Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
Адрес: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Бастауыш сынып мұғалімі

 «Павлодар қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ

қазақ тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімінің уақытша бос лауазымына

конкурс жариялайды

 

1

Білім беру ұйымының атауы

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

орналасқан жері, пошталық мекенжайы

140008, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы,                 Павлодар қаласы, Бұқар жырау көшесі, 9/1

телефон нөмірлері,

87057006445

электрондық пошта

sosh2@goo.edu.kz

2

Бос немесе уақытша бос лауазымның атауы, жүктемесі

қазақ тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімі, 16 часов

негізгі функционалдық міндеттері

    мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

      білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

      білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

      білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

      пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

      бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

      журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;

      оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

      оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

      инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

      арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

      интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

      әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

      ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

      ата-аналарға кеңес береді;

      кәсіби құзыреттілікті арттырады;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

      білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

      ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары

- еңбек өтілі мен біліктілік санатына сәйкес төленеді;

- арнайы орта білім (min): 164511,31 теңге

- жоғары білім (min): 203161,56 теңге

3

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа

қойылатын біліктілік талаптары

- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;

- және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін - кемінде 4 жыл;

- және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.

4

Құжаттарды қабылдау мерзімі

30.07-10.08.2026

5

Қажетті құжаттар тізбесі

1) осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынғанэлектрондыққұжат (сәйкестендіруүшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықтымекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымғақойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекітутуралы» ҚРДенсаулық сақтау министрінің міндетінатқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген075/у нысаныбойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;.

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралыанықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралысертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралыкуәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (internet Based Test (iBT)- 60-65 баллкөрсеткіші бар сертификат.

11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

6

Уақытша бос лауазымының мерзімі

уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне, 01.09.2027жылғадейін