Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
PISA

Білім алушылардың жетістігін халықаралық бағалау бағдарламасы

«Әлемде енді ешкім Сіздің не білетініңізге ақы төлемейді - Google бәрін біледі – енді сіз

білетініңізді қалай қолданатыныңызға байланысты»

Білім және дағды жөніндегі директорат директоры, Андрэас Шлейхер

PISA - 15-жастағы білім алушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы деңгейлерін бағалайтын халықаралық зерттеу.

Жобаның үйлестірушісі Экономикалық Ынтымақтастық және Даму ұйымы (ЭЫДҰ) болып табылады. Зерттеу білім беру саласындағы жетекші халықаралық ұйымдардың қатысуымен Консорциум арқылы іске асырылады.

PISA-2000 бірінші кезеңіне 43 ел қатысты, оның ішінде 34 ел ЭЫДҰ-ның мүшесі. PISA-2015 кезеңіне 71 елқатысты. 2018 жылы зерттеуге тағы да 11 елдің қосылуы жоспарланып отыр.  

Зерттеу мақсаты: білім алушылардың қоғамда толыққанды қызмет атқарулары үшін алған жалпыға міндетті білімдері мен ептіліктерін қаншалықты меңгергенін бағалау (функционалдық сауаттылық).

Сонымен қатар, білім алушылардың оқу жетістіктеріне әсер ететін әртүрлі факторларды қарастырады. Бұл - әлеуметтік-экономикалық аспектілері, білім беру ұйымдары мен жасөспірімдердің мектептен тыс білім алу мүмкіндіктерінің сипаттамалары.

PISA жобасы әртүрлі білім беру жүйесін салыстыруға және ұлттық білім беру стратегияларын әзірлеуде ЭЫДҰ жетекші елдерінің тәжірибелерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Зерттеу үш жылдық кезеңмен өткізіледі. Әрбір кезеңде басым бір бағыты анықталады.

Оқу сауаттылығы

2000, 2009, 2018

Математикалық сауаттылық

2003, 2012

Жаратылыстану сауаттылығы

2006, 2015

Қазақстанның PISAға қатысуы

Қазақстан 2009 жылдан бастап қатысып келеді.

 

РISА - 2009

РISА - 2012

РISА - 2015

Барлық білім беру ұйымы

200

218

232

Оның ішінде (типі бойынша)

Мектептер

184

200

205

Колледждер

16

18

27

Барлық білім алушылар

5 590

5 808

7 843

Олардың ішінен:

қазақ тілінде оқытылатын

3 194

3 522

4 806

орыс тілінде оқытылатын

2 396

2 286

3 037

Қазақстандық 15-жастағы білім алушылар PISA-2012 қорытындысы бойынша ұпайларының айтарлықтай артқанын көрсетті: математика (+27), жаратылыстану (+25), (халықаралық 1000 ұпайлық шәкілге сәйкес 432 және 425 ұпай). Ал, оқу сауаттылығы жетістігінің көрсеткіші небәрі 3 ұпайға ғана көтерілген (393 ұпай).

2016 жылғы желтоқсанда ЭЫДҰ ресми түрде PISA-2015 нәтижелерін жариялайды.

PISA зерттеуінің келешегі

Зерттеуді өткізу технологиясы жетілдірілуде. PISA-2015 кезеңіне қатысушы 71 елдің 57-сі компьютерлік форматты таңдап, білім алушыларының IT-дағдылары негізінде математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы деңгейлерін анықтауға мүмкіндік алды. ЭЫДҰ келешекте жаңа төртінші «Ғаламдық құзыреттер» бағытын енгізу мүмкіндіктерін жоспарлап отыр. Тест 15-жастағы білім алушылардың креативтілігін, сыни ойлауын, көшбасшылық және алдын ала жобаланған стандарттарға сәйкес келмейтін жағдайларға бейімделуін бағалайды.

Толығырақ оқыңыздар:

«PISA-2015 халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері» Ұлттық есебі

- PISA-2018/компьютерлік формат Халықаралық зерттеуі құралдары

«PISA 2009 нәтижелері» Халықаралық есебі (ЭЫДҰ);

«PISA 2012 нәтижелері» Халықаралық есебі (ЭЫДҰ);

Национальный отчет по итогам международного исследования PISA-2009 в Казахстане;

Национальный отчет «Основные результаты международного исследования PISA-2012»;

PISA Халықаралық зерттеуі. Әдістемелік құрал.