үдерісінде бет-бейнемізді жоғалтпай жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды сабақтастықпен жеткізу біздің борышымыз. Бұл борышты орындауда әр салада өзіндік орындары бар адамдардың еңбектерін ерекше атап өтуге болады. «Тарихи  мұра» жобасының орындалу барысында мектебіміздің мәжіліс залында «Ұлттық аспаптар» атты іс-шара өткізілді. Іс-шарамыздың қадірлі қонағы - Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы музей үйінің меңгерушісі Ерлан Олжаұлы Рахимов. Ұйымдастырылып отырған іс-шараға оқушылар әр аспап туралы жоба қорғап, ұлттық аспапта 9 сынып оқушысы Аубакиров Айдостың орындауында қазақ күйлері орындалды. Ерлан Олжаұлы аспаптар туралы мәлімет беріп, әр аспапта бір шығармадан орындап берді. Оқушылар қазақтың ұлттық аспаптары туралы білімдерін жетілдіріп,  ұлттық өнерге деген қызығушылықтары артты.
Қазақ халқы  «Қыз өссе – елдің көркі», «Қыз бала жат жұрттық» деп қыз балаға о бастан-ақ көп көңіл бөлген. Сондықтан, қыз тәрбиесі қашанда толастамақ емес. Мектебіміздің мәжіліс залында халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып, 7 сыныптар арасында қыз сыны байқауы өтті.  
Сайыс 5 кезеңнен тұрды: 1кезең - «Сәлемдесу», 2 кезең - «Өнерлі өрге жүзер», 3 кезең - «Қыздарға әсемдік жарасады», 4 кезең - «Білгенге маржан», 5 кезең - «Шебер қолдар».
Әділқазылар алқасы:
  1. ПМПУ-інің математика және физика кафедрасының меңгерушісі Киреева Асель Константиновна;
  2. Математика мұғалімі Тунгатбаева Асель Секеновна ;
  3. ПМПУ-нің математика және жаратылыстану факултетінің 4 курс студенті Тнеева Маржан.
Байқау барысында ару қыздар сымбаттылығын, сыпайлығын,  біліктілігін және өнерлерін, жан-жақтылығын көрсете білді. Бойжеткен арулар қыз сынынан сүрінбей өтіп, дипломдармен марапатталды.
Бұқар жырау атындағы мұражайда "Өнерлі өрге жүзер" сайысы қаланың 6-7 сыныптары арасында өтті. Сайыстың  мақсаты:
- Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру;
- Әдептілікке, ізеттілікке, инабатылыққа тәрбиелеу;
- Салт - дәстүрді ғұрыптау
Сайысқа Павлодар қаласының мектептерінің 6-7 сынып оқушылары қатысты. Сайысқа қатысушылар өздерін таныстырды, әр ару өз өнерлерін көрсетті. Жүлделі орындарға сый-сияпаттар берілді. Осының ішінде топ жарып шыққан біздің мектеп болды.