Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасының Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туында  алтын күн астында қалықтаған қыран бүркіт бейнеленген. Сол жағында ұлттық ою-өрнек бейнеленген. Түсі алтын және көгілдір түсті. Тудың көлемі –ені 1 метр, ұзындығы  2 метр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының көгілдір түсі тек қана бірлікті меңземейді, ол бейбіт аспанның белгісі, ол әрқашанда бейбітшілік, тұрақтылық, жақсылықтың нышаны.

Геральдика  тілінде көгілдір түс және оның реңктері адамның адалдық, сенімділік, үміт сияқты адамгершілік қасиеттерін білдіреді. Алтын күн-тыныштық пен байлықты, ал дала бүркіті –жомарттық, қырағылықты және қазақстандықтардың арман-қиялының биіктігін білдіреді.

 Мемлекеттік тудың авторы  Шәкен Ниязбеков.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уыктар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.

 

Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар - мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар - болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.

 

Елтаңбаның жоғарысында бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ

 

Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді

.