Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Төтенше жағдай кезінде алдын алу шаралары бойынша ұсыныс

Қазақстан Республикасының төтенше жағдай кезінде

 «Жасөспірімдердіңденсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын-алу» бағдарламасын қашықтықта, онлайн режимінде ұйымдастыру бойынша іс-шаралар ұсынысы

 

Педагог-психологтарға:

 

          Аталған бағдарлама аясында анықталған психологиялық сүйемелдеу тобының жасөспірімдерімен (бұдан әрі - ПСТ) қашықтықта, онлайн режимінде жеке жұмыс жүргізу:

- апта сайын, қажет болған жағдайда ПСТ оқушыларымен онлайн-сұхбат өткізу, WhatsApp, VKарқылы немесе қоңырау шалу (қоңыраулар кестесін жасау, бақылау журналдарында тіркеу);

- «Bilim Foundation» ҚҚ аймақтық координаторларымен хабарласып әдістемелік қолдау алу, қашықтықта, онлайн режиміндежасөспірімдерге жеке кеңес пен олардың ата-аналарына онлайн-кеңес беруін ұйымдастыру, қажет болған жағдайда;

Білім беру ұйымдарының барлық кәмелетке толмаған жасөспірімдерінің психологиялық жай-күйін бақылау үшін келесі шараларды жүргізу:

- кәмелетке толмаған жасөспірімдерініңжалпы жағдайы туралы ақпарат алу үшін сынып жетекшілеріне және кураторларына хабарласу;

- сынып жетекшісі/куратор топтың мазасыздық жағдайы бойынша немесе кәмелетке толмағанның басқа белгілері бойынша ақпараттандырған кезде онлайн-кеңес өткізу қажет; 

   - «Bilim Foundation» ҚҚ жіберген ақпараттық инфографикалар мен бейнероликтерді WhatsApp қосымшалары (ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар чаттарына), Instagram, Facebook,  VKжәне т.б. желілер арқылы  тарату.

 

Сынып жетекшілеріне/ Топ кураторларына:

 

- сынып жетекшісі/топ кураторларына кәмелетке толмаған жасөспірімдерментәрбие сағаттарын онлайн режимінде өткізу кезінде, өзіне тән емес мінез-құлық белгілерін (мазасызданған, белсенді емес және т.б.) байқаған жағдайда,  білім беру ұйымдарының психолог маманын және әкімшілігін хабардар ету қажет;

- білім алушы мен оның ата-анасы 2 күн байланысқа шықпаған жағдайда білім беру ұйымдарының әкімшілігін хабардар ету;  

- «Bilim Foundation» ҚҚ жіберген ақпараттық инфографикалар мен бейнероликтерді WhatsApp қосымшалары (ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар чаттарына), Instagram, Facebook,  VKжәне т.б. желілер арқылы  тарату.

 

«Bilim Foundation» ҚҚмамандарына:

 

 - жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен жұмысын үйлестіру бойынша білім беру психологтарына әдістемелік көмек көрсету;

- жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен онлайн-консультациялар өткізу, қажет болған жағдайда ;

- «Bilim Foundation» ҚҚ жіберген ақпараттық инфографикалар мен бейнероликтерді WhatsApp қосымшалары (ата-аналық, педагогикалық және оқушылар чаттарына), Instagram, Facebook,  VKжәне т.б. желілер арқылы  тарату үшін мектеп және колледждерге жіберу;

- жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына медициналық мамандармен (жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен психиатрлар) онлайн режимінде кеңес беруін ұйымдастыру, қажет болған жағдайда.