Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп тарихы

1223

Далабаева Фарида Рахметқызы

1999-2003жж

Мектеп директоры


%d1%81%d0%ba%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c3

Бейсембинова Даметкен Ыкыласқызы

2004-2006жж

Мектеп директоры


dscf3675

Суханкулова Баян Гайсанқызы

2006-2010жж

Мектеп директоры


%d0%bd%d1%83%d0%b3%d0%b5%d1%80%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2

Нөгербаев Төлеген Кәкімұлы

2010-2013жж

Мектеп директоры


img-20161207-wa0018

Тайгулин

Даулет Аманкелдіұлы

2013 -2017жж

Мектеп директоры


 

 

 

 

Мектеп тарихы

Павлодар қаласының №19 мемлекеттік жалпы орта білім беру мектебінің негізі 1982 жылы қаланды.. Ол жылдары орыс мектебі ретінде жұмыс жасаған мектеп 1999 жылы қазақ мектебі болып, қазақ балаларына есігін айқара ашты. 34 жыл жұмысында осы оқу орны талай шәкіртті өмір жолына қанаттандырды. Бүгінгі күнде мектепте 1203 оқушы оқиды. Жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша бейінді оқыту жүзеге асырылады. Мектеп педагогикалық ұжымы оқу мен оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін енгізу бағытында жұмыс жасайды Мектеп бойынша сыныптардың орташа тығыздығы – 24,1 оқушы. Мектеп екі ауысымдық тәртіппен жұмыс жасайды: Бастауыш сыныпта 477 оқушы, орта буында 600 оқушы,10-11 сынптарда 122 оқушы Мектептің қамту мүмкіндігі — 1050 оқушы. Мектепте мәжіліс, спорт, хореография залдары, екі шеберхана (ұлдар мен қыздарға), 20 оқырмандық залы бар кітапхана, медициналық блок, стоматология кабинеті, 160 оқушыны қамтитын асхана, психологиялық жеңілдету кабинеті, арнайы жабдықталған физика, химия, биология, АӘД, музыка, 2 информатика кабинеті, мультимедиялық кабинет оқушыларға жұмыс жасайды. Жалпы 38 пән кабинеті бар. Мектеп жанында тир, шағын футбол алаңы, мектеп учаскесі жұмыс жасауда. Мектеп ішінде 5-6 жастағы балаларға арналған «Жауқазын» шағын орталығы бар. Онда 2 топ, жалпы бала саны – 55. Мектепте гимназиялық сыныптар, жеке пәндерді тереңдетіп оқыту сыныптар желісі дамуда, ағылшын тілін ерте оқыту енгізілді. Мектеп — бастауыш сыныптарға арналған ағылшын тілін апробациядан өткізу және электрондық оқыту жүйесін енгізу бойынша республикалық эксперимент алаңы. 1999 оқу жылынан бастап мектеп мемлекеттік тілде білім беру мектебі мәртебесіне көшті. Бүгінгі күнде мектепте норма сыныптарымен қатар жеке пәндерді тереңдетіп оқыту 21 сынып және 20 гимназиялық сынып бар. Оқушыларды бағдар бойынша алдын ала дайындау мақсатымен 5 – 9 сыныптарда элективті курстар енгізілген. 10 – 11 сыныптарда оқыту жаратылыстану-математикалық бағытта жүргізіледі. Мұғалімдер элективті және қолданбалы курс бағдарламаларын өңдеп, іске асыруда. Бағдарламаларға реценезияларын Инновациялық орталықтың әдіскерлері, ПМПИ, ПМУ, ИнЕУ-дің педагогикалық ғылым кандидаттары мен профессорлары жазған. Мектеп жылдар өткен сайын саналы ұрпаққа сапалы білім беруде даму, алға ұмтылу бағытында қызмет атқарып келеді. Бүгінде халықаралық, республикалық, облыстық олимпиадалар, интеллектуалды сайыстармен қатар спорттық және өнер сайыстарынан жүлделі орындарды бағындырып жүрген жан-жақты шәкірттеріміз мектеп мақтанышына айналды.