Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ақпараттандыру бағдарламасы

 

АҚПАРАТТАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Негізгі мақсат:  – мектептің оқу-тәрбие процесінде компьютерлік техниканы, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны қолдану  тұрғысында сапалы жаңа деңгейге көшу және өсіп келе жатқан ұрпақты осы білім беру деңгейі базасында көтеру.

Соңғы бірнеше жылда қоғам өмірінде арнайы компьютерлер мен ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың рөлі мен орнына түпкілікті өзгеріс енді. Технологиялар мен ақпаратты шебер, тиімді меңгерген адамда ойлаудың басқа, жаңа стилі қалыптасқан, пайда болған проблемаларды бағалауда, өзінің қызметін ұйымдастыруда түбегейлі басқаша қарайды. Практика көрсеткендей, жаңа ақпараттық технологияларсыз қазіргі заманғы мектепті көз алдыңа елестету мүмкін емес.

Білім беруді ақпараттандыру мекеме  дамуының өзекті бағытының бірі ретінде білім беруде қазіргі заманғы ақпараттандыру құралдарын қолдану мүмкіндігін, білім беруде оқыту, тәрбиелеу, басқару дәстүрлі процестерінің, сонымен қатар мектептің білім беру мазмұнын жаңартуды дамыту міндеттерін, білім беру процесінің технологиялары  және білім беру ортасы қасиеттерінің тиімділігін көтеруді қамтамасыз етеді.

 

Бағдарлама аясында келесі міндеттер шешілуі қажет:

 

1) оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында оларға жалпы білім беру және кәсіби дайындық деңгейін көтеру;

2) компьютерлерді жалпы білім және арнайы пәндерді үйренуде оқыту құралы ретінде пайдалану;

3) мұғалімдерді, мектеп кітапханашыларын жаңа жағдайда жұмыс істеуге дайындау;

4) мектептің әртүрлі қызметтері мен бөлімшелері үшін компьютерлік ақпараттық технологияларды енгізу  (оқу басқармасы, бухгалтерия, кітапхана, кеңсе);

5) білім беруде ақпараттық технологиялар мен телекоммуникацияларды қолдануда  қазіргі заманғы тұрғыларын анықтау, қабылдау және енгізу; 

6) оқу процесінде компьютерлік технологияларды қолдану үшін бағдарламалық-педагогикалық құралдар банкін құру (электронды мультимедиялық оқулықтар, пәндер бойынша бақылаушы және оқытушы бағдарламалар, компьютерлік анықтамалықтар және энциклопедиялар және т.б.);

7) компьютерлік технологиялар оқытушыларының оқыту саласында практикалық меңгеруі;

8) мұғалімдердің қайта даярлау курстары (Internet, электронды пошта және қашықтықтан оқыту орталықтары қызметтерін пайдалану).

 

Бағдарламаның маңызды мақсатты индикаторлары және көрсеткіштері:

 

–  мектепте оқыту процесінде қолданылатын қазіргі заманғы компьютерлік техникалар санын көбейту;

–  әкімшілік және педагогтер үшін автоматтандырылған жұмыс орындарын (АЖО) құр;

–  бөлінген серверлермен жалпымектептік жергілікті жүйе құру;

–  мектеп медиатекасын құру;

–  әртүрлі деңгейдегі сараптаулар жүргізу арқылы мультимедиялық электронды сабақтар құруда пән мұғалімдері мен үміт артуға болатын оқушыларды тарту;

жобалау қызметіне және әртүрлі, соның ішінде Интернет арқылы конкурстарға қатысуға оқушыларды тарту.

 

Бағдарламаларды іске асыру мерзімі мен кезеңдері

 

ШАРАЛАР
МЕРЗІМДЕРІ
ЖАУАПТЫЛАР
       
1

Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы оқушыларды оқытуды жүзеге асыру

 

Жыл бойы

Пән мұғалімдері
2

Өзін-өзі жетілдіру мен оқушыларды оқыту үшін Internet–тің бай кеңістігін қолдану

 

 

Жыл бойы

Пән мұғалімдері, информатика мұғалімдері

3

Компьютерлік сауаттылық үйірмесіндегі сабақтар арқылы компьютерлік техниканы игерген педагогтарды көбейту

 

 

Демалыс күндері

Информатика мұғалімдері -

Г.Қ.Досанова

4

Компьютерлік технологиялар саласында мектептің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін көтеру

 

 

 

Жыл бойы

ПМ БАИ арқылы

Әкімшілік -

Ә.Б.Қаппасова,

Ғ.Қ.Беғайдарова,

Қ.С.Табулова

5

Компьютерлік қолдау арқылы жүргізілетін сабақтар үшін материалдар дайындайтын пән мұғалімдеріне консультациялық, техникалық және әдістемелік көмек көрсету

 

 

 

Тұрақты

Әкімшілік– Ә.Б.Қаппасова

Информатика мұғалімдері -

Г.Қ.Досанова

М.М.Шампатова

6

Мектепті басқару процесін автоматтандыру үшін деректер базасын дайындау және толтыру:

мектеп педагогикалық қызметкерлерінің деректер базасы;

мектеп оқушыларының деректер базасы;

мектеп шағын учаскесінде тұратын балалардың деректер базасы.

 

Қыркүйек, қазан

Әкімшілік:

Ә.Б.Қаппасова,

Ғ.Қ.Беғайдарова,

Қ.С.Табулова,

А.Ж.Қамалиденова

 

7

Оқушылармен түзету жұмыстарын автоматтандыру үшін деректер базасын дайындау және толтыру

 

 

 

 

 

Қыркүйек, қазан

Меткеп психологы - С.М.Ахметжанова,

М.Б. Абешова

Әлеуметтік қызметкер - А.С.Ахметжанова

8

Іс жүргізу және мектеп ішіндегі құжаттаманың жүргізілуін автоматтандыру

 

Тұрақты

Хатшы-іс жүргізуші

Ж.М.Шажанқанова

9

Оқу процесінде компьютерлік техниканы қолдану үшін бағдарламалы-педагогикалық құралдар банкін құру (электрондымультимедиялық оқулықтар,пәндер бойынша бақылаушы және оқытатын бағдарламалар,зертханалықпрактикумдар және т.б.)

 

 

Тұрақты

 

Пән мұғалімдері.

Әкімшілік - Ә.Б.Қаппасова

Кітапханашылар -

С.К.Мақажанова, А.Р.Жұмалина 

10

Білім беру процесіне пәндер бойынша электронды оқулықтар мен бағдарламалы-педагогикалық құралдарды енгізу

 

Жыл бойы

Пән мұғалімдері,

әкімшілік

11

Есептеу-әдістемелік және дидактикалық материалдар банкін, MSOffice мониторинг құралдарын құру

 

 

Жыл бойы

Пән мұғалімдері.

Әкімшілік - Ә.Б.Қаппасова

12

Мұғалімдер мен оқушылардың баспасөз қызметін ұйымдастыру және қолдау

 

 

Жыл бойы

Әкімшілік, информатика мұғалімдері
13

Педагогтердің сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарға дайындалулары үшін Internetжелісін қолдану

 

Тұрақты

Пән мұғалімдері
14

Педагогикалық бағдарламалық құралдарды әзірлеу (тұсау-кесерлер, электрондыкурстар және т.б.)

 

Жыл бойы Пән мұғалімдері

 

Бағдарламаны іске асыруда күтілетін соңғы нәтижелер және

әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері

 

1) Мектептің бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігін құру.

2) Автоматтандырылған жұмыс орнының жүйесін құру.

3) Мектептің компьютерлік жабдықталуының сандық және сапалық өзгеруі.

4) Барлық педагогикалық қызметкерлердің АКТ-ны қолдану дағдыларын игеруі.

5) Оқу қызметінде электронды оқулықтарды құру.

6) Білім беру процесінде АКТ-ны шынайы қолдану тәжірибесін жинау.

7) Е-learningэлектронды оқытуды енгізу.

 

Бұл мүмкіндік береді:

 

–  білім беру мекемелері жалпы білім беру ресурстарына  қол жеткізуді ұйымдастыру, жоғары санатты педагогикалық мамандарды ұтымды пайдалану, жаңа ақпараттық технологиялар саласының мамандарын дайындау жолымен оқыту сапасын көтеруге;

–  білім беру мекемелеріне жоғары жылдамдықты каналдар бойынша жаһандық ақпараттық ресурстарға қол жеткізімді қамтамасыз етуге;

–  ескірген компьютерлік техниканың ауыстыруын жүргізуге;

–  жалпы білім беру мектебінің негізгі пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде қазіргі заманғы электронды оқу басылымдарын жасауға және оқу процесіне енгізуге, оқытудың дәстүрлі құралдары арқылы олардың интеграциясын жүзеге асыруға;

–  электронды кітапхана құруға және оларға орналастырылған білім беру ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

–  әртүрлі деңгейдегі білім беру ұйымдары үшін ашық білім беру жүйесін, интербелсенді қашықтықтан оқыту технологиясын қоса, ұйымдастыруға;

–  білім беру жүйесіне ақпараттандырылуды енгізу үшін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мамандарды дайындауды және қайта даярлауды ұйымдастыруға;

–  білім беру жүйесін ақпараттандырудың нормативті құқықтық негізін құруға;

–  білім беру сапасын қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды тиімді қолдану есебінен көтеруге;

–  жаһандық ақпараттық ресурстарға мұғалімдер мен оқушылардың қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

–  қашықтықтан оқыту мен кеңес беру технологияларын дамыту үшін жағдай жасауға;

–  ашық білім беруді іске асыру үшін мүмкіндіктер дамытуға;

–  ақпараттық технологияларды енгізу мен пайдалану саласында мамандарды дайындау сапасын көтеруге.

 

Проблемалардың мінездемесі, оларды шешуге бағытталған бағдарлама, бастапқы жағдайы

 

Мектептің ақпараттық білім беру ортасының қазіргі заманғы жағдайы:

–  739 оқушы, 6 әдістемелік бірлестік,  мұғалімдердің сандық құрамы – 61 адам, олардың ішінде7-і жоғары санатты, 25 – бірінші,  20 – екінші;

–  ұжымда сәйкес ғылыми-әдістемелік жұмыс өткізілді;

–  интернетке еркін қол жеткізу сыныбын пайдалануға берді;

–  сабақтан тыс уақытта жеке-дара жұмыс үшін оқушылар мен оқытушылардың компьютерге және  қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз ету кең диапазонына қол жеткізуді қамтамасыз етілді;

–  мектептікWeb-сайтқұрылды.

 

Техникалық жабдықтау:

–  информатика кабинеті – 10+1 компьютер және мультимедиалық жабдық, принтер, интербелсенді тақта;

–  лингафон кабинет – 16+1 компьютер  және мультимедиалық жабдық, сканер, принтер, интербелсенді тақта;

–  директор кабинеті – 2 компьютер, принтер, сканер, ксерокс, сандық фотоаппарат;

–  директор орынбасарларының кабинеті – 8компьютер, 6 принтер;

–  физика кабинеті – 1 компьютер және мультимедиалық жабдық, интербелсенді тақта;

–  химия кабинеті – 1 компьютер  және мультимедиалық жабдық, принтер, интербелсенді тақта;

–  биология кабинеті – 1 компьютер  және мультимедиалық жабдық, интербелсенді тақта;

-қазақ тілі кабинеті (14 каб.)- 1 компьютер, мультимедиалық жабық, интербелсенді тақта,

–  бастауыш сыныптар кабинеті(20 каб.) – 1 компьютер және мультимедиалық жабдық, интербелсенді тақта;

-        бірінші президент кабинеті- 1 компьютер, интерактивті тақта,

–  ағылшын тілі кабинеті – 10+1 компьютер және мультимедиалық жабдық, интерактивті тақта;

- тарих кабинеті -1 компьютер, интерактивті тақта.

- әдістемелік кабинет- 2 компьютер.

- Моноблоктар: 30,29,28,26,25,24,23,21,19,18,17,16,14, 12, 11, технология, шеберхана.

–  кабинеттерде жергілікті желі және Интернетке шығу бар.

 

Пән мұғалімдері:

 

–  педагогикалық бағдарламалар құралдарын құрады және қолданады (тренажерлер, тестер және т.б.);

–  әзірленген электронды оқулықтарды зерделеп жатқан материалын безендіру үшін қолданады;

–  оқушылар жұмысын білім беретін Интернет-жобаларда, тақырыптық конкурстарда, викториналарда және т.б. ұйымдастырады;

–  күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауларды электронды түрде құрастырады;

–  оқушылардың жобалау қызметін ұйымдастырады;

 

Оқушылар:

 

–  пән мұғалімдері басшылығымен және өзінің бастамасы бойынша жобалау қызметіне қатысады, тұсау-кесер әзірлейді. Бұл жұмыстар қалалық деңгейде атап өтіледі;

–  қалалық және халықаралық бастама желісіне қатысады (викторина, конкурс, жобалар);

–  мектептің жаңа сайтын құрумен жұмыс істейді.

Мекемені дамытудың негізгі мақсатына жету үшін, дәл айтқанда мектептің барлық құрылымдық бөлімшелерінде компьютерлік техниканы, ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдану тұрғысында жаңа сапалы деңгейге көшу, білім сапасын қазіргі заманғы АКТ-ны тиімді қолдану арқылы көтеру, мұғалімдер мен оқушылардың жаһандану ақпараттық ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз ету, қашықтықтан оқыту мен кеңес беру технологияларын дамыту, ашық білім беруді іске асыру мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау үшін, қажет:

–  мектепте қазіргі заманғы компьютерлік техниканың санын көбейту;

–  әкімшілік пен педагогтер үшін автоматтандырылған жұмыс орындарын (АЖО) құру;

–  бөлінген серверлермен жалпымектептік жергілікті жүйе құру;

–  мектеп медиатекасын құру;

–  оқу қызметінде және сыныптан тыс жұмыста АКТ-ны тұрақты іске асыратын педагогтер санын өсіру.

–  пән мұғалімдері мультимедиялық электронды сабақтар құруға, жобалау қызметіне және әртүрлі, соның ішінде Интернет арқылы конкурстарға үміт артуға болатын оқушыларды көбірек тарту

 

Бағдарламаның мерзімі және оның іске асу кезеңдер, сонымен қатар мақсатты индикаторлар және көрсеткіштері көрсетілген мақсаттары мен міндеттері

 

Ақпараттандырудың негізгі бағыттары:

 

–  мектептің әртүрлі қызметтері мен бөлімшелері үшін компьютерлік ақпараттық технологияларды енгізу (басқару, психологиялық қызмет, кеңсе);

–  оқушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне бағытталған жеке оқыту;

–  мектептің бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігін құру;

–  Internet-те жұмыс істеу мүмкіндіктерін пайдалана отырып,оқушылардың қашықтықтан компьютерлік бағдарлау тестілеуін өткізу;

–  мектептің компьютерлік техникасын біріктіретін мектептік желі құру;

–  пәндер бойынша, мультимедиалы технологияларды қоса, оқытатын және бақылайтын бағдарлама қорын құру;

–  е-mail электронды поштасын және WWW «Дүниежүзілік торды» қолдану арқылы мұғалімдердің өз пәні бойынша шығармашылық сабақтар жүйесін құрастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

–  мектеп серверінде, сонымен қатар басқа ұйымдардың білім беру серверлерінде орналасқан оқу бағдарламаларына, курстарға және әдістемелік материалдарға қол жеткізуді ұйымдастыру.

 

Бағдарламаның мақсатты индикаторлары:

 

–  мекеменің компьютерлік базасын дамыту;

–  мектеп медиатекасын қалыптастыру және дамыту;

–  мектепте құрылған білім беру ресурстары;

–  оқушылардың жобалау қызметі;

–  мұғалімдердің қазіргі заманғы ақпараттық құралдарды қолдануы.

 

Бағдарламаның негізгі шаралары:

 

–  2017-2020  оқу жылы оқу қызметі және сыныптан тыс жұмыста АКТ-ны тұрақты пайдалану мақсатында пән мұғалімдерінің АЖО-сын құру;

–  2021 жылға дейін жергілікті желіге біріктірілген компьютерлер санын көбейту;

–  мектептің жергілікті актілерінде Интернетке оқушылар мен мұғалімдердің еркін қол жеткізуін көрсету;

–  2020 жылға дейін мұғалімдер мен оқушылардың қашықтықтан оқыту, ҰБТ-ға дайындау, жобалар жұмысына қатысуға мүмкіндігі бар жұмыс орындарының санын көбейту.

 

Бағдарлама келесі құрамдағы жұмыс тобымен әзірленді:

1) Асылбекова Надежда Бакубайқызы – мектеп директоры;

2) Қаппасова Әсем Бекенқызы – директордың ОТЖ бойынша орынбасары;

3) Досанова Гүлбаршын Қуандыққызы – информатика мұғалімі.